Жандельдина Айымгүл Алматқызы
Ақтөбе қаласы №51 гимназиясы
Тақырыбы: «Салауаттылық өмір негізі»
Класс: 9 «ә»
Құндылық : Сүйіспеншілік
Қасиеттер: тазалық, сенімділік, мейірімділік
Сабақ мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір сүру арқылы жарқын болашаққа жетуге болатынын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - оқушыларды жақсы ойлап, жақсылыққа ұмтыла білуге үйрету; - оқушылардың бойында сенімділік қасиеттерін дамыту. - оқушыларды адамзатқа мейірімді бола білуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Волшебная компзиция
|
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi: 5Т 2.Тыныштық сәтi. «Күннің нұры» (5 мин) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын» Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі 3. Үй тапсырмасын тексеру. 4-сабақ 26 -беттегі Р. Пернеханқызы «Қателіктің арты өкініш» әңгімесін оқып келу. 1. Ғабит кім, ол қайдан келе жатыр ? |
|
4. Дәйексөз.
Дәйксөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту Дәптерге жазылады. |
|
5. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы Аңыз әңгіме Ертеде бір биік таудың үстінде алтын «қызғалдақ гүл» өсіп тұрады екен. Сол керемет гүлдің ортасына «адам бақыты бар» деген сөз құлақтан- құлаққа жетіп, тау басына адамдар ағылып келе бастайды, біреулер оны айламен, тағы біреулер күш-пен, тіпті сиқырлықпен ашпақшы болып қанша әуреленсе де, гүл күлтелерін ашу ешкімнің қолынан келмепті. Күндердің бір күнінде алтын қызғалдақ гүлді көрмекші болып қасына кішкентай баласын ерткен кедей әйел келеді. Байғұс әйел гүлді көргісі келгені сол, тамсанып тұрғанда ба-ласының қолынан қалай босанып кеткенін байқамай қалады. Бала қызғалдақтың жанына жүгіріп барып, сүйсіне қуанғаннан шат-тана сыңғырлап күліп жібереді. Сол кезде ғажайып құбылыс бо-лады. Баланың қуанышты күлкісін естіген гүл өзінен-өзі ашыла бастайды.Сөйтіп, анасы мен баласы үлкен бақытқа кенеліпті. 1.Тау етегінде қандай гүл өсіп тұрған еді? |
|
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Балалардың әрқайысысы өзіне ұнаған түстерін таңдау арқылы 4-топқа топтастырылады. Әр топ төмендегі берілген тақырып бойынша қысқаша көрініс көрсетеді. I топқа - «Әлем қызыққа толы , бір бөлшегі өзіңсің !» ІІ топқа – «Жаны саудың –тәні сау» ІІІ топқа - «Салауатты өмір салтын ұстанамын» IV топқа - «Спорт біздің досымыз» |
|
7. Топпен ән айту Құс жолы Ұ. Есдәулетовтікі Аспан, аспан шайдай ашық, Қайырмасы: Құс жолы шақырады арманға ұқсап, Қайырмасы: Құс жолы шақырады арманға ұқсап, |
|
8.Үй тапсырмасы. 5-сабақ. Сүйкімі дүниенің сұлулықта (Ертегі ) оқып келу, 33-ші бет Дәптермен жұмыс 2-тапсырманы орындау, 11- бет. |
|
9. Сабақтың қорытынды минуты. Жақсы ой мен сөзді жүрегімізге орнықтырайық! Әрқашанда бір-бірімізге жақсылық, қуаныш сыйлай жүрейік! Назарларыңызға көп рахмет! |
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі