Өлең, жыр, ақындар

Бұршақ. Кемпірқосақ

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы
№21 Яссауи жалпы орта мектебі
Нышанбаева Гулмира Молдабековна                                                                                  

 

Тексерілді                                ДОІЖ

Сабақтың тақырыбы: Бұршақ. Кемпірқосақ

Уақыты:

Мұғалім: Нышанбаева. Г

     СЫНЫП:  3 «В»

  Қатысқан оқушылар саны:

_____ оқушы

Қатыспаған оқушылар саны:  _____________

Сабақтың негізделген  мақсаттары:

Көктем мезгілі туралы жалпылама түсінік беріу. Өз бетінше, топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау, сөйлеу, көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже.         1-денгей (білу, түсіну)

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:. Е. Елубаевтің бұршақ, кемпірқосақ тақырыбын оқи алады.

2-денгей (қолдану, талдау)

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Тақырыпқа байланысты өз беттерінше сурет салады және сипаттайды.

3-денгей (жинақтау, бағалау)

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады. Тақырыпты оқып  мазмұндама жаза алады.

Тілдік мақсат:

Сөздердің  дұрыс айтылуы.

Ресурстар:

дүниетану ақ қағаз, бағалау жапсырмалары, топ аттары.

Пәнаралық байланыс:

әдебиеттік оқу, бейнелеу, дүниетану, еңбекке баулу

Алдыңғы оқу

Бұршақ. Кемпірқосақ.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3 минут

Оқушылармен сәлемдесу

Журнал толтыру, балаларды түгелдеу.

Шаттық шеңберін құру. Сыныптың                психологиялық ахуалын қалыптастыру:

 Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар

(Оқушылар топ құрып, бүгінгі өтілетін сабаққа бір-біріне жақсы тілек білдіру )

Топқа бірігу:

1-топ: «Алтын күн»     

2-топ:: «Алтын күз»     

3-топ: «Ақ алтын»

Бағалауды түсіндіру «Бағдаршам» әдісі

 

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ (5 минут)

 1-деңгей (білу түсіну):

Өтілген тарқырыпты сұрақ-жауап әдісімен қайталау.                      

Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.

  2-деңгей (қолдану талдау):

«Бұршақ. Кемпірқосақ» әңгімесін оқып, түсінік айту

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей (жинақтау, бағалау):

 «Кемпірқосақ» тақырыпта эссе жазып келу 

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.

ЖАҢА САБАҚ

15 минут

1-деңгей (білу, түсіну)                                          (білу түсіну):

Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. Шығармашылығы:

Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды. Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кино-фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.

Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;

Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;

Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;

Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984;

Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.                       

 

Сергіту сәті

3 минут

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке

Ой сергітеді, шаршағандары басылады

Сабақты бекіту  15 минут

1-деңгей (білу, түсіну)

         Топтық тапсырма.      

Әр топ берілген суретті сыйпаттау. Табиғаттың жыл мезгілімен байланыстыру    

1-топ

Жұптық  жұмыс. Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.

2-деңгей (қолдану, талдау)

2-топ   

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей (шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке  бағытталған тапсырмалар)

3-топ 

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

Тақырыпты оқу суреттеу.

Тапасырманы орындағанға «3» баға қойылады.

2-деңгей

(қолдану, талдау)

. Мазмұндау

 

Тапасырманы орындағанға «4» баға қойылады

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Тақырыпқа байланысты эссе жазу.

Тапасырманы орындағанға «5» баға қойылады

Бағалау

 «Бағдаршам» әдісімен топты және өзін-өзі бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Тілек ағашы»

Стикерлерді жабыстырады

  

 

                                                                           Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды.

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды.

 

Келесі сабақта өз жоспарыңызға  қандай өзгерістер енгізген болар  едіңіз.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз