Өлең, жыр, ақындар

Жұмыртқа сапасын бағалау.

Өндірістік сабағының дайындамасы.

Сабақ тақырыбы: Жұмыртқа сапасын бағалау.  

Сабақ мақсаты мен міндеттері:  жұмыртқаның сапасын, дәрежесін  бағалау әдістеріне  үйрету

Білімділік: жұмыртқаның сапасын тексеру, бағалау тәсілдерін көрсету

Дамытушылық: оқушыларды нұсқау карталармен өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: күнделікті өмірде алған білімдерін пайдалану

 

Жабдықтау: компьютер, проектор,  «Жұмыртқа сапасын бағалау» тақырыпты слайд,  нұсқау карталар, асханалық ыдыстар, тараз, жұмыртқалар, овоскоп

Пәнаралық байланыс:  «Физиология  және гигиена негіздері» 

«Азық түлік өнімдердің тауартануы» «Тағам дайындау технологиясы»

САБАҚ БАРЫСЫ.

 I. Ұйымдастыру қезеңі:   оқушылармен амандасу, қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

II. Кіріспе нұсқау:                       

  1. Сабақтың  мақсатын  мен тақырыбын хабарлау
  2. Оқушылардың көңілін аудару– үй жұмысын тексеру
  3. ір патшада сарай аспазшы  қайтыс болды.  Патша бұйрық берді:  1 кг кез келген өнімнен, 1 л судан және 1 кг тұздан тұратын тағам даярлау болса, және сол тағам тұзды болмау керек, онда сол адамды сарай аспазшы болып алады. Бұл не тағам, кандай өнімді пайдаланды?)

3. Кроссворд шешу «Казақ ұлттық сүт тағамдар»(слайд 1)

1) қышқыл сүттен жармамен дайындалатын тағам

2) кептірілген ұзақ уақыт сақталатын тағам

3) сүттің бетінде тұрады

4) биенің сүті

5) қышқыл сүтті  сүзіп, өрге салып кептіреді

6) ашытылған түйенің сүті

7) қаймақты баяу пісіріп, кұмшекер, бал қосады

8) ұйытылған сүт

 

Бүгін жұмыртқа түрлерін, сапасын, жастығын/балаусалығын анықтау тәсілдерімен танысасыз.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау (слайд 3)

4. Сабақ мазмұны (слайд 4)

  1. Жұмыртқа түрлері
  2. Жұмыртқаның құрлысы
  3. Жұмыртқа топтастыру
  4. Жұмыртқаларды бағалау үшін пайдаланған кұралдарымен танысу
  5. Өзіндік жұмыс “Жұмыртқаның сапасын анықтау және кестені толтыру”

2. Жұмыртқаның құрлысы(слайд 7-8)

Қатты қабаты (12%), сары уыз(32%), ақ уыз(56%)

№ 1 Кестесі  Жұмыртқа құрамы. (слайд 9)

 

Заттар

%

Су

73,67

Ақ уыз

12,57

Майлар

12,02

Көмірсулар

0,67

Минералдық заттар

1,07

Дәрумендер

А;В тобы, Д, К

 

3. Жұмыртқаны топтастыру(слайд 10-12)

Сақтау уақытына байланысты жұмыртқалар бөлінеді:диеталық (ем дәмдік) – сақтау уақыты 7 күннен көп емес; асханалық- жастық (свежие) жәнетоңазытқыш жұмыртқалар. Асханалық жастық жұмыртқалар 8-25 күн0 – 20 градуста сақталады; тоңазытқыш жұмыртқаларминус 2ден -0 градуске дейін90 тәуліктен көп емес сақталады.

4. Жұмыртқа сапасын бағалау құралдары мен тәсілдері (слайд 14-16)

Жұмыртқа сапасын бағалау кестесі (слайд 17)

Жұмыртқа ақауларына жатады (слайд 13)

ІІІ. Ағымдағы нұсқау:

Тәжірибелік жұмыс:  сапасын және дәрежесін (категория) анықтау мақсатымен жұмыртқаларды зерттеуі.

Ал енді біздер жұмыртқалардың сапалылығын органолептикалық әдіспен тексереміз және  3 тәжірибелерді орындаймыз.  Сол үшін 3 топқа бөлінесіз (салқын жыл мезгілдері-қыс, кұз, көктем)

(нұсқау  карталар зерттеудың ретін талқылау)

  1. Жұмыртқаның сапасын органолептикалық әдіспен анықтау.

– қабықтардың түсін, тазалығын және қабықтың тұтастығынорнату.Майып қабықпен (поврежденной скорлупой) немесе кір басқан, бірақ бұзылмаған жұмыртқаларды дереу қолдану керек, сақтауға рұқсат етілмейді. (Оқушыларғажұмыртқаны тексеріп,органолептикалық баға бойыншақорытынды жасау)

 № 2 тәжірибе Жұмыртқаның  масса мен дәрежесін анықтау.

Әрбір жұмыртқаны таразда өлшеп, №2 кестемен салыстырып,дәрежесін анықтау (құрама кестеге енгізу керек)

 

 №2. Кестесі. Жұмыртқаның массасына байланысты/тәуелді (зависимость) дәрежесі (слайд 11 )

дәреже

Масса, гр.

Жоғары

75 жоғары

Таңдаулы

65 - 74 дейін

Бірінші

55 - 64 дейін

екінші

45- 54 дейін

 

№ 3 тәжірибе Жұмыртқаның жастығын (возраст) анықтау

А) Стақанға су құйып, ас қасық тұз ерітесіз. Егер жұмыртқа стаканның түбіне түссе-  ол жас жұмыртқа болып шығады, егер жұмыртқа орта бойында  болса, немесе бір жағы көтеріліп тұрса— орташа жастық болады, себебі ауа камерасы үлкейгенін көрсетеді,  ал судың бетінде қалқып жүрсе- жеуге болмайды, тек қана тамақты даярлау кезінде  қолданылады

Б)   Жұмыртқаның балаусалығын ақ және сары уыздың  консистенция арқылы анықтау.

 Тәрелкеге жұмыртқа сындырып жұмыртқаның балаусалығын анықта:

  • жас жұмыртқада  сарысы тығыз және дөңес (выпуклый), шар тәрізді формасы, айналасында тығыз ақ уыз көрінеді
  • апталық жұмыртқаның  – тығыз, шар тәрізді  сарысы, бірақ ақ уызы  сұйық бола бастады және әрі қарай көлкіп кетеді.
  • 2-3 апта жасының жұмыртқасының –сарысы тәрелкіде жалпақ формада, ал ақ уызы – сұлы консистенциясы болады

Оқушылардың анықтаған мәліметтерін хабарлау (әр топ)

Өткен тақырыпбойынша бақылау тапсырма орындау (топта)

ІV. Қорытындысы нұсқау:

Сабақтың қорытындысын шығару: сақтау мерзіміне, өлшеміне қарай жұмыртқалар әр топқа бөлінеді. Сақтау жағдайларын сақтамай жүрсе жұмыртқалар бұзылады (техникалық ақау)

 Баға қойып, оқушыларға қорытындысын хабарлау

Үй тапсырмасы:  Тақырыпты қайталау

 


Пікірлер (3)

Дамир

Жұмбақ барма

Əмина

Жұмбақ бөлімінде көп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз