Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
«Айгүл» балабақшасы
тәрбиеші: Нугыманова Орынбасар Сайлауовна
Білім саласы: Таным.
Оқу қызмет: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Емдік өсімдіктер.
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың өсімдіктермен және емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру. Өсімдіктердің әр қайсысын дұрыс атауға оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: Емдік шөптің шипалы қасиеттері жайлы түсініктерін кеңейту. Көркем сөз қолдану арқылы сөздік қорларын молайту. Өсімдіктерге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелілігі: Балалардың қоршаған ортаны өсімдіктерді қорғап оларды аялауға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа және жасаған жұмыстарына тиянақты болуға баулу. Өсімдіктен тұңбалар жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Емдік шөптер, дәріхана.
Әдіс тәсілдері: Слайд, ойын, сөз жұмбақ шешу, тұңба жасау.
Полингивизм компоненті: Түймедақ - Ромашка, Жолжелке - Подорожник, Бақ- Бақ- Одуванчик.
Инклюзивті әлеумет: Өте ширақ бала - Ожас, Ералы. Өте баяу бала - Аңсар, Айбар.
Қызмет түрлері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мативациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері. Балалар шеңберге тұрып бір- біріне гүл сыйлап тілектер айтуды өтінеді.
Соңында жиналған гүлді құмыраға салып қояды. |
Балалар шеңберге тұрып бір- біріне гүл сыйлап тілектерін айтады. - Денің сау болсын. |
Іздену ұйымдастыру
Сергіту сәті. |
Балалар міне біз әдемі гүл шоғын жинадық. Гүлді тағы қалай айтуға болады? Өсімдік дегенде тағы нені көз алдарына елестетесіндер? Бүгін біз осы өсімдіктер, оның ішінде емдік өсімдіктер туралы әңгімелейміз. Ол үшін біз дәріханаға саяхатқа бармыз. Саяхатқа немен шығамыз? Слайд. Балаларды дәріханашы күтіп алады. Бала: Дәріханашы апай біз дәріханаға саяхатқа келдік. Біздің емдік өсімдіктерден жасалған дәрілермен танысқымыз келеді. Дәріханашы: Міне мынау емдік дәрілер, инелер. Бұл дәрілерді дәрігердің нұсқауымен қолданады. Ал мынау емдік өсімдіктерден жасалған дәрілер. Дәрілермен таныстырады. Бұл өсімдіктерді жинап алып арнайы орындарда өндеп тазалап мынадай қорапқа салып дәріханаға әкеледі. Сендер қандай емдік өсімдіктерді білесіндер? Тәрбиеші слайд арқылы емдік шөптермен таныстырады. Түймедақ - 1 жылдық шөптесі өсімдік. Жапырағы кезектесіп орналасқан және жіңішке. Күлтелері ақ сопақша. Отасында сары түтікшелері бар. Суық тигенге тұмауғ пайдалы. Бақ- бақ - көп жылды көктем гүлі. Сабағын сындырсан сүт тамшылары шығады. Жапырақтары тү жағына орналасқан. Асқазан, ішек жұмыстарына көмектеседі. Жолжелкен - Шөптесін өсімдік. Таулы аймақтарда өседі. Жапырағы тамыр түбінен шығады. Қанат тәрізді тілімделген. Жүйке және бүйрек ауруларына, ішек жолдарына пайдалы. Жалбыз - бұта тәріздес сұрғұлт жасыл өсімдік. Сабағы 4 қырлы, жапырағы мен бұтақтары көп. Гүлдері көк, күлгін түсті. Жемісі шар тәрізді 4 жаңғақ. Өт жолдарына, қабынуға пайдалы. Алоэ - ол бөлме өсімдігі. Оның жапырағы жіңішке қырлы болады. Жапырағында кішкене тікенектері бар. Оны күйік шалғанда, ірінді жараға, суыққа пайдасы мол. Тәр: Балалар дәріханашы апайда сөз жұмбақ бар екен. Біз апайға сөзжұмбақ шешуге көмектесейік.Сөз Жұмбақты шешкенде ортасында тігінен «Өсімдік деген сөз шығады. Сөзжұмбақ. 1. Бұл өсімдіктін жапырағы қалын, денеге тисе суық. Онымен жөтелді басуға болады. Дәріханашы: Рахмет балалар. Ырғақты әунемен қимыл қозғалыс жасауды ескертеді. Тәр: Ал балалар енді тобымызға қайтатын уақытта келді. Жолдан қоянды көреді. Тәр: Балалар қарандар мұнда қоян ауырып жатыр. Сұр қоян саған не болды? Қоян: Кеше қатты жауын жауды, Мен үйге жете алмай далада қалдым. Енді міне ауырып қалдым. Тәр: Ал балалар қоянға қалай көмектесеміз? Тәрбиеші балалармен бірге түймедақ өсімдігінен дәрі жасайды. Тәр: Дәрі дайын болғанша қоянға тақпақ айтып берейік. Қоян жазылып орынынан тұрып секіріп рахмет айтады. Қоян: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді. Тәр: Балалар онда қоянмен бірге «Өсімдіктерді боя» деген ойын ойнайық |
Өсімдік дейміз. Шөптер, гүлдер. Пойызбен шығамыз. Балалар дәріханашымен амандасады. Түймедақ. Жолжелкен. Жалбыз. Бақ-Бақ. Балалар сөзжұмбақ шешеуге келіседі.
Өгей шөп.
Адыраспан.
Тірі табиғатқа атады.
Итмұрын.
Түймедақ.
Емдік қасиеті бар.
Жолжелкен.
Балалар топқа қайтады.
Жаңа «Түймедақ»пен Бақ-Бақ шөбін суыққа пайдасы бар деді. Түймедақ өсімдігін берсек болады. Балаалр тәрбиешімен бірге дәрі тұмба жасайды.
Балалар тақпақ айтады. Қоянға дәріні береді. Берілген суреттерге геометриялық пішіндерді қояды. |
Реффлексивті түзету. |
Қоян: Ойын өте қызық болды. Сендер жана Түймедақ пен Бақ-Бақ деген шөпті пайдаландындар. Мен ол шөптін қандай екенін білмеймін. Маған көрсетіндерші. Ол қандай шөп? Тәр: Балалар онда шығармашылық ортаға барып сол шөптерді салып көрсетейік. Балалар шығармашылық ортаға бармас бұрын мына Ай мен Күн арқылыекі топқа бөлінейік. Қоян балаларға рахмет айтып шығып кетеді. - Біз қайда саяхатқа баодық? |
Балалар Ай Мен Күн суретін алып екі топқа бөлініп Түймедақ пен Бақ-Бақ өсімдігін жасайды. Қоянға ұсынады.
|
Күтілетін нәтиже.
Не білді: Емдік өсімдіктердін түрлері мен қасиеті туралы білді. Өсімдіктерден дәрілер жасау жолдары туралы білді. Сөзжұмбақтын жауабын таба білді
Не меңгерді: Өсімдіктердін адам ағзасына пайдасы туралы меңгерді. Дәріханадағы дәрілер мен өсімдіктен жасалған дәрілердің айырмашылығын меңгерді
Не істей алады. Емдік өсімдіктер туралы көркем сөз айта білді. Геометриялық пішіндерді пайдаланып өсімдік түрлерін жасай алады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі