Өлең, жыр, ақындар

Күзгі баққа саяхат

Магзумова Гулшат Кенжебековна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай
балабақшасы КМҚК, тәрбиеші


Мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністер туралы білім беру, геометриялық пішіндерді қайталау, табиғатты аялауға, әсемдікті көріп, сезіне білуге тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: алма - яблоко, алмұрт - груша, қияр - огурец, қызанақ - помидор.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Күз табиғаты бейнеленген суреттер, жеміс - жидектер, көкөністер, әр түсті геометриялық денелердің макеті, ұзын - қысқа, әр түсті таяқшалар.
Көрнекі құралдар: Желім , қылқалам, сүлгі, сары фон жасалған қағаз.
Жаңа сөздік: Бау - бақша, бақ, жемістер, көкөністер.
Пән  аралық байланыс: Коммуникация, Таным, Шығармашылық.

«Шаттық шеңбері»
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
- Амансың ба, алтын күн!
- Амансың ба, көк аспан!
- Амансың ба, Жер - Ана!
- Амансың ба, достарым! Жылуыма жылу қос! Міне, менің қолым!
- Сәлеметсіңдер ме !(хормен)
- Балалар , біз көңілді саяхатқа шығайық .
- Балалар, мынау не? Кім біледі? ( Геометриялық денелердің макетін
көрсетеді)
- Үшбұрыш!
- Түсі қандай кім айтады?(көк)
- Ал мынау не?
- Ол төрт бұрыш.
- Түсі қандай?(қызыл)
- Ал мынау қандай геометриялық дене?
-Дөңгелек (дұрыс)
- Дөңгелектің түсі қандай?
- Ақ.
- Балалар, бәріміз пойызға отырып, саяхатқа барайық.
Қимылды ойын: «Поезд»
Қатар, қатар тұрайық,
Кәне, кәне сұрайық
Кімнің болса бойы ұзын-
Паравозы ол поездың.
Ал,паравоз, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Ал, кәне, балалар, тоқтайық,
Пыш – ш-ш-ш-ш,
Енді поездан түсейік.
Бірінші аялдама - «Дүкен».
Балалар, күз мезгілінде диқандар егін орады, бау-бақшалардағы жемістер мен көкөністер піседі.( балалардың назарын стол үстіндегі жемістер мен жидектер,көкөністерге аударады)
-    Дарын, сен көкөністерді сатып ал.
-    Тоғжан, жеміс-жидектерді сатып алсын.( Екі бала екі себетке жинайды.
-    Қане, Самат қанша көкөніс сатып алыпты, бәріміз бірге санайық.
(атын атаңдар) 4 көкөніс (сәбіз, пияз,қызанақ, қияр).
-    Жарайсыңдар!
-    Тоғжан не сатып алды?
-    Жеміс - жидектер.
-    Кәне, атын атап, қанша екенін санаңдар. Жеміс-жидектер 4 (алма, жүзім, алмұрт, өрік).
-    Балалар, осы алма ,жүзім, өрік, алмұрт қайда өседі?
-    Ағаштарда өседі.
-    Дұрыс айтасыңдар. Сәбіз, қияр, пияз, қызанақ қайда өседі?
-    Бау - бақшада өседі.
-    Балалар, сонымен көкөністер бақшада ,жемістер ағашта өседі екен.
Ойын «Көкөністер мен жемістерді ажырат».
Алмұрт:
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Өрік:
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Жүзім:
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып түзілдім.
-    Балалар, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
Кімнің болса бойы ұзын-
Паравозы ол поездың.
Ал,паравоз, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш.
-    Тоқтаңдар! Одан әрі жол жоқ. Алдымыздан көрінген не?
-    Көл.
-     Көлден өту үшін не керек? (көпір)
-    Дұрыс. Олай болса алдымен көпір салайық, ол үшінбізге мына әр түсті ұзын,қысқа таяқшалар қажет.
-    Ұзын, қысқа таяқшаларды салыстырамыз.
-    Кім көмектеседі?
-    Медина, көмектесе ғой.
-    Жарайсыңдар! Бәріміз көпірден арғы бетке өтейік. Балалар. Біз бау-бақшаға келіп қалдық. Бау-бақшада не өседі?
-    Алма.
-    Алма қызыл, тәтті болады.
-    Бой жаза алмай ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім ,айтыңдаршы,
Бұл қай кезед болады?
-    Күз мезгілінде.
-    Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?
-    Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады, адамдар, балалар жылы киінеді.
-    Өте жақсы. Балалар, сендер шаршап қалған сияқтысыңдар. Бойымызды сергітіп алайық.  
Сергіту сәті:
Саябаққа барамыз,
Алма теріп аламыз.
Ең үлкенін, тәттісін
Себетке біз саламыз.(2 рет)
Балалар, бәріміз бау - бақшаның ішінде орналасқан стол басына отырайық. Мен алманы сары қағазға жапсырамын. Сендер де осы алманы жапсырасыңдар. Кәне, барлығымыз дұрыс отырып, мұқият қараймыз. Сендер әдемі, әрі таза жапсырады екенсіңдер. Балалр, бізге бағбандар сыйлық дайындап қойыпты. Балалар себеттен алмаларды алады.
-    Алманың дәмі қалай екен?
-    Тәтті.
-    Бүгін саяхат сабағында не жайлы айттық?
-    Жемістер мен көкөністер жайлы айттық.
-    Геометриялық денелерді және оның түстерін ажырата білдік. Ұзын,
қысқа таяқшаларды салыстырдық. Алманың тәтті дәмін білдік. Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.


Күтілетін нәтиже:
Білу: көкөністер мен жемістерді ажырата білу;
Түсінуге тиіс: жемістер ағашта өседі, көкөністер бау-бақшада өседі;
Істей білу керек: балалар сары қағаз бетіне алманы жапсыра алады.


Пікірлер (2)

айдарбекова гүлнар

жаксы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз