Өлең, жыр, ақындар

Пышақты станок, темір ара, тұрба кескішпен, қайшымен кесу жұмыстарына дайындық және оны орындау

Тақырыпша: Пышақты станок, темір ара, тұрба кескішпен, қайшымен кесу жұмыстарына дайындық және оны орындау.

Сабақтың өту мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға ақпараттық құрылғыларды пайдалана отырып, пышақты станок, темір ара, тұрба кескішпен, қайшымен кесу жұмыстарына дайындық кезіндегі құрылысымен, атқаратын қызметін, қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Білім алушылардың жан–жақты ойлау қабілетін жаңа сабақты жаңа қырынан тани білу дағдыларын дамыту.

Дамытушылық: Студенттердің ойлау жылдамдығын дамыту

Сабақтың көрнекілігі:Слайд суреттері, техника қауіпсіздік ережелерінің плакаттары

Сабақ өткізудің әдісі: Жаңа тақырыпты меңгеру, аралас сабақ

Жұмыс орны: Жөндеуші цехы

Пәнаралық және ішкі пән аралық байланыс: материалтану, сызу.

Сабақта қолданылатын құрал–жабдықтар: Темір кесетін ара, тұрба кескіш, темір қайшы өлшегіш құрал-саймандар.

Сабақтың жүру барысы:

І.  Кіріспе нұсқаулығы(830 - 915) - /45 мин/

Ұйымдастыру сәті: /3 мин/ 

1. Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру және сабаққа дайындалуын бақылау                   

2. Сабақты өткізу тәртібі мен жүрісін түсіндіру кезеңі, кезекшілерді белгілеу

3. Жұмыс орыны бойынша орналастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау – /10 мин/

Студенттерден өткен: «Металдарды кесу, түзету және шабу» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтарына жалпы шолу

1. Металдарды кесу, пластинкаларды түзету және шабу қалай жүзеге асырылады?

2. Майысқан металдарды түзету?

3. Қайшымен кесу тәсілдері.

3. Жаңа сабақты түсіндіру: (25 минут)

Сабақ жоспары:

1. Пышақты станок, темір ара, тұрба кескішпен кесу жұмыстары және оны орындау жөнінде түсінік беру.

2. Тұрба кескішпен жұмыс жасау.

3. Металдарды қайшымен кесу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері.

4. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары: (5 минут)

1. Металдарды кесуге дайындау әдістері қандай?

2. Металдарды кесуге қажетті құрал–жабдықтар түрлері?

3. Металдарды кесу кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталады?

 5. Бағалау – /2 мин/

ІІ. Ағымдағы нұсқау – /180 мин/

2-ші - 45 мин (920 - 1005)

1. Студенттерге жаңа тақырып бойынша, жұмысты жүргізбестен бұрын, қажетті материалдарды дайындап алып, оларды біршама оңтайлы пішінге келтіріп, содан кейін темір ара, тұрба кескішпен, қайшымен кесу жұмыстары кезіндегі негізгі ерекшеліктерімен таныстыру, оларды тәжірибе жүзінде көрсету.  

Ø 20 мм трубаны ұзындығы L=100 мм-ден тұрба кескішпен кесу.

Қалыңдығы Н= 4 мм пластинканы темір арамен L=100 ден кесу.

Қалыңдығы Н= 0,5 мм оцинковый листіні 400х400 мм өлшемді қайшымен кесу.  

Бақылау:

А) жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы;

Б) құрал-саймандарды дұрыс қолдануы;

В) жұмыс технологиясының ретімен орындалуы,

Г) еңбек қауіпсіздігінің сақталуы;

Д) әрбір студенттердің жіберген қателіктерін көрсетіп, қатені жою жолдарын үйрету.

3-ші - 45 мин (1010 – 1055)

Студенттер техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, берілген тапсырма бойынша материалдарды дайындап, пышақты станок, темір ара, тұрба кескішпен, қайшымен кесу жұмыстарын орындайды. 

4-ші – 45 мин (1100 – 1145)

Студенттердің берілген жұмыстарын орындау кезінде, жасалу сапасын қадағалау, бітірген студенттерге екінші жұмыс беру.

5-ші – 45 мин (1155 - 1240)

Студенттерге берілген тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтау үшін, жұмыстарын орындап жатқан студенттердің қатарын аралап, жұмыстың орындалу барысын бақылау, жіберілген қателіктері байқалса, оларды қайта көрсету арқылы түсіндіру.

6 – ші сабақ: (1250 – 1335)

ІІІ. Қорытынды нұсқау: /5 мин/.

Студенттерге жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін аңықтау мақсатында бекіту сұрақтары қойылады.

1. Бағалау (ағымдағы нұсқауға қорытындысы бойынша)

2. Үйге тапсырма беру. « Пышақты станок, темір ара, тұрба кескішпен, қайшымен кесу жұмыстарына  дайындық және оны орындау » тақырыпшаларын қайталау.

Н. И. Макиенко, «Слесарное дело с основами материаловедения»

Москва,  «Высшая школа» 1976 год, стр 70, §20

Еңбек тәртібін, өзіндік ұстанымын, жұмыс орнын жинастыруды ұйымдастыру.

Металдарды кесу түсінігі.

Металдарды кесу - дегеніміз металдарды бөлшектеу. Бұйымның пішініне және өлшеміне қарай кесуді қолмен – қайшылармен, рычагті қайшылармен немесе механикалық тәсілмен – механикалық ножовкалармен, дискілі аралармен жүзеге асырылады. Тұрбаларды қолмен қол ножовкасымен және тұрбакескішпен, ал механикалық тәсілмен – арнайы тұрба кесу станоктарында. Қайшымен кесу процесінің негізі кесуші пышақтардың әсерімен металдарды бөлшектеу. Кесілетін бетшені төменгі және жоғарғы пышақтар арасына орнатады. Қысыммен басқан кезде металл кесіледі. Қайшы пышақтарын У7, У8 маркалы болаттан, жасалып жүзі HRC 52 – 58 мықтылығына дейін қыздырып қатайтылып, үшкірленген болады.

Қол қайшыларын қалындығы 0,5 – 1,0 мм болат бетшелерін және қалындығы 1,5 мм түрлі – түсті металдарды бетшелерін кесуге арналған. Қайшыны оң қолға төрт саусақпен  жұдырыққа қыса ұстайды, кішкене саусақты қайшы ұстатқыштары арасына орнатады (а)

http://bilim-all.kz/uploads/images/2017/01/12/original/bc3de97aff15a338b116674d0f6b75b1.png

Қайшымен кесу тәсілдері

а – қайшымен кескен кезде саусақтардың дұрыс орналасуы; б – оң қолмен; в  – ішкі қисық контурды кесу

Қысылған саусақтарды ашып, кішкене саусақты түзетіп, төменгі пышақты күшпен қажетті бұрышқа түсіреді. Бетшені сол қолмен (б) ұстап тұрып, кесетін пышақтардың арасына орналастырып, жоғарғы пышақты белгіленген сызықтың ортасына орнатады. Содан сон рукоятканы оң қол саусақтарымен қысып, кеседі.

Оң жақ қолды қайшыларымен сағат тілі бағытымен (б), сол жақ қолды қайшыларымен – сағат тіліне қарсы бағытымен (в). Бетшелі металдарды түзу сызық бойымен және қисық  (домалақтан және овалды) жұлқымай оң жақ қолды қайшыларымен кеседі.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2017/01/12/original/af6516f7a4b43cd0b336ec32c62c4059.png

Қайшы түрлері

а – отырғышты (стуловые), б – тискіге қысылған

Отырғышты қайшылар (а) қол қайшыларынан үлкен көлемімен ерекшеленіп, қалындығы  2 мм – ге дейінгі бетшелі металдарды кесу үшін қолданылады. Төменгі рукояткасы тискіге немесе стол бетіне мықтап бекітіледі. Отырғышты қайшылардың өнімділігі ыңғайсыздығына байланысты төмен, сондықтан көбінесе қолданылмайды. Жұқалау қалындықты бетшелі металдарды түзу сызық бойымен кесу үшін бір ұстатқышын тисікге (б) қысып қойылатын қайшыларын қолдануға болады.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2017/01/12/original/4c2668ff9f43a71daced187941f93482.png

Пружиналы қайшы

1 – рукоятка, 2 – екі шарнирлі звено, 3 – винт, 4 – пышақ, 5 – тесіктері бар диск, 6 – бірінші рычаг, 7 – шарнир, 8 – рукоятка

А. Н. Васильев деген новатор қалындығы 2,5 мм – ге дейін қалындықтағы бетшелі металдың, диаметрі 8 мм – ге дейінгі болттар, катынка сымдарын кесуге арналған қайшысын ойлап шығарған. Бұл қайшыларының габариттері кәдімгі қол қайшыларының габариттерінен үлкен емес.               

Кесу кезінде рукоятканы (1) тискіге қысып, жұмысшы рукоятканы (8) іске келтіреді. Жұмысшы рукоятка дегеніміз екі тізбектеле жалғанған рычагтар жүйесі. Иығында пышақ (4) орнатылған бірінші рычаг (6) винт (3) көмегімен рукояткамен (1) жалғанған. Кәдімгі қайшыларында рукоятка болып есептелетін қысқартылып жасалған рычагтың (6) екінші иығы шарнирмен (7) аяқталады. Рукоятка (8) екі шарнирлі звено (2) көмегімен рукояткасымен (1) жалғанған. Бұл рычагтар жүйесі кесу опрециясын екі есе жеңілдетеді. Қайшының пышақтары ауыстырылады, қосымшасы жасырын заклепкаларымен рычагтарға бекітілген.

Қауіпсіздік ережелері

Қол арасымен жұмыс жасаған кезде келесі ережелермен жүру керек: жұмыс жасаған кезде пышақ тілікшесі түгелдей қолданылу керек; қол арасымен асықпай, жәймен, жұлқымай, минутына 30-60 қос жүріс жасалу керек. тез кескен кезде адам тез шаршайды, пышақ тілікшесі тез қызып кетеді; кесу процессі аяқтауға жақындаған кезде пышақ үстіне басуды азайту керек, себебі пышақ тілікшесі ұясынан атып шығып, зақым әкелуі мүмкін; кесу кезінде пышақ тілікшесін қыздырмау керек. үйкеленуді азайту мақсатында пышақ тілікшесіне минералды май немесе графитті май жағып тұру керек; жезді (латунь) және қоланы (бронза) кесу үшін жаңа пышақ тілікшелері пайдалану керек, себебі пайдалануда болған тістер кеспейді, тек зырғанап тұрады; пышақ тілікшесінің қабырғасындағы тістерінің біреуі болса да сыңған кезде жұмысты дереу тоқтатып, жаңасыңа ауыстыру керек.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз