Балабақшамен қоштасу Ертеңгілік
Музыка ойнайды, екі бала кіреді.
АЯЖАН;; Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Бағжан; Сүйген өз ұл, өз қызын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім.
Апай болды анамдай...
балаларды шақырайық
Екеуі бірге: Балалар келіңдер.
(балалалр кіреді)
Хор: « Біз мектепке барамыз»
\ Маруа;Аялап, баулып өсірген,
Қателік етсек кешірген.
Оқытып бізді үйреткен,
Көңілге құйған қуаныш.
Бұл кім?
Балалар: Тәрбиеші. ( Тәрбиешілер кіреді).
1-тәрбиеші: Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәби еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді бүгінде
Жүгірмейді аптығып,
Жүректері тұр ма әлде
Қоштасатын шақты ұғып.
2- тәрбиеші: Бөбек еді ол рас,
Кіп- кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын.
Аяжан : (Сандықшаны беріп) Мен сіздерді жақсы көремін, мына сыйқырлы сандықшаны сіздерге сыйлағалы тұрмын, сіздердің арман тілектеріңіз болса, осы сандыкшага айтып орындатуға болады.
1- тәрбиеші: Шынымен қызық екен, не істейміз. Ашып көрейік. Шкатулка: Сендердің алғаш балабақшаға келген сәби шақтарыңды көз алдыма елестетіп, көргім келеді.
(слаид)
Жүргізуші: Сәбилік кездерің естеріңе түскен болар, ортаға вокал тобын шақырайық, ән «Тәрбиеші- мұғалім»
Жүргізуші: Енді, биге кезек берейік.
Таза пәк бала көңілмен қимас жандарға алғыс айтатын кезде таяп қалған секілді, ортаға балаларды шақырайық.
Меңгеруші апай Рәзия,
Тасыған көңіліңіз дария.
Сіз дархансыз, мейірімді анасыз
Балаларға әрқашанда панасыз
Меңгерушіге мың алғыс !
Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Ырза сізге бәрі де,
Ұмытпаймыз сізді де.
Әбзалхан Бижанқызына мың алғыс!
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Ортаға вокал тобын шақырайық
«Біз мектепке барамыз» әні.
Арайлы атқан таңдай жылы жүзі,
Сүйсіндірген баршаны әрбір ісі.
Бала үшін еңбек еткен аянбай
Бағдат апай мың алғыс өзіңізге!
Есеп- қисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін.
Апайымыз Айгулге ,
Біз айтамыз мың алғыс!
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі күн ерекше.
Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік
Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер Сымбат апайға,
Алғыс айтып барамыз!
Сендер қазақ тілінде ғана сөйлейсіңдер ме? Әлде басқа тілде де сөйлей аласыңдар ма, соны білгім келеді.
Жүргізуші: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте - дегендей біздің балалар өз тілдерін құрметтей отырып орыс тілінде де ән сала алады.
Ән орыс тілінде.
Кезекті құттықтауға берейік.
Тамылжытып ән салдырып үйреткен,
Мың бұралта белімізді билеткен.
Сазгер Сандуғаш апай ,Назым апай сізге де алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүрекпен!
Балабақшам бесігім
Қайсын айта берейін
Қабыл алшы гүлімді
Жанар апай сізге сыйлап кетейін!
Жүргізуші: Би билеп, бойымызды сергітіп алайық,
«Көңілді балалар» биі
Ойын: «Нешеге оқисың?»
Жүргізуші: Балалар арман- тілектерін ән арқылы жеткізгілері келеді.
Ән: « Қол созсын болашақ»
Жүргізуші: Алдыңдағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып тамсанып,
Қимай кетіп барады.
Ойыншық та, кесе де,
Орындық, шкаф, төсек те,
Бәрі өзі келе ме?
Соның бәрін жуатын ,
Зыр жүгіріп жүретін,
Гульфия апайға мың алғыс!
Төсек орын тап- таза,
Аппақ жуған сүлгісі.
Қанатгул апай сізге де,
Балалардан мың алғыс!
Тәтті тамақ пісіретін,
Айран сүтін ішкізетін.
Акмарал апай , Маржан апай
сіздерге де,
Айтамыз біздер мың алғыс!
Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.
Би: «Гүлдер»
Ойын: «Оқу құралдарын жинау»
Ән: «Бала тілі бал»
Жүргізуші: Ортаға бишілерімізді шақырайық.
Би: «Нәзік».
Үлкендердей тап- таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Еркетайын әр үйдің,
Бабын тауып сәбидің.
Балапандай өсірген,
Гульмира Жунысканқызы , Әсем Нурдаулетқызы
Мәңгі өшпейді есімнен,
Тәрбиешілерге мың алғыс!
Хор: «Қош, балалар бақшасы»
1-тәрбиеші: Қимай сынған ойыншығын,
Деп жылайтын «тастамай».
Қиып сыйлап жап- жаңасын,
Бара жатыр жас бала.
Ұстамайды етектен де,
Өзі жүре алады.
Өйткені, ол азамат боп,
Білім іздеп барады.
2- тәрбиеші: Қош, балалар сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Жақсы оқып әрқашан,
Тек бестік алыңдар.
(Ақжолмен жүріп, тілектерін айтып, шарды ұшыру).
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі