Өлең, жыр, ақындар

Ауа ажыратқыштарын басқару сұлбаларын оқу

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Арнайы пән оқытушысы
Жарылғасова Хадиша Сабырғалиқызы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ауа ажыратқыштарын басқару сұлбаларын оқу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: ажыратқыштардың түрлерімен, ауа ажыратқышымен, ауа ажыратқыштарын басқару сұлбаларының оқылуымен таныстыру.

Тәрбиелік: таңдап алынған мамандықтарының жақсылықтарын бағалай білуге, тапсырманы нақты орындауға, студенттердің кәсіби дағдысын қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,

Дамытушылық: білім алушыларды ауа ажыратқышы туралы түсініктерін қалыптастыру және электр энергиясының құнды қасиеттерін байланыстыра отырып, студенттердің таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, деңгейлік оқыту, дамыта оқыту, виртуалды саяхат, ой.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ажыратқыштардың түрлері, слайд, видеофрагмент.

Пән аралық байланыс: электрлік өлшеу, электр машиналары мен трансформатор.

.

САБАҚ БАРЫСЫ

I.Ұйымдастыру бөлімі

Топ кезекшінің баяндамасын қабылдау, қатысты белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. «Асығың алшысынан түссін» (қоржынның ішіндегі асықтан суырып берілген сұраққа жауап беру).

1. Айырғыш дегеніміз не, 10 кВ номиналды кернеуге арналған РЛН типті айырғыштың сұлбасын тұжырымдау

    

2. Суретте көрсетілген РВП вентильді зарядсыздандырғыштың сұлбасын тұжырымдау

3.Суретте көрсетілген бөлгіш қызметінің сұлбасын тұжырымдау

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау (тірек сызба)

 

IV.Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жоспары:

1. Ажыратқыштың түрлері
2. Ажыратқыштарын таңдау шарты
3. Ауа ажыратқыштары
4. Ауа ажыратқыштарын басқару сұлбаларын оқу

1. Ажыратқыш – тізбекті кез келген режимде ажырататын коммутациялық аппарат.

Майлы ажыратқыштар бұл электрлік коммутациялық аппараттар, апатты және жұмыс режимдерінде электр тораптарды қосу және ажырату үшін арналған. Атынан байқағандай бұл ажыратқыштарда тізбекті үзу және пайда болған доғаны өшіру майлы ортада болады. Қысқа тұйықталу тоқтарын қосу және ажырату жұмыс режимінің ең ауыры болып келеді.  

Майдың көп сыйымдылықты ажыратқышының артықшылығы: құрылысы қарапайым, ажырату қабілеті жоғары. Кемшіліктері: көлемі үлкен, май көлемі үлкен, жарылыс және өрт жағынан қауіпсіз.  

Майлы ажыратқыштардың  ВМП-10, ВМПЭ-10, ВММ-10, ВПМП-10,ВМГ-10 типті түрлері қолданыста бар.

Трансформаторлы маймен толтырылған массивты қақпақпен 2 жабылған болат бакта бір жылжымалы 4 жəне жылжымасыз 3түйіспелер орналасқан. Жылжымалы түйіспе оқшаулағыш штанга 5 арқылы жетекші механизммен 6 жалғанған. Кірістік оқшаулағыштар бактан ток өткізуші бөлікті оқшаулайды, ол бөлек арқылы жылжымайтын түйіспелер ішкі тізбекпен жалғанған.

Жетекші механизм жылжымалы түйіспеге 4 əсер етеді жəне сол арқылы ажыратқыштыңтүйіспелерінің ашық немесе жабық күшін анықтайды. Түйіспелердің арасы айрылған кезде олардың арасында электрлік доға пайда болады.

Сурет-1 Үлкен көлемді майлы ажыратқыштың құрылымдық сызбасы.

Вакуумды ажыратқыштар- жоғары вольтты ажыратқыштар, электр доғаны сөндіруге арналған. Қазіргі уақытта, әлемдік жоғары сенімді жылдамдықтағы вакуумды ажыратқыштар өнеркәсіптік өндірісінде пайдаланылады,электр жүйелеріндегі үлкен токтарды және жоғары кернеуді (220 кВ дейін) ажыратуға болады.

Артықшылығы: құрылысы қарапайым, жөндеу жеңілдігі – камералары істен шыққанда  бір блок ретінде ауыстырылады, кез келген жағдайда (кеңістікте) ажыратқышпен жұмыс істей беруге болады, сенімді, жоғары коммутация беріктігі, көлемі кіші, жарылыс және өрт қауіпсіздігі, қоршаған орта ластанбауы, жұмыс істеу кезінде ешқандай шудың болмауы, пайдалану кезіндегі шығындары аз, қызмет көрсетудегі қолайлылық.

Кемшілігі: қысқа тұйықталу тоқтарын өшіру кезінде, салыстырмалы түрде шағын номиналды тоғы және өшіру тоғы

Сурет-2 6-10 кВ арналған вакуумды ажыратқышы

Қазіргі уақытта элегазды ажыратқыштар қарқынды зерттелуде. Элегаз денгеніміз электр доғасы тез сөндіретін (яғни доғаның жануын қолдамайтын) газ .Тәуелсіз елдер достастығында кернеуі 35-500кВ қондырғыларда элегазды ажыратқыштар сынақтан өтіп пайдалануда.

Бұндай ажыратқыштардың негізгі құндылығы мыныдай: Өртке және қопарылысқа қауіпсіз; Ажыратуға аз уақыткетеді; Ашық ауада және үйдің ішінде орналастыруға болады; Мөлшері және салмағы өте аз.

Негізгі кемшіліктері: Элегазды қолдану үшін арнайы жабдықтар болуы қажет; Элегазды пайдаланған кезде өте мұхият болу керек; Элегаздың сапасына жоғары талаптар қойылад; Элегаздың бағасы қымбат, доғаны сөндіргеннен кейін элегаз- улыгазға айналады. Себебі, элегазбен доғаның өзара әрекетінің нәтижесінде элегаз ыдырайды. Ол улы элегаздан сақтану үшін, арнайы құрылғылар және әдістер қолдану керек.

Сурет-3 Элегаздық ажыратқыш 115 кВ-тық 

 Электромагнитті ажыратқыштар электр доғасын электромагнит арқылы доға ажыратқыш камераға созу арқылы ажыратады. Электромагнитті ажыратқыштардың бірнеше түрі бар. Олар ВЭ-10 типті электромагнитті ажыратқы, ВЭЭ-6 типті электромагнитті ажыратқышы, ВЭЭС-6типті электромагнитті ажыратқышы, ВЭ-6 типті электромагнитті ажыратқышы, ВЭС-6 типті электромагнитті ажыратқышы, ВЭВ-6Б типті электромагнитті ажыратқышы.

Сурет -4 электромагнитті ажыратқыштың принципалды сызбасы.

Жүктеме ажыратқыштары (ЖА) үш фазалы коммутациялық аппарат болып келеді, жүктеменің жұмыс тоқтарын, бірнеше жүз ампер шегінде қысқа тұйықталу тоқтарын қосып, ажырату үшін арналған.

Олар аз қуатты қондырғыларда (цехтық, ауыл шаруашылық қосалқы станциялар, статикалық конденсаторлар батареяларында) қолданылады.

Жүктеме ажыратқыштарының құрастырмасы тек жабық тарату құрылғыларында ған қолдануға

Сурет -4 ВНР-10/400-10зтиптіжүктеме ажыратқышы

1-кестеде жоғарғы кернеулі ажыратқыштардың кейбір  мəліметтері келтірілген

Ажыратқыштардың түрлері

6,10

кВ

35

кВ

110

кВ

220

кВ

500

кВ

750

кВ

1150

кВ

1

Үлкенкөлемдімайлы

+

+

+

2

Аз көлемдімайлы

+

+

+

+

 

3

Ауалы

+

+

+

+

+

+

+

4

Элегаздық

+

+

+

+

 -

5

Электромагниттік

+

6

Ауасыз

+

+

+

+

7

Синхрондайтын

+

+

+

8

Автогаздық

+

9

Тиристорлық

+

 —

 

2. Ажыратқыштарды келесі параметрлер бойынша таңдайды.

1) Номиналды кернеу 2) Номиналды ток 3) Номиналды ажырату тоғы

4) Динамикалық тұрақтылық тоғына 5) Термиялық тұрақтылық тоғы

Ажыратқышты аталған параметрлер бойынша таңдау шарты:

U max ≥ U жұм; UH ≥ Iжұм

I ma x ≥ I y; iH. oт ≥ Iti

1000 В жоғары кернеуге арналған ажыратқыштар көп жағдайда құрастырылғансеріппемен жабдықталады, олар қосылу уақытында немесе кернеулі жағдайда ұсталыптұрғанда қысылады. Ажырату қажет болған жағдайда мұндай ажыратқыштарда жабушымеханизм тізбекті ашатын түйіспелерді босатады. Ажыратқышты басқару – қосылғанжағдайда ұстап тұратын қосылыс, жетек жүзеге асыратын ажырату үшін жылжымалыбөліктің жабушы құрылғылардан босату,ажыратқыштың бөлігімен қосылатын жекеаппарат болып табылады.

Ажыратқыштарға арналған қолды жетек қолды қосылысқа дистанционды жəнеавтоматты ажыратуға есептелген жартылай автоматты болып орындалады.Əрбір жетек өзінің орналасқан орнындаажыратқышты қолмен ажыратуға жəне қосуға арналған жабдыққа ие.

3. Ауалы ажыратқыштарда доғаны өшіру сығылған ауамен жүзеге асырылады. ВВП-35 типті ауа ажыратқыштың құрылысы: доға өшіргіш құрылғыдан, оқшаулағыштардан, жылжымайтын және жылжыйтын түйіспелерден, контактіден, бөлгіштен, электропневматикалық құрылғыдан, дифференциалдық клопыннан, вал, оқшауланған штангіден, кіріс және шығыстан шунтталған резистордан тұрады.

330кВ ауалы ажыратқыштар

Ауалы ажыратқыштың негізгі құндылығы мынада: Ажыратуға аз уақыт кетеді (0,08-0,1с); Сұйық орта мен гагенерациялаушы қатты материал болмайды; Қопарылысқа және өртке қауіпсіз; Сенімді жұмыс істейді; Пайдаланылуы біршама қарапайым; Жиі қосу мен ажырату мүмкіндігі бар; Автоматты түрде қосылуы оңай; Сырттағы және іштегі қондырғыларда пайдаланылады; Майлы ажыратқыштарға қарағанда салмағы мен көлемі шағын.

Негізгі кемшіліктерге мыналар жатады: Құрылымы біршама күрделі; Ауалы құралдарды (компенсаторларды,ресиверлерді,ауа өткігіштерді т.б) қажет етеді. Көлемі үлкен элегазыды ажыратқышқа қарағанда. Қысқа тұйықталу тоғын ажырату кезінде күшті дыбыс шығарады.

4. Ажыраған кезде бірінші негізгі контакті 2 ашылады, барлық тоқ доға өшіру контурға өтеді. Содан кейін негізгі доға өшіру контактілері 7 және 10 тұйықталады. 6 доға өшіру көмекші контактісі арқылы 8 және 11 шектеуші резисторға тоқ өтеді. Олардың ашылуымен сөнуінен кейін доға тоқ тізбегіне тоқталуы және бөлгіш 9 ашылады, изолациялық аралықта қажетінше қамтамасыз еткесін 3 зарядсыздандырғыш асқын кернеу кезіндегі ажыратудан қорғайды. Сығылған ауаның берілуі тоқтан кейін 6, 7, 10 пружина арқылы қосылған қалпына келеді.

Сурет-6 Функционалдық полюсті (а) және  бөлгіші бар ВВГ  типті генераторлы ауалы ажыратқыштың жалпы көрінісі ажыратқыш(б) схемасы.

V. Жаңа сабақты бекіту

1. Берілген материал бойынша сұрақтар:

«Білім шыңы» ойыны

 

2.«Ой қозғау» әдісі келесі  суреттегі құрылғылардың атауын атаңыздар

3.  «Шұғыл бұрылыс» сөздерді орнына қойып, анықтаманы толықтыру

1) Майлы ажыратқыштар бұл электрлік коммутациялық аппараттар, ... және жұмыс режимдерінде ... қосу және ажырату үшін арналған

2) Вакуумды ажыратқыштар- ... вольтты ажыратқыштар, ... сөндіруге арналған

3)  Ауалы ажыратқыштарда ... өшіру сығылған ... жүзеге асырылады

4.  «Қасқағым сәт» Сематикалық карта

Ажыратқыштардың түрлері

6,10

кВ

35

кВ

110

кВ

220

кВ

500

кВ

750

кВ

1150

кВ

1

Үлкенкөлемдімайлы

+

+

+

2

Аз көлемдімайлы

+

+

+

+

 

3

Ауалы

+

+

+

+

+

+

+

4

Элегаздық

+

+

+

+

 -

5

Электромагниттік

+

6

Ауасыз

+

+

+

+

7

Синхрондайтын

+

+

+

8

Автогаздық

+

9

Тиристорлық

+

 —

 

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау

1. Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны

• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

1. Чемодан(суреті)    2. Қоқыс жәшігі (суреті)    3. Еттартқыш (суреті)

Құрметті студенттер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) 

VІІ. Үйге тапсырма

1. Ауалы ажыратқыштардың сұлбасын оқу

2. Ауа ажыратқышы тақырыбына слайд дайындап келу

VIІI. Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз