Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға

Бұл бетте «Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2016
  • 0
  • 2
  • 5074
Жау жүрек, қыран көзді арыстаным,
Жан қыйып халық үшін қарысқаның.
Қатардан қазақ сорды қалдырмасқа
Бәйгеде ұлы дүбір жарысқаның.

Шешен тіл, фарасаттың саясында,
Ететін талмай қызмет данышпаным.
Атқан оқ, сермеген қол хата кетпей,
Түспейді табаныңа бар дұшманың.

Не қылса дертке шифа табылад деп,
Европа саяхлармен танысқаның.
Бір іске ғақылдаспақ болсаңыздар,
Уәғдаға хилаф қылмай табысқаның.

Әуелі Алла, екінші білер халқың
Риясыз көңліңіздің халыстарын.
Азуы алты қарыс айдаһармен
Кезекті сөз жібермей салысқаның.

Кезінде ғазиз жанды еттің фида,
Халқыңның жібермеске намыстарын.
Көздеген мәсәлләкке тез ерішіп
Хайырлы болғай еді шабыстарың.

Бір залым хиянатпен тоқтатпаса,
Қатардан өздігіңнен қалыспадың.
Фасықтар бой көрсетпей үйде жатыр
Һүнерге құлаш сермей алыстадың.

Қамалға қарсы шапқан қаһарманым
Жәһәләт микробларын тауыс бәрін.
Иншалла, халыққа берер үлкен тәһсір,
Жерлерде екі талай дауыстарың.

Өлсең шаһид, ғазысың тірі болсаң,
Қызметке берер ажар құдірет кәрім.
Қазақты төрге сүйреп бір жеткізші,
Дін, дүние жемісі боп табыстарың.


Пікірлер (2)

Айзере

Бұл өлең маған ұнады бірақ түсініксіз жерлері бар екен

ТасанАйзере

Маған өлең ұнайды бірақ түсініксіз жерлері бар екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға өлеңінің авторы кім?

Міржақып Дулатұлы — осы өлеңнің авторы.

Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Міржақып Дулатұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері