Өлең, жыр, ақындар

Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін"

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
«Саумалкөл № 1 орта мектебі» КММ-сі
Оқытуы орыс тілді мектеп

Ашық сабақ

«Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»» 5 «Б» сынып

Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова Г.С

Сабақ тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Мақсаты:

Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын  жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің  мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.

Дамытушылық: Түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру. Ақын шығармашылығына қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Ақынның өлеңдерін өнеге ете отырып, оқушыларды айбаттылыққа, қайсарлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу. Ұлтжандылыққа, елін, жерін, отанын сүюге, құрметтеуге баулу. Еңбексүйгіш, адами қасиеттерін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Слайдтар, портрет

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдістері: СТО стратегиялары, «Миға шабуыл», «INSERT», «БББ», «Автор орындығы»

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты арттыру кезеңі:  Сәлеметсіңдерме!

Психологиялық ахуал: (Оқушыларды шаттық алаңына шақыру)

Көкте-Күнмін, көпке нұрым шашамын,

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.

(оқушылар тілек білдіреді)

Оқушыларды топқа бөлу: сурет арқылы топқа бөлінеді.

  1. топ «Ақындар» 
  2. топ «Жазушылар»

Оқушылар орындарына отырған соң бағалау парағын таратып беру.

ІІ. Мағынаны тану сатысы

  1. «Кері байланыс» стратегиясы:

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.

1.Міржақып Дулатұлы қашан туды?  

- Міржақып Дулатұлы 1885 жылы туды.

2.Ақын қандай білім алған?

-Ауыл мектебіне оқып, сауат ашқан.

-Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған.

3.Ақынның ең алғаш өлеңі қалай аталады?

-«Жастарға!»

4. «Оян қазақ!» атты өлеңдер жинағы қашан басылды?

- 1909 жылы басылды.

5.Өз өлеңдерінде ақын қандай болуға шақырған?

-Білімді, мәдениетті болуға шақырған.

6. Міржақып Дулатұлынан басқа тағы қандай ақын жазушыларды білесіңдер?

Абай, Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев. Осы ақындардың ішінде қай ақын жерлесіміз деп ойлайсындар?

-Дұрыс айтасыңдар Мағжан Жұмабаев біздің жерлесіміз.

-Яғни бүгін сабақта біз кім жайында айтамыз?

-Мағжан Жұмабаев.

-Біз бүгін ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен танысамыз. (Сабақ мақсатын оқушылар шығарады)

-Сендер ақын Мағжан Жұмабаев туралы не білгілерің келеді, мүмкін бір білетіндерін бар шығар соңы мына БББ кестесіне толтырып жазыңдар

 

2.«Білемін, білдім, білгім келеді» стратегиясы.

 

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тақырып бойынша бірінші, екінші бағандарды толтырады

 

3.Лексикалық минимум, аудио тыңдалым

Дәулетті- зажиточный

Сауат ашу-учиться грамоте

Қамқорлық-забота

Жинақ-сборник

Жалған айып-ложное обвинение

Тыс қалған жоқ-не остался без внимания

Қуғын-сүргін- репрессия; притеснение; изгнание

Халық жауы-враг народа

«Ақындар» тобы дәулетті сөзіне сөз тіркесін құрайды, аударады.

«Жазушылар» тобы қамқорлық сөзіне сөз тіркесін құрайды, аударады.

 

4. Мағжан Жұмабаевтың деректі фильмін көрсету.

 

5.Оқулықпен жұмыс.  Оқулықтағы 121 беттегі ақын өмірін өз беттерінше оқып шығыңдар.

 

«Түртіп алу (INSERT)» стратегиясы.

  Түртіп алудың шартты белгілерін түсіндіру:

«V» - білемін

«- »     - егер сіздің білетініңізге қазіргі білгеніңіз сәйкес келмесе.

« +» -  1 рет естіген жаңа ақпарат болса

«?» -   таңғалсаңыз, күдік пайда болса.

 Мәтінге белгілер түсіру.

 

6. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін сүйіп оқитын, ақын өлеңдерін насихаттап жүретін 7 б сынып оқушысы  Баймолдин Диасты ортаға шақырамыз. Мағжан Жұмабаевтың әйгілі өлеңі «Мен жастарға сенемін»

7. Оқылым. Оқулықпен жұмыс.

Оқушылармен оқып, талдайды.

III.Рефлексия

1.«Автор орындығы» стратегиясы.   Екі топ бір-біріне үш сұрақтан дайындап, Әр топтағы оқушылар автор орындығындағы балаға туындаған сұрақтарын қояды.

2. «БББ» кестесін толтыру.

ІV. Бағалау кезеңі (Бағалау кестесі арқылы)

Бағалау парағы

Оқушының аты- жөні

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Мұғалімнің бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Үйге тапсырма: «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқу, өздеріңе ұнаған жолдарын жаттап алыңдар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз