Павлодар облысы, Ертіс ауданы
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Ахметжанова Гульнар Кайдаровна
Сабақтың тақырыбы: Бәрі де махаббаттан басталады!
Мақсаты:Оқушылардың сүйіспеншілік,махаббат туралы түсініктерін кеңейту;
Білімділік: Өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат, сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;
Дамытушылық: Адамды,Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Сүйіспеншілікті, махабатты бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың құралдары: Оқулық,үнтаспа, «Махаббат» ағашы, әр түрлі фигуралар, түрлі-түсті қағаздар және қарындаштар
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, пікірлесу,СТО технологиясы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады.Оқушыларға адам бойында ата-анаға деген сүйіспеншілікпен бірге Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік болатынын түсіндіре отырып, өмірдегі ең қымбатты да, ең асыл да ата-ана екеніне мән беру мақсатында «Ана туралы жыр» үнтаспадан ән тыңдату.
Әнді тыңдап болған соң оқушылар өз ата-аналарына жылы тілектерін айтады.
Мәтінмен жұмыс: «Махаббат шуағы»
Бәрінің бастауы-Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы-мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы-Махаббат!
Бәрінің бастауы-Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жек көру тілегін-
Өзіңмен бір туғандай қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегің.
Көктем кеп: «Өмір сүр»... дегенде,
Тербелдің Махаббат-кемеңде.
Керілдің көк тіреп иығың.
Махаббат нұрынан бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы-Махаббат!
Балалар, ең алдымен «махаббат» деген сөзге сипаттама берейік./ана мен бала махаббаты, достардың бір-біріне деген махаббаты,Отанға,туған жерге деген махаббат/
Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, мұғалім қорытынды жасайды.
Жаңа ақпарат: Жаңа ақпаратты оқи отырып, өз бойларындағы ата-анасына, Отанға, туған туысқандарға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін анықтайды. Әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетінін ұғынады.
Әрбір адам өзіне, ата-анасына,туған туысқандарға, туған елге,жерге, Отанға сүйіспеншілікпен қарайды.
Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.
Мейірімді, қайырымды ,сезімтал адамдар әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады.Бір –біріне жақсылық жасау арқылы адамдар махаббатқа, сүйіспеншілікке бөленеді.Махаббатты адамның көзінен іс-қимылынан тануға болады. Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Сендер шыр етіп дүние есігін ашқанда ата-анаңның қуанышында шек болмайды. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын, мейірімді махаббатын сезінесіңдер.Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып,адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді.
Дәйексөз:
«Дүниедегі ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді». Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Шығармашылық жұмыс:/10 минут уақыт беріледі/
Әр түрлі фигуралар арқылы топқа бөлу:
/«Ана» және «Әке» тобы /
Топтарға тапсырма:
1. Топты таныстыру.
2.Топтың атына байланысты мақал айту.
3.Топтың атына байланысты эссе жазу, сурет салу.
4. Топты қорғау
5.Екі жұлдыз бір тілек айту арқылы бағалау.
Пікірлесу: «Махаббат» сөзін кластер бойынша мағынасын ашу. Оқушылардың ойымен санасу. Әр оқушының сөйлеуіне мүмкіндік туғызу.
Егер адамдар өзін жақсы көрсе,біреуді жақсы көре алса және өзінің бір бөлшек екенін сезінсе, кез келген мәселенің шешімін тауып отырады.
Оқушыларға сауалнама таратылады.
1.Сендер кімге қарап үлгі аласыңдар?
2.Сен үшін дүниедегі ең қымбат адам?
3.Кіммен ашық сөйлесе аласың?
4.Қиын сәттерде кіммен ой бөлісесіңдер?
Әр оқушы өз ойларын жеткізе білді. /анаға, досыммен,ұстазыма, ана,әпкеммен, т.б./
Жаттығу: «Махаббат» ағашы.
Алдын ала жасалған үлкен махаббат ағашына әр оқушы өзіне ұнайтын адамның жағымды жақтарын жазып, ағаш бұтақтарына іледі.
Жұректен-жүрекке:
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады.
Махаббат мен үшін ол –ұлы сезім, өйткені........
Махаббат мен үшін ол- құдырет, өйткені..........
Махаббат мен үшін ол-сыйластық, өйткені........
Махаббат мен үшін ол- жақсылық, өйткені.........
Нұрай
Өте керемет