Өлең, жыр, ақындар

Салт дәстүр

Сынып: 1 А

№ 21 сабақ

«Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар

№23 орта мектеп» КММ

III тоқсан

VI БӨЛІМ:   САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

Сабақ тақырыбы:

С А Л Т    -   Д Ә С Т Ү Р

 Күні: 10.02.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Актанберлиева Ш.К.

Қатысқан оқушылар саны: 14

Қатыспаған оқушалар саны: 1

Осы сабақты меңгеруге қол  жеткізетін оқыту мақсаттары

1.1.1.2. Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.

1.1.2.1. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

1.1.2.2. Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ  халық  аспаптарында ойнау.

1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.
  • Оқушылар ұлттық музыканы, бейнелеу өнерін және олардың тарихпен байланыстарын зерделейді.
  • Балалардың ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасын тыңдайды, орындайды, қарапайым импровизациялар шығарады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Басқа бөлімдердегідей оқып үйренуде динамикалық карталарды пайдаланады.
  • Музыкада динамикалық реңктерді тани білуге қатысты музыкалық ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады. 

Кейбір оқушылар:

  • Әнге қимыл салады, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді.

Тілдік мақсаттары

Оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімін ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету).

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Қазақтың музыкалық аспаптары.

Мұны  мынандай .....   жолмен жақсартуға болады.

Мен көріністі .......   жолымен жақсартар едім.

Диалог / жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Салт-дәстүр туралы не айтасың?
  • «Бесік жыры»  қандай ән?
  • Қандай бөліктерін жақсартуға болады?

Алдынғы сабақтарда алған білім

Оқушылар алдыңғы сабақтардан әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық сүйемелдеу құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренеді.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-5 мин

(МК, Т) Оқушылармен музыкалық  сәлемдесу:

Ынталандыру сәті:

Өлең айтып, күй тыңдап,

Өнермен өссін санамыз.

Оқу оқып, сусындап,

Білімнен бақыт табамыз.

  • Балалар, бүгін бізге қонаққа «Жұлдызша» келді.

Жұлдызша оқушылармен  үш тілде амандасады:

Сәлеметсіздер ме, балалар! – Здравствуйте ребята! – Hello children!

Жұлдызша: Мен адасып кеттім, маған көмектесесіңдер ме?

Жұлдызша: Мен мына жерде болмаппын. Мынау қай жер?

Мұғалім: балалар мына суретті тауып көрейікші... ненің әлде қай жердің суреті... (Ауылдың суреті)

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар. Мына сурет қазақ ауылы. Жұлдызша да бүгін қазақтың салт-дәстүрімен танысу үшін арнайы қазақ ауылына келді.

 

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы САЛТ-ДӘСТҮР.

Сабақтың мақсатын хабарлау

 

 

 

Сентезатор

 

 

 

 

Аудиожазба

«Жұлдызшаның» оқушылармен сәлемдесуі

 

 

Сабақтың ортасы

6-12 мин

  • Салт-дәстүр туралы не білеміз?

Оқушылардың жауабы: әндер, билер, тойлар...

  • Қандай тойларды білесіңдер?
  • Шілдехана – бұл қандай той?
  • Сүйінші дегеніміз не?  

Оқушылар өздері көрген бала дүниеге келген кездегі қуаныш, адамдардың көңіл күйі, бесікке салу дәстүрі туралы әңгімелейді

Сүйінші, шілдехана туралы мәлімет береміз.

Сүйінші  - дегеніміз жақсы, қуанышты хабарды жеткізу.

Шілдехана – сәби дүниеге келгенде жасалатын алғашқы той.

  • Дұрыс айтасыңдар. Қазақ халқының дәстүрі бойынша сәби дүниеге келгенде «Шілдехана» тойын жасайды. Жаңа туған сәбиді бесікке бөлеп, үлкендер тілек айтады, батасын береді
  • «Бесік жыры» қандай ән?

Үштілдік: бесік жыры – колыбельная – lullaby – қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйрету.

 

 

 

13-18 мин

 

Музыка тыңдау: «Бесік жыры»

Ән үйрену: «Бесік жыры» (Қазақтың халық әні).

 

        Әлди-әлди, ақ бөпем,

        Ақ бесікке жат, бөпем.

        Жылама, бөпем, жылама,

       Жылама, әлди, жылама.

 

 

 

 

«Бесік жыры» (Қазақтың халық әні).

19-25 мин

Практикалық жұмыс: Сұрақ-жауап

  • Соль нотаның түсі қандай?
  • Ми нотаның түсі қандай?
  • Соль нотасы қай жерде орналасқан?
  • Ми нотасы қай жерде орналасқан?

http://music.slovaria.ru/me/allegretto.jpghttp://cliparts.co/cliparts/8i6/5Gp/8i65Gp5bT.jpgНоталарды атаңдар

f  - p белгілерін көрсетіңдер.

 

   

 

Интербелсенді тақта

26 – 29 мин

 

 

 

 

 

 

 

30 – 35 мин

1 тапсырма:  Жұптық жұмыс

    Осы карточкаларды динамикалық белгі арқылы орындаймыз. Бірінші оқушы қатты - f  орындаса, екінші оқушы p - ақырын орындайды.

 

2 тапсырма: Топтық жұмыс:

«Ұрмалы аспаптармен орындау» береді

 

бірінші топ

 

 

 

екінші топ

 

 

үшінші  топ

 

 

 

Карточкалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық аспаптар

Сергіту сәті

36-39

Нота арқылы жаттығулар жасаймыз

 

Төрттік нотаны санаймыз –

 1-ге 2-ге

Және оны адымдаймыз –

1-ге 2-ге

Сегіздікті көрсетейік

1- ге – 2 – ге

Орнымызда серкірейік

1 – ге 2 – ге

Айналамыз, созыламыз

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

 

 

Сабақтың соңы

40-45 мин

Тест. Актив ойт құралымен оқушалар тест орындайды.

 

 

     

 

 

             

 

 

  

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

Aktiv ote – құралы

 

Интербелсенді тақта

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Дифференциация – көбірек қолдау көрсетүді қалай жоспарлайсыз?

Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалауды-оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыстар. Құндылықтармен бьайланыстар (тәрбиелік элемент)

 

Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау.

Оқушы жүргізуші бола алады.

Қорытыны міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар.

Бақылау, тыңдау, ойлануға берілген сұрақтар:

  • Ән әуені мен мазмұны музыкалық бейнені аша алды ма?
  • Ән әуендегі дыбыс бояуын сезініп орындай алды ма?  
  • Музыканы тыңдап, талдай ала ма?
  • Тілді меңгеруге қандай өзгерістер байқалды?

«Көркем еңбек», Дүниетану»  пәндерімен байланыс.

Салт-дәстүр туралы танымын кеңейту.

Қызығушылығын арттырып, туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Достарының пікірлерін құрметтеу, топ мүшелерінің іс әрекетін бақылауға дағдыландыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізд ібілдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
  • Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
  • Жеткізбесе, неліктен?
  • Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
  • Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
  • Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: ___________________________________________________________________________

 

2:______________________________________________________________________________

 


Пікірлер (2)

мейірман рая

өте жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз