Тәрбие сағаты
2-сынып
Тасжанова Назира
№56 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сабақ атауы Адам - ардақты ат
Сілтеме Интернет материалдары, Электрондық оқулық
Жалпы мақсаты «Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. адами қасиеттерді бойына сіңіру
Топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйрену
Күтілетін нәтиже Топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.
Тапсырмалар материалдары Интерактивті тақта, компьютер, постер,стикер.таратпа карточкалар
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
Жаңа сабақ
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларына жағымды ахуал жүргізу Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен 4 топқа бөлінеді.
ІІ. Өткенді пысықтау Түрткі сұрақтар: 1. Бұл кімнің өлеңі? 2. Өлеңде не туралы айтылған? 3.Автор бұл өлең арқылы не айтпақшы болып тұр?
Бейнеролик көрсету .Бұл бейнероликті көріп не түсіндіңдер? Айтқан ойларына байланысты бүгінгі тақырып жариаланады.
Жаңа сабақ « Адам -ардақты ат»
Мәтінмен жұмыс (Мысал) «Егінші мен көртышқан» Егінші жер жыртып жүр еді.Көртышқан өз інінен шығып,егіншіге қарап таңқалып,егіншіден сұрайды:-Сен сонша жерді не үшін жыртып жатырсың?,-дейді.Сонда егінші мен жерді тек өзім үшін ғана емес басқа адамдарға да жерді жыртып жатырмын ,-дейді.Тышқан таңқалып,сен неге басқа адамдарға да жерді жыртасың,олар неге өздері істемейі,-дейді.Мен өз інімді өзім қазамын ,олар да өз жерін өздері қазсын ,-дейді.Сонда егінші сендер тышқандарсыңдар,ал біз адамбыз,- дейді. Бұл мысал не туралы?Сухомлинский осы мысал арқылы не айтпақшы болып тұр? Кім тек өзі үшін ғана еңбек етсе,ол адам хайуан мен тең екен.Ал өзге адамға көмек берген адам ол нағыз адамға жатады екен. «Өзің үшін еңбек қылсаң,өзі үшін оттаған хайуанның бірі боларсың» Абай.
І топ Адам деген сөзі талдап көрейікші
ІІ топ Мақал-мәтелді сәйкестендір
Кекшіл болма Көпшіл бол
Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі.
Жолы ашық Қолы ашықтың
ІІІ топ Раушан гүлін құрастырайық.Әрбір күлтелеріне адам деген атқа лайықты сөздерді жазайық.
ІV топ Сиқырлы сөздер жаз..
«Әткеншек»ойыны
І топ Қазіргі таңда осындай мейірімді, ақылды адамдар керек пе?
ІІ топ Тек өзін ғана ойлайтын адам бақытты бола ала ма?
ІІІ топ Өмірдегі ең маңызды нәрсе не?
ІVАдам болу үшін адамның сұлулығы керек пе?
«Алтын қол»ойыны Ақпараққа өз қолын басып алып, бойындағы жақсы қасиеттерді жазу ал, алақанына өзінің бойындағы жаман қасиеттерді өзгерткісі келетін жерлерін жазу.
«Басбармақ» арқылы бағалау «Жеке жұмыс» Жеке парақша таратылады
Ойыңды аяқта.... Мен түсіндім..... Мен орындауға тырысамын.... Мен ешқашан да
Өзін – өзі бағалау
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі