Жалпы білім беретін Сырым орта мектеп – балабақша кешенінің
информатика пәнінің мұғалімі Давлетчарова Фарида Алімқызы
Сабақтың тақырыбы: «EXPO – 2017 саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға «EXPO – 2017»туралы мағлұмат беру арқылы, білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: оқушылардың «EXPO – 2017» туралы өз ойларын дамыту арқылы , өз білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар бүгінгі МФМ апталығының соңғы күні, сондықтан бүгін бізде «EXPO – 2017 саяхат» атты интелектуалды ойынымызды ашық деп жариялаймыз.
2-Жүргізуші: Бүгінгі әділ – қазылармен таныс болайық.
1. Жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды.
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21 – ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды- деп ортаға командыларымызды шақырамыз.
2. Жүргізуші:
1-топ. «Информатика»
2-топ: «Физика»
3-топ: «Математика»
1-жүргізуші: Ендеше бүгінгі күннің сайыстын жоспарымен танысайық.
А) «Сәлемдесу»
Б) «Жүйрік болсаң озып көр»
В) «Эксперименттік тәжірбие»
С) «Кім жылдам»
Д) «EXPO – 2017 саяхат»
2-жүргізуші: «Сәлемдесу»
(Онда командылар өз дерін таныстырсын.)
1-жүргізуші: «Жүйрік болсаң озып көр» (сұрақ-жауап)
1-«Математика»
1. Доғал бұрыш дегеніміз не? (900 үлкен бұрыш)
2. Ақиқатты дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем? (Аксиома)
3. Қабырғалары толықтауыш сәуледен болатын бұрыш? (жазыңқы бұрыш)
2-«Информатика»
1. Қараңғы бөлмеде керосин шамы мен май шам қатар нені бірінші тұтатар едіңіз?
2. Компьютердін атасы кім? (Чарльз Бэбидж)
3. Компьютер жанындағы өсімдік ? (кактус).
3- Физика»
1. Энергияның сақталу заңын тәжірбие жүзінде дәлелдеген кім? (Джоуль)
2. Механикалық 3 заңын ашқан кім? (ньютон)
3. Стаканда су бар, үстіне қағазды қойып, стаканды төнкеріп қағазды алғанда не болады?
2-жүргізуші: «эксперименттік тәжірбие»
А) темір қоспасын алу (магнит)
Ь) шикі және піскен жұмыртқаны айырып бер (айналдыру арқылы)
Д) шармен газет екеуін үйкегенде не болады (электр пайда болады)
1-жүргізуші: «Кім жылдам»
1.Екі батырмалы
Бір бұрандалы
Жалғыз өзі –ақ
сансыз іс тындырады (тышқан)
2.Жер жүзін шарлаймыз
Онсыз еш жерге бармаймыз
Көлікпен жаяу да
Сарлаймын, тандаймын. (жол)
3. Көп болса алыстайсың
Мезетпен қашықтайсың
Асықсан аз болады
Табасы мұны қайсының? (уақыт)
4. Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіңе қаратқан (компьютер)
5. Бірдей көлемдегі шама кейде
Аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Атауын тапшы тек (тығыздық)
6. Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын (температура)
7. Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз кім күшті? (қуат)
8. Компьютердің қосымша бөліктері,
Ай мен күндей егіздер,
Сыбырлап та, айқайлап,
Көңіл-күйді көтерер (колонкалар)
9. Батырмасын тұтқасына орнатса да,
Жан-жағына емін – еркін қозғалатын.
Бар сондай ойын құмар құрылғысы,
Экрандағы нысандарды басқаратын. (джойстик)
10. Бар құрылғы әркім білмес,
Ғаламтормен байланыстырар
Телефонға жалғанып ап,
Ақпаратпен алмастырар (модем)
2-жүргізуші: «EXPO – 2017 саяхат» (оқушылар презентация арқылы экспо туралы өздерінің ойларын жеткізеді.
1-жүргізуші: Осымен бүнгі интеллектуалдық ойынымыз өз мәресіне жетті, қатымып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет!
Информатиканық басып ғаламатта
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі