Өлең, жыр, ақындар

Қалқаман Әбдіқадіров. Жиб- Жица күресі

 

  •  

Астана қаласы

№ 38 мектеп- лицей ММ

бастауыш сынып мұғалімі

Измуханова М.М

 

Сабақтың тақырыбы: Қалқаман Әбдіқадіров. Жиб- Жица күресі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Күрес өнерінің шебері ,қазақ халқыныңбіртуар тұлғасы – Қажымұқан Мұңайтпасов өмірінен кеңірек мағлұмат алады.

Дамытушылық : Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге , қорытынды жасауға дағдыланады. Мәтін үзінділерін талдай отырып, әйгілі палуанның адамгершілік болмыс- бітімін сомдайды.

Тәрбиелік: Бір –бірінің жұмыстарын талқылау, толықтыруарқылы атақты палуанның ерен еңбегін бағалайды , құрметтейді.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру.

Қажетті құралдар: Оқулық, Қажымұқанның суреті, слайд, физикалық карта, маркерлер қолданады.

Сабақтың барысы:

I. Мотивациялық- бағдарлау кезеңі . Сырбай Мәуленовтың   «Ұл тартып туса еді өзіңе» өлеңінен

үзіндіні тыңдау ұсынылады.
 Саусағы Алатаудың еменіндей, 
Жотасы Қаратаудың кемеріндей, 
Жүзінен шаттық, қайғы білінбейді, 
Тұп-тұнық Қараөткелдің тереңіндей. 

Сұрақ:  Өлеңдегі  адамның бітім –болмысы туралы не айтасың?  Оқушылар өз ойларын айтады .

Тақырыпқа кіріспе. Бұл адам - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге түркі халқы тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған , теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған қазақтың тұңғыш алыбы Қажымұқан бабамыз.  

  1.   Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

3. Балалар «Қажымұқан бабамыз туралы не білеміз?» деген сұраққа өз білгендерін айтады.

Мен не білемін?

 

Нені білгім келеді?

 

Бүгінгі сабақта не білдім?

 

Балалар Қажымұқан Мұңайтпасов туралыбілетінін жазады.

 

  1. Қажымұқан бабамыздың ата –анасы туралы білгім келеді.
  2.  Джиу –джитсу күресі қандай күрес?
  3.  Қажымұқан бабамыз қандай елдерде өнер көрсеткен?
  4.  Қажымұқан бабамыздың біз білмейтін қандай өнері бар?
  5.  Атақты палуан өмірде қандай адам болған?

 

 

 

 

 

 

   II.Операциялық-орындаушылық кезең. Әр топқа мәтін бөліктері бөлініп беріледі. Оқушылар мәтін бөліктерін топпен талдайды.

1-топ тапсырмасы : Қажымұқан менСар Кек- Киге мінездеме жаз.

2- топ тапсырмасы: Қоянды қамыс өлтіреді,

Жігітті намыс өлтіреді.

Бұл мақалды қай кейіпкерге қатысты айтуға болады , неліктен?

3-топ тапсырмасы: Шығармаға берілген үлгі бойынша кешенді сатылай талдау жаса:

А) Әңгіменің аты; Ә) Авторы; Б) Басты кейіпкерлері; В) Түйінді ойы; г) Тәрбиелік мәні.

  1. . Слайдпен жұмыс
  1. Алып анадан туады.
  2. Суреттер сыр шертеді.
  3. Біз білметін Қажымұқан бабамыз.

1913 жылы Парижде өткен Әлем біріншілігінде

Поддубный екеуі финалға шығады.

Осы жолы «Ағаның жолына әдепсіз таласады», - деп

Мұқан Поддубныйды кілемнен көтеріп, бірінші орын

осы кісінікі деп, алаңнан алып кетеді. 

Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,

Достарым алып палуан орыстардан

«Черный Иван» атанып он екі жыл

Жиырма төрт патшаның жерін басқам .

Өмірін күрес өнеріне арнаған қазақтың алыбы, кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы Ұлы Отан соғысы кезінде халық арасында өнер көрсетіп, 100 мың сом қаражат жинайды. Сол жиналған қаражатына жеңіл ұшақ жасатып, майданға жібереді. Балуанның 100 мың сомға жасатқан ұшағы өз өтініші бойынша қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаевқа беріледі.

IV. «Қажымұқан баба жүрген жолымен» ( Үш топқа карта үлестіріледі. Оқушыларға палуанның жетістіктері мен сайыс өткен қала аттары оқылады. Балалар картадан елді мекен ді аз уақыт ішінде табу тапсырылады.

Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,

Достарым алып палуан орыстардан.

«Черный Иван» атанып он екі жыл

Жиырма төрт патшаның жерін басқам,-деп жырлағандай Қажымұқан

бабамыздың табаны тиген жерлерді картадан тап.

         Сабақты қорыту кезеңінде «Нені білдім?» сұрағына жауап алынады.

  1. Қажымұқанның атасы Ернақ батыр Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісінде мыңбасы болған.
  2. Қажымұқанның әжесі Айсары, шешесі Кәбира да палуан болған білекті де жүректі қазақ қыздары.
  3. Өлім сайысына екі рет түседі. Бірінде жапон палуаны Саркекимен Харбиндегі кездесу,  екіншісінде  Ташкенте Горкпен кездесу. Екеуінде де жеңіске жетеді. Горкпен шығу себебі, Поддубныйды ұстазы деп құр меттейтіндіктен  сайысқа өзі шығады. 
  4. Өлең шығаратын сал- серілік өнері болған, ән айтқан.
  5. Зиялы қауым өкілдерімен сыйлас болған.

      Қорыту:

Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. 

Шығармашылық тапсырма: Батыр баба – Қажымұқан эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

 

   

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер