№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Техникалық және ауылшаруашылық салалары бойынша арнайы пәндер әдістемелік бірлестігі
Дайындаған: №16 колледждің өндірістік оқыту шебері Бакеев Бектұрсын Тілеубекұлы
Өсімдіктерді қорғауға арналған машиналар.
Өсімдіктерді қорғауға арналған машиналардың жіктелуі және оларға қойылатын агротехникалық талаптар.
Дақылды өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Олармен күрес жүргізу үшін бүріккіштер, тозаңдандырғыштар, аэрозольды генераторлар, дәрілеуіш машиналар, топырақты залалсыздандыру машиналары, еліктіргіштер дайындау және себу машиналары қолданылады.
Комплексті күрес өсімдіктің бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде жүргізіледі: қоймалар дезинфекцияланады, себер алдында тұқым дәріленеді, егіндік жерлер бүркіліп, тозаңдандырылады, өсімдік үстеп қоректендіріледі және арамшөп оталады (химиялық отау).
Ауыл шаруашылығында өсімдікті зиянкестерден, аурулар мен арам-шөптерден қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар арналуына байланысты: инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер деп үш топқа бөлінеді. Инсектицидтер зиянды насекомдарды жою үшін, фунгицидтер өсімдік ауруларымен қүрес жүргізу үшін, гербицидтер арам-шөпті жою үшін пайдаланылады.
Бүріккіштер өсімдікке улы химикат ерітінділерін бүркеді. Тозаңдандырғыштар улы ұнтақ заттарды тозаңдандырады. Аэрозольды генераторлар улы химикаттарды жылулық және механикалық әдістермен тұманға (диаметрі 0,002 м-ге дейінгі бөлшектермен) айналдырады. Ол өсімдікті «орап» ауада тұрып алады.
Дәрілеуіш егілетін және отырғызылатын материалды түрлі ауру қоздырғыштарынан залалсыздандырады. Өңделетін алаңның көлеміне қарай қолмен атқарылатын, атқа және тракторға жегілетін (аспалы немесе тіркемелі) бүріккіштер мен тозаңдандырғыштар қолданылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестеріне
қарсы күрес жүргізу, сондай-ақ үлкен алқаптарда өсімдікті үстеп қоректендіру үшін авиация кеңінен пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына және арамшөпке қарсы күрес жүргізетін машиналарға мынадай агро-техникалық талаптар қойылады: олар өңделетін алаңның бір өлшеміне керекті улы химикаттармен қамтамасыз етуге және жұмыс процесінде өзгертпей сақтауға тиіс, ал тозаңдандыру құрылғысының сұйықты және ұнтақты өңделетін учаскеге біркелкі бөлуі керек тұқымды улы химикаттармен біркелкі өңдеуге тиіс; тұқымды умен қоса араластырғанда олардың механикалық зақымдануы 0,5%-тен артпауы керек; жұмыс органдары улы химикаттар әсеріне төзімді болуға тиіс.
Машиналардың құрылысы мен жұмыс процесі
Бүріккіштердің негізгі құрастырылатын бөліктері мен механизмдері — араластырғышы бар резервуар, насос, сорғыш және айдауыш коммуникациялар (магистральдар), басқару пульті, тозаңдандыру құрылғысы (брандспойттар немесе штанга), жұмыс органдарының берілісі және рама. Тракторға агрегаттау әдісі бойынша бүріккіштер аспалы ОН-400, ОН-400-1, ОН-400-2 (ОЧГ-2), ОН-400-3, ОН-400-4, ОН-400-5, ОУМ-4 және тіркемелі ОП-1600, ОП-1600-1, ОП-1600-2, ОВТ-1В етіліп дайындалады. ОН-400 бүріккіші егіс-дақылдарын, жүзімдіктің, бақтың, бұталардың, егістікті қорғау алабының зиянкестері мен ауруларына қарсы химиялық күрес жүргізуге арналған. Бүріккіштер Т-25 А, Т-40М және МТЗ тракторларының барлық өзгертілген түрінің үш нүктелі асу жүйесіне асылады. Машина жұмыс істеп тұрғанда сұйық улы химикат резервуардан сору сүзгісі арқылы айдауыш магистральға беріледі. Улы химикат магистральдан басқару пульті арқылы жұмыс органдарына — брандспойттарға немесе штангаға жетеді. Өте ұсақ бөлшектерге ұнтақ-талып, ыдырап тозаңданған күйінде өсімдікке және топырақ бетіне бүркіледі. Артық сұйық басқару пультінен құйып алу шлангасы арқылы қайтадан бүріккіш резервуарларына құйылады. Айдау магистралындағы сұйықтың жүмысы үшін қажет қысымы редукциялық клапанның тұтқасымен реттеліп, монометрдің көрсеткіші бойынша бақыланады. Айдау магистральдан сұйықтың бір бөлігі гидравликалық араластырғышқа беріледі де, резервуарда улы химикат ерітіндісін араластырады. Бүріккіш резервуарына ерітінді жылжымалы құю құралымен немесе бүріккішке орнатылған эжектормен толтырылады. Эжектормен толтыру кезінде резервуарға бірнеше шелек су құйылады. Эжектордың сору буын қабы улы химикат ерітіндісі бар ыдысқа батырылады да басқару пультінің тұтқасы «құю» қалпына ауыстырылып, трактордың қуат алу білігі іске қосылады. Резервуардың толған-толмағаны деңгей өлшеуіш шкаласы бойынша бақыланады. Толтырылып болған соң тұтқа жұмыс қалпына ауыстырылады да, ал буын қап резервуар үстіне жиналып қойылады. Машинаға ерітінді қосалқы құралдармен резервуардың қылта аузы арқылы құйылады.
Аэрозольды бүріккіштер (генераторлар). АГ-УД-2 аэрольды бүріккіштер трактор тіркемесіне немесе автомобиль кузовына орнатылады. Ол ауа айдауыштан, ауа түтіктерінен, екі ауа сүзгісінен, жанарғылы ыстық камерадан, улы сұйық пен тозаңдандырғышы (жиклері) бар саптамадан, улы сұйық құйылатын бактан, бензинмен жұмыс істейтін двигательден, бензин багынан және рамадан тұрады. Двигательден қозғалысқа келтірілетін ауа айдауыш түтіктермен жанарғыға және ыстық камераға ауа айдайды. Жанарғыға бактан жиклер арқылы жанар май түтігімен бензин келеді. Ауа бензинді тозаңдандырады. Сөйтіп жанғыш қоспа пайда болады. Ол білтелі свечадан тұтанып, толық жанып кетеді. Свеча қызу камерасының басталар тұсына қондырылған. Ол магнетомен жұмыс істейді. Жанғыш газдар саптаманың қылта аузынан өте тез өтеді. Сөйтіп оған жиклер арқылы улы сұйық құйылады. Оның бір жартысы тозаңданады, ал екінші жартысы буланып, тұманданады да өсімдікті залалсыздандырады. Генератордың өнімділігі 15-20 га/сағ, жұмсалатын сұйық мөлшері 5—6 л/га.
Тозаңдандыру. Тозаңдандырғыштың негізгі құрастыру бөліктері — тозаң тәрізді улы химикаттарға арналған бункер, желдеткіш, тозаңдандыратын құрылғы, жұмыс органдарына беріліс, рама. Тозаңдандырғыш тракторларға, автомобильдерге, өздігінен жүретін шассилер мен самолеттерге орнатылады. ОШУ-50 А аспалы әмбебап тозаңдандырғыш Т-25А, МТЗ-80, МТЗ-82, Т-40М, ЮМЗ-6Л, Т-150К тракторларына агрегатталады. Бақтарды, орман алаптарын, жүзімдікті, егістік, техникалық және көкөніс дақылдарын тозаң тәрізді улы химикаттармен жазық жерлер мен деңгейі 20°-қа дейінгі құлама тік тау беткейлерін тозаңдандыруға арналған.
Тозаңдандырғыштың жұмыс органдары бақ-егістік және жүзімдік тозаңдандырғыш құрылғы. Ол — фланецпен желдеткіш қабына бекітілетін саңылау тәрізді ұштық. Жүзімдікті тозаңдандыратын құрылғы үлкен үш тармақтан, екі саңылау тәрізді соплосы бар төменгі тозаңдандырғыш иіннен, тік түтіктен, екеуі кіші үш тармақтан және бағыттауыш күрекшелері бар екі тозаңдандырғыш ұштықтан тұрады. Жүзімдікті тозаңдандырғыш құрылғы жүзімдіктің екі немесе төрт қатарын бірден өңдеуге мүмкіндік береді. Жұмыс органдары қозғалысқа трактордың қуат алу білігінен кардандық беріліс арқылы келтіріледі. Тозаңдандырғыштың жұмыс процесі мынадай. Агрегат жүріп келе жатқанда бункердегі улы химикат айналып тұрған аударыстырғышпен көпсітіледі, содан соң шнек қоректендіргішпен мөлшерлеуіш саңылау арқылы желдеткіш науасына беріледі. Улы химикаттардың жұмсалу нормасын өзгерту үшін саңылауды жапқышпен сәл жабу керек. Ауа улы химикаттарды қағып алып, шығаратын келте түтікке, одан тозаңдандыру соплосы арқылы өңделетін учаскеге бағыттайды. Тозаңдандыратын құрылғының орналасу қалпын реттеуге, сол арқылы өңдеу аймағын өзгертуге болады. ПС-10 әмбебап дәрілеуіш улы химикаттардың тозаңдандырылған сулы суспензиясымен дәнді дақылдардың, бұршақ тұқымдастардың және техникалық дақылдардың тұқымын дәрілеуге арналған. Суспензия дегеніміз улы химикаттардың суда ерімейтін қоспасы түріндегі сұйық. Ол тиеу конвейерінен, дән бункерінен, бөлу құрылғысынан, дәрілеу камерасынан, дәрі түсіру құрылғысынан, резервуардан , сұйық (суспензия) мөлшерлеуішінен , құю насосынан , ауа тазартқыштан электр жабықтарынан және жүріс бөлігі бар рамадан тұрады. Жұмыс процесі мынадай ретпен іс жүзіне асырылады. Тиеу конвейері дәнді бункерге жеткізеді. Оған қажетті деңгейге дейін дән толтыру кезінде датчик электромагнитті, ал электромагнит жартылай муфта арқылы мөлшерлеуіштерді іске қосады. Суспензияны тозаңдандырғыш дискінің айналуы нәтижесінде болып жатқан дән ағынына шашады. Дәріленген тұқым машинадан шнектермен түсіріледі. Улы химикаттармен ластанған ауа тазартқышпен тазартылады. Бункер босаған соң датчик электромагнитті іске қосады. Ол жартылай муфта арқылы тұқым және сұйық мөлшерлеуіштерін ажыратады. Содан кейін өздігінен жүру жетегін іске қосады. ПС-10 эмбебап дәрілеуішінің схемасы: 1-жартылай муфта, 2-шаң қабылдап, жинауыш, 3-дәрі түсіру қылта аузы, 4-сүзгілер бункері, 5-желдеткіш, 6-сұйық (суспенэия) мөлшерлеуіш, 7-шнектер, 8-сұйық мөлшерлеуішінің реттеуіші, 9, 10, 11, 12-датчиктер, 13-дән бункері, 15-тұқым мөлшерлеуіштерінің жетегі, 16-дискі, 17-тозаңдандырғыш, 19-өздігінен жүру жетегі, 20-май құю насосы, 21-резервуар, 22-тиегіш конвейер. Дәрілегіш дән үйіндісіне ауысып орналасады, тиеу конвейері дәнді бункерге жеткізеді. Ол толғаннан кейін датчик конвейерді ажыратады да дәрілеуіш тоқтайды. Машинаның электр жабдығы дәрілеуіштің қолмен де, автоматты режимде де жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі