Молдалар өзгелерді кәпір дейді

Бұл бетте «Молдалар өзгелерді кәпір дейді» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 2
  • 7
  • 16625
Молдалар өзгелерді кәпір дейді,
Өзі надан, наныңыз, түк білмейді.
Өзімшілдік көкейін тескен сорлы,
Аузына келгенді айтып жанын жейді.

Орыстың жақсыларын білмес қазақ,
Болып жүр сондығынан көпке мазақ.
Өнерлі, білімді елден тәлім алмай,
Қуларға еріп момындар тартар азап.

Үйренсе ғылым менен сан өнерін,
Білер еді-ау өнердің не берерін.
Танысса ақын, ойшыл адамымен,
Табар еді-ау адалдық, ар көмегін.

Білсе егер Салтыков пен Толстойын,
Сезсе олардың айтылған терең ойын.
Байрон мен Пушкиндерден ғибрат алса,
Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын.

Лермонтов, Некрасовтай ақындарын,
Өнеге етсе солардың мақұлдарын.
Өзімшіл, надандықтан көзі ашылып,
Аңғарар адал жолға жақындарын.

Сұрқия, сопылардың алма тілін,
Беті тұнық, асты ылай ол бір жылым.
Өнерсің өнеге алсаң үлгілі елден,
Адамшылық өнер мен берер білім.

Алаяқ сұмдарға ерсең, болмас жолың,
Қазағым-ау, қаңғырып қайнар сорың.
Өнер-ғылым үйренсең еңбек етіп,
Мазақ болмай елдікке жетер қолың.


Пікірлер (7)

Абдусаттаров Сакен

Оте жаксы.

аяна

ос оленнен кейін шәкәрімді жек коріп кеттім

Селин

Өте керемет тура ойды айтқан өлен қазақты тура айтқан қайран болдым өлендеріне тамаша.

Омар

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Молдалар өзгелерді кәпір дейді…» — ойлы әрі өткір өлең. Бұл шығармада ақын надандық пен ақиқатқа деген көзқарасты шебер суреттейді .

Джейлан

Керемет өлең тура ойды айтқан қатты ұнады жаттаудамын тамаша өлен бұл өлкеде көзқарасты,шеберлікті,ойды айтады.

Сара

«Молдалар өзгелерді кәпір дейді…» — ұлы қазақтың ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының өткір әлеуметтік поэзиясы. Бұл өлең — тек сөз тіркестері емес, қоғамдағы надандық пен өзімшілдікті сынға алатын терең ойдың көрінісі.

Шығарманың әр жолы — қазақтың рухани байлығын, ойлау күшін және адамгершілік ұстанымын көрсететін айна іспетті. Ақын қоғамдағы кейбір кемшіліктерді ашық айтады: басқаны жамандаудан гөрі, ғылым мен өнерді үйренудің, шынайы білім іздеудің маңызы жоғары екенін ұғындырады.

Өлеңде бейнеленген образдар мен теңеулер — ғасырлар бойы сақталған әдеби қабілет пен терең философиялық мағынаны білдіреді. Бұл туынды қазақ поэзиясының әлеуметтік сынға бағытталған үздік үлгілерінің бірі ретінде оқырманға ой тастайды, адам болмысының мәнін түйсіндіреді.

Осындай поэтикалық шығармалар қазақ әдебиетіндегі ақынның ой‑санасын, ұлттық болмыс пен рухани байлықты терең түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл өлеңді оқу арқылы әрбір адам өзінің мінезі мен айналасындағы әлемді қайта ойлануға шақырылады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Молдалар өзгелерді кәпір дейді өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Молдалар өзгелерді кәпір дейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Молдалар өзгелерді кәпір дейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Молдалар өзгелерді кәпір дейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері