Дюсенбекова Айткул Тапеловна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Мақсаты:
Білімділік: Дыбыстық құрылымы әр түрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру. Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Әріптерді танып білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ойын - ойнау арқылы сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелілік: Балалардың білімдерін жетілдіру және қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, ребус, DVD, экран.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, айту, көрсету, жасату, сұрақ - жауап.
Биллингвалды компонент: Сәлеметсіздерме! Здравствуйте!, сөз-речь, сөйлем- предложение.
Сәлемдесу
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы
Сәлем - сөздің анасы
Орнымыздан тұрайық
Сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Гуд монинг!
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз қандаймыз
Күліп шыққан таңдаймыз
Біз қандаймыз қандаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз.
Біз бір құшақ гүлдейміз.
Таңғы тілектер.
Ал енді, жүректен шыққан жылы тілектерді келген қонақтарға сыйлайық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті. Ендеше келген қонақтарға өзіміздің білімімізді көрсетеміз бе?
Тәрбиеші: Қай ертегі деп ойлайсыңдар? Ендеше «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік.
(Балалар ертегінің мазмұнын өзгеріспен еске түсіреді.Ертегіде бауырсаққа жолыққан кейіпкерлердің тапсырмалары болады, соны орындаса бауырсақты босатып жібереті айтылған)
1.СЛАЙД
ҚОЯН ТАПСЫРМАСЫ
Бауырсаққа көмектесу үшін Қоянның тапсырмасын орындауға балалар біз көмектесейік.
а) Сұрақ - жауап
- Ал қазір жылдың қай мезгілі? - (көктем мезгілі)
- Көктемде неше ай бар? (көктемде үш ай бар)
- Қазір көктемнің нешінші және қайсы айы? (Екінші, Сәуір айы)
- Бүгін сәуір айының нешінші күні? (бүгін сәуір айының 20 күн)
- Ал аптаның қайсы күні? (аптаның бейсенбі күні)
- Сәрсенбі аптаның нешінші күні? (аптаның 3 күні)
ә) Жұмбақпен жұмыс
- Ал енді, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
- Естілмеген құлаққа, естілмейді бірақ та ол не? (бұл дыбыс)
- Дыбыс деп нені айтамыз?(дыбыс деп әріптердің жуан және жіңішке айтылуын дыбыс дейміз)
б) Келіңдер балалар дыбыстарға толық түсінік кіргізіп алайық?
Тақтаны тақылдатып ұрып балалар, сендер не естідіңдер? (дыбыс естідік)
- Ненің дыбысын есітдіңдер?(тақтаның)
в) DVD - дан дыбыстар қою
- Ал енді дыбыстар нешеге бөлінеді (дыбыстар 2 ге бөлінеді)
- Қандай қандай болып? (дауысты және дауыссыз)
- Дауысты дыбыстар қандай түспен белгілейміз? (дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз, дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз)
- Қазақ алфавиті неше әріптен құралған? (40 әріп, 2 таңба)
- Сөздер қалай құралады? (сөздер дыбыстардың әріптердің бірігуінен құралады)
- Ал сөйлемдер қалай құралады? (сөйлемдер сөздердің бірігуінен құралады)
- Ал әріп дегеніміз не? (әріп дегеніміз дыбыстардың таңбалануы).
Тәрбиеші: балалар қоянның осындай тапсырмаларын бауырсаққа орындауға көмектесіп едік, қоян бауырсақты жібере салды. Қараңдар бауырсағымыз жол бойында әндетіп келеді. Сол сәтте алдынан қасқыр шыға келеді де жібермейді.
Қасеке мені жіберші мен саған ән салып берейін дейді сонда қасқыр айтады менің бірнеше тапсырмаларым бар соны орындасаң жібере саламын дейді.
2.СЛАЙД
ҚАСҚЫРДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ
а) Ертегі айту (тынымсыз тіл туралы)
Ауыз деген қуыста тынымсыз тіл өмір сүріпті. Ол аппақ тістерді қатарластырып қойып өзіне қорған, ал екі еріннен ашылып жабылатын есік жасап алыпты. Ауыз арқылы дыбыстар, кезек - кезек сыртқа шығып тұрады екен. Кейбір дауысы бар дыбыстар көңілді ән салып жүреді екен. Ал кейбір дыбыстар ән салуды ұнатпайтын болыпты, себебі олардың дауысы жоқ екен. Ән салмай тып - тыныш өтіп бара жатқан дыбыстарға ренжіген тынымсыз тіл оларға ылғи кедергі жасауға тырысады екен. Дауысы жоқ дыбыстарды сыртқа жібермеу үшін біресе таңдайға жабысып тұрып алып, біресе тіске тақалып алады екен, кейде еріннен жасалған есігін жауып алады екен. Ертегі сендерге ұнады ма?
ә) Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла» (сергіту сәті)
Шарты: Допты лақтырып қағып алу арқылы А,Ә, Б, т.б. дыбысынан келетін сөздерді тез айту.
б) Ребустарды шешу
• Абай (Ребустің шешуінен шыққан сөзді талдау)
Тәрбиеші: Абай Құнанбаев кім?
Балалар: Абай Құнанбаев ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің қалаушы, композитор, аудармашы.
• Отан (Ребустің шешуінен шыққан сөздерді талдау)
Тәрбиеші: Отанды қалай түсінеміз?
Балалар: Отанды, туған жерді, құдіретті еліді сүйеміз және мақтан етеміз.
Мақал-мәтелдер:
- Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
-Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.
• Қазақ (Ребустің шешуінен шыққан сөздерді талдау)
Тәрбиеші: Біздің ұлтымыз кім? Тағы қандай ұлттарды білеміз?
Балалар: Қазаз, өзбек, татар, тәжік, орыс т.б.
Тақпақ:
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.
• Балабақша
Тәрбиеші: балабақшамыз қалай аталады? Тобымыздың аты қалай? Балабақша мекен-жәйін атаңдар.
Балалар: №5 «Нұрбөбек», «Құлыншақ», Шаталюк көшесі -40 үй.
Тақпақ:
Балабақшам базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Тәрбиеші: балалар бауырсаққа қасқырдың тапсырмасын орындауға көмектестік, ал бауырсағымыз жолға түсіп алып зырылдап барады. Осы сәтте алдынан аю кездесе қалады. Аюда оны жібермей олда тапсырма береді, уайымдаған бауырсақ бізден көмек күтіп тұр. Балалар бауырсаққа көмек береміз бе?
Балалар: әрине көмектесеміз.
3.СЛАЙД
АЮДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ
а) «Буынға буын қос» ойыны
Буын ұйқас: буындарды орналастырып, сөздер құрастырады.
Ақ - ақ - ақ
Сарғайды күзгі жапырақ.
Са - са - са
Ызыңдайды маса.
Із - із - із
Бақшадағы сәбіз.
Ой - ой - ой
Қорада тұр қой.
Ай - ай - ай
Ұшып кетті торғай.
Кер - кер – кер
Тоқтар аға ғарышкер.
ә) Сергіту сәті.
Кубизм әдісі арқылы балаларды ортаға жинап, әріпті кубикті лақтыру арқылы кім қағып алса сол бала, қолындағы кубиктің бетінде қай әріп соған сөз құрап айту керек.
б) Дыбыстық талдау
Балық (5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын)
Б-дауыссыз, ұяң дыбыс
А-дауысты, жуан дыбыс
Л- дауыссыз, үнді дыбыс
Ы- дауысты, жуан дыбыс
Қ-дауыссыз, қатаң дыбыс.
Қант (4 дыбыс, 4 әріп, 1 буын)
Қ-дауыссыз,қатаң дыбыс
А- дауысты,жуан дыбыс
Н- дауыссыз, қатаң дыбыс
Т- дауыссыз, қатаң дыбыс.
Сүт (3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын)
С-дауыссыз, қатаң дыбыс
Ү-дауысты,жіңішке дыбыс
Т-дауыссыз, қатаң дыбыс.
Тәрбиеші: балалар бауырсаққа аюдың тапсырмасын орындауға көмектестік, ал бауырсағымыз әрі қарай жолға түсіп алып зырылдап барады. Осы сәтте алдынан қу түлкі кездесе қалады. Түлкі оны жегісі келеді. Бауырсақ мені жібере көрші мен атай мен әжейге жетуім керек дейді. Олай болса бауырсақжан сен сондай дәмдісің мен саған өте қиын тапсырма мына хатта беремін соны орындасаң сені жіберейін атаң мен әжеңе дейді. Жарайды орындап көрейін деп бізге қарап тұр. Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар: әрине көмектесеміз.
4.СЛАЙД
ТҮЛКІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ
Мәтін
Достық.
Қорқақ қоян келді секіріп ортаға. Жыртқыш қасқыр олда келді осында. Қорбаңдаған аю келеді әнекей. Қутыңдаған түлкі жетті мінекей. Барлығы да бауырсақты жақсы көреді. Аңдар бауырсаққа қол жеткізу үшін тапсырма берді. Тапсырманы орындауға «Құлыншақ» тобының балалары көмектесті. Балалардың көмегімен бауырсақ аңдардың досы болды.
Тәрбиеші: балалар сендердің бауырсаққа көмектесулеріңнің арқасында бауырсақ аңдармен достасты. Бауырсақ жаңа достарын әжей мен атайға қонаққа ертіп барды. Балалар көмектесу мен достасудың арқасында бауырсаққа көмек бердік.
Бауырсақ ертегісінің басты кейіпкер бауырсаққа балалардың қамқорлығының арқасында барлық қауіпті жеңіп шықты. Риза болған бауырсақ балалар сендерге рахмет айтуда.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі іс-әрекетіміз қай ертегінің желісімен құрылды?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі бойынша
Тәрбиеші: аңдар бауырсаққа қандай тапсырмалар берді?
Балалар: сөз, сөйлем деген не екенін, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатындығы туралы, буынға буын қосу, дыбыстық талдаулар және мәтін оқу тапсырмалары болды.
Тәрбиеші: балалар бүгінгі қамқорлықпен өткен іс-әрекетке ризасыңдар ма?
Балалар: ризамыз.
Тәрбиеші: олай болса балалар, орнымыздан тұрып «Ризамыз!» өлеңін айтып іс-әрекетімізді аяқтайық.
«Ризамыз!» өлеңі (хормен)
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз кәзірге.
Риза болып қонақтар сіздерге,
Қамқорлық сезімін сыйлаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі