Өлең, жыр, ақындар

Ғажайып білім әлемі

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Омарова Набира Муханбетрахымовна

Ұйымдастырылған оқу-қызметі

Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»

Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Буратино, математика, жұмбақтар, мақал-мәтел, жаңылтпаштар аялдамасы, геометриялық, пішіндер, үйшіктер.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады

Бәрімізт енді тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Жақсы – жақсы сөздерді,
Қонақтарға сыйлайық!
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Жүрек

Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар:

Аспанымыз ашық болсын
Күніміз жарқын болсын
Еліміз тыныш болсын
Ауырмайық, денсаулық болсын
Нанымыз көп болсын
Ата - анамыз аман болсын
Бейбітшілік болсын
Балабақша гүлденеберсін!
Апайлар аман болсын

Тәрбиеші: Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы. Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктемнің қандай айы

Балалар: Сәуір айы

Тәрбиеші: Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Көктем мезгілінде күн жылынады, жие жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар  ұшып келеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса көктем туралы кім тақпақ айтып береді.

Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді,
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Көктем, көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Ән мен қарсы аламыз!

Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кімекен бұл?

Буратино: Саламатсыздар ма, балалар

Балалар: Саламатсыз ба Буратино

Буратино: Балалар осы жер «Ғажайып білім әлеміме»

Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұлжер балабақша

Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерме. Кілтімді іздеп кележатып, жолда ақтиінді көріпедім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші: Еш уайымдама Буратино, кане балалар Буратиноға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз

Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?

Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір - бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: балалар міне біз бірінші аялдамаға да келіп қалыппыз

Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен

Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

1-5 ке, дейін тура және кері санау

Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата

2-шіаялдама бізге жұмбақтар жасырыпты

Екінші аялдама: «Жұмбақтар» аялдамасы екен

Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Күз)

Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Тырс-тырс тамады
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

Дидактикалық ойын: «Топтап жина»

Мақсаты: Балаларды топтай білуге және оларды санай білуге үйрету

Балаларды екі топқа бөліп суреттерді топтап жинауға үйрету

Сергіту сәті:

Орнымызда тұрамыз,
Дөңгелекті құрамыз
Қолымызбен шапалақтап,
Аяқпенен ұрамыз

Үшінші аялдама: «Бау - бақша» аялдамасы. Бау-бақша аялдамасы көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті.

Қане балалар бақшаға барайық. Ой, балалар алдымызда көлшік жатыр ғой, одан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай, көлшіктен ақырындап, абайлап өту үшін не керек?

Балалар: Көпір керек

Тәрбиеші: Балалар мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан көпір жасайық. Қане балалар мына таяқшалардың түсі қандай? Міне балалар бау-бақшаға да келіп қалдық.

Балалар жемістерді талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.

Төртінші аялдама: «Мақал - мәтел» аялдамасы

Біздерге мақалдарды толықтыр депті. Қане кім айтады?

Аққуды атпа, досыңды сатпа

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын

Ағаш тамырымен ,адам бауырымен мықты

Білімі жоқ адам, тұзы жоқ тағам

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Ақыл азбайды, білім тозбайды

Бесінші аялдама: Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

Буратиноның кілтін құрастыру

Буратино: Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында, Буратиноның алтын кілті тұрады.) Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Күншуақ» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.

(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады)

Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау: Балалар сендерге саяхат ұнадыма?

Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік?

Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.
Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз