«№121 жалпы орта мектебі» КММ-нің
технология пәні мұғалімі Сабденова Гульнур Шукирбаевна
Сабақтың тақырыбы: Дизайн өнері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың құралдарымен тиімді әдістерімен таныстыру.
2. Сурет салу барысында іс–әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруға үйрету.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі салуға үйрету.
Сабақтың әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ–жауап, жұптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызба, қима суреттер, А3 форматындағы парақтар, пойыздың суреті.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық суреттердің айырмасын табыңдар. Сурет шығару қима суреттер
Ал енді топ болып жайғасып отырыңдар. Өткен сабақта немен танысып едік? Дұрыс, сендер ұлттық киімдердің түрімен, және дизайнның шығу тарихымен таныстыңдар. Ендеше өткен сабақты есімізге түсіріп, алған білімдерімізді тексеріп алайық.
-- Білімдеріңді тексеру үшін мен сендерге үш топқа тапсырма дайындадым. Әр топтан 1 оқушы келіп, тапсырма алсын. (Оқушылар парақтарды алып, берілген тапсырманы оқиды).
1 – топтың тапсырмасы. Сөзжұмбақ шешу. Шығару
1. Пішін деген не?
2. Майда пластика дегеніміз не?
3. Көлем дегеніміз не?
4. Гобелен дегеніміз не?
5. Сәндік қолданбалы өнер деген не?
6. Киізді қалай жасайды?
2-топтың тапсырмасы. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтыру. Шығару.
1. Акварель – суда еритін,мөлдір бояулар және осы бояумен ------- шығармалар. 2. Гуашь бояулары ---- еритін қоймалжың бояулар.
3. -------- - жансыз заттарды бейнелеу өнері. 4. Пейзаж – табиғатты --- -- өнері. 5. Портрет- ------бейнелеу. 6. Мүсін ------ - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін шығармалары көлемді болады.
3-топтың тапсырмасы. Мақал–мәтелдерді толықтыру. Шығару
1 ------------- сөздің мәйегі. 2. Ән---------- ажары. 3. Отан оттан да-------
4. ------ тас жарады, тас жармаса бас жарады. 5. Оқу ------ мен құдық қазғандай. 6. Еңбек етсең ерінбей,------ қарның тіленбей.
Өткен сабақты қайталап, білімдеріңді тексердік. Сендердің жауаптарың жақсы болды, бірақ бұл өткен тақырыпқа байланысты болғандықтан мен сендерді смайликпен бағалаймын.
ІІ Жаңа сабақ.
Оқушылар бүгін сабағымыздың тақырыбы да осы дизайнге байланысты. Ал бүгінгі 21 ғасырға қадам басқан жаңа тұрмыстық жағдайға байланысты дизайн өнеріне жаңа қырынан келу мәселесі қарастырылады. Әлемдік мәдениет қатарына қосылу үшін дизайнді жаңа тұрғыдан қарастыру көзделіп жатыр. Дизайн өңдірістік, графикалық, автомобильдік, жиьаздық, компьютерлік т.б болып бірнеше түрге бөлінеді.
Республикамызда дизайн өнеріне айырықша мән беруде. Өйткені ол өңдірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді.Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады. Ендеше әр топтан 1 оқушы шығып ресус парақтарын таңдап аласыңдар. ( Оқушылар ортаға шығып,постер алып,тапсырмаларды оқиды).
2. Постер жасау.
1. Ұлттық киімдерді қорғау. Шығару
2. Табиғат. Көктем мезгіліне байланысты қорғау. Шығару
3. Қазақтың ұлттық тағамдарын қорғау. Шығару
Сергіту сәті.
Шеңбер бойындағы сандарды рет–ретімен қойғанда пайдалынатын заттардың аты шығады.
Сарамандық жұмыс: Ендеше біз жұмыс істеу үшін қандай да бір заттың дизайнның өзіміз ойлап табамыз.1-топ түймемен, 2- топ түрлі түсті қағазбен, 3 – топ пласмас гүлдермен жұмыс жасау. Олардың қандай дизайн түрлеріне жататындығын айтып қорғау.
Енді сендерге келесі тапсырма беріледі. Мына қима суреттерді пайдалана отырып құрастырып пойыз вагондарына рет-ретімен орналастыру керексіңдер. Жұмысты орындап болған соң екі топ ортаға шығып тізбектерді тексереді.
Сабақты бекіту. Көктемге көшеттерді дайындау.
1. Дизайн дегеніміз не?
2. Дизайн өнері жайлы не білесің?
3. Дизайн өнері нешінші жылы пайда болған?
4. Дизайн ең алғаш түрі кай жылы, кай қалада пайда болған?
5. Қазақтың қандай заттары осы дизайн өнерімен жасалған деп ойлайсын?
6. Өзің ұнататын дизайн өнерін ата?
7. Қазіргі заман талабына сай қандай дизайн түрін білесің ата?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Фитодизайн жасап келу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі