Қазақ тілі 7-сынып мерзімі :
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың шығу тарихынан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ғаламтордың шығу тарихы» тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Мәтіннің мазмұнын сұрау
ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2.Сөздікпен танысу: жүйе-система
Әскери зерттеулер- военные исследования
Сенімділік- надежность
Кесінді-отрезок
Хаттама- протокол
Мүмкіндіктері- возможностиъ
Бағалау- оценить
А) сөздерді дұрыс айту;
Ә) сөздік дәптерге жазып алу;
Б) сөз тіркестерін құрап жазу.
3.Мәтінмен танысу- Оқылым
IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік тапсырмаларды орындау
ІІІ деңгей
1.Мәтіннің мазмұнына сәйкес төменде берілген сұрақтарды рет- ретімен қойып, соларға жауап беріңдер.
-Интернет арқылы кіммен танысуға болады?
-Интернет осыдан неше жыл бұрын пайда болған?
-Торапаралық хаттама деген не?
- Интернетті пайдаланатындар нені іздейді?
- Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін кімдер бағалаған?
- Интернет алғашқы рет қай елде пайда болған?
2. «Ғаламтордың шығу тарихынан» мәтінінің мазмұнын ашатын 3-4 сөйлем негізінде мәтінді жазбаша әңгімелеңдер.
ІІ деңгей
1.Мәтінді бөліктерге бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар. Интернациооналдық терминдерді пайдаланыңдар.
2.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді басқа синоним сөздермен ауыстырып, әңгімелеңдер.
І деңгей
Интернеттің шығу тарихы бойынша қосымша мәліметтерді жинақтап, әңгімелеңдер.
V. Сабақты қорыту: Жазылым: сөйлемдерге тиісті етістіктерді қойып жазу
4- тапсырма
Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ- та ...
Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін ...
Мамандар Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін ...
Интернетті пайдаланатындардың барлығы ақпарат ...
Керекті сөздер: іздейді, бағалады, пайда болған, құрылған.
VI. Үй тапсырмасын беру: 236-бет мәтінді мазмұнын айту
VII. Бағалау.
VIIІ. Рефлексия : Даналық ағашына өз пікірлерін жазып қалдырады
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі