Өлең, жыр, ақындар

Жабайы алма. Құл – Керім Елемес

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
№2 Новоишим орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Елубаева Рабига Пазылбековна

Тақырыбы: Құл – Керім Елемес «Жабайы алма»

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын дамыту.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Технология:  «БжС» технологиясы, «Ауызша сабақ - 1» картасы.

Сабақ типі: «БжС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, презентация, алманың суреті.

1.Ұйымдастыру кезеңі мотивация. Психологиялық тренинг.

Армансыз ба, ұстазым,

Амансыз ба, қонақтар.

Амансыз ба достарым,

Баршаңызды көргеніме ризамын.

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы, «Ауызша сабақ- 1» картасы бойынша жұмыс істейміз.

Сабағымызды бастамас бұрын  ортамызға сыныбымыздың көшбасшысын шақыруға рұқсат етіңіздер.

Көшбасшы сөзі:

 - Бүгінгі сабағымызды нәтижесін 63% жеткізуге дайынбыз ба?

 - Әрқашанда дайынбыз!

 - Еліміз үшін еңбек етуге әрқашан дайынбыз ба?

 - Әрқашанда дайынбыз!

-Жақсы, ендеше  тақтаға кезеңдерді іліп  сол кезеңдер бойынша жұмыс жасаймыз.

1. Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар. 
2. Тірек сөздер. 
3. Мәтінмен жұмыс. 
4. ҚҚС. 
5. СТС. 
6. ТСҚ. 
2. 1- кезең .Оқушылардың субъектілік іс - тәжірибесін өзектендіру.
Өткен сабақ «Ағаш ек» тақырыбы бойынша қарама - қарсы сұрақтарға жауап беру. ООМ «+», «-»  ұпайларын қою. Матрицамен жұмыс.

Қарама–қарсы сұрақтар.

1. Дүниеде теңдесі жоқ байлық? (жасыл желек ағаш)
2. Ағаш табиғатта не сақтайды? (ылғал)
3. Шірінді топырақта не  түзеді? (құнарлы қабатын)
4. Егістікті неден сақтайды? (желден,судан)
5. Адамды, жан-жануарларды неден сақтайды? (жел-шаңнан, күннен)
6. Орман нелердің мекені? (аңдар мен құстардың)
7. Ата-бабамыз жалғыз ағаштың өзін қандай ағаш деген?  (киелі)
8. Ыза су қандай мағынада айтылған? (жер қабатында жиналған су)
9. Ата- бабамыз  «Артыңда мал қалғанша,  ...не қалсын» деген. (тал қалсын)
10. Ағаш қандай материал? ( құрылыс, жиһаз материалы)
11. Көмір  қышқылын жұтып, оттегі бөлу арқылы нені тазартады? (ауаны)
12. Елімізде қандай жасыл желектермен айналысатын ұйым бар? (Жасыл ел)

Үй тапсырмасын бекіту: «Бір ағаш кессең, он ағаш ек» мақалымен бекіту.          

3. Қабылдауды ұйымдастыру: Жаңа тақырыппен таныстыру, автор туралы мағұлымат беру (презентация).

2-кезең.  Жаңа тақырып бойынша  7 сөзден тұратын тірек сөздер ілінеді, мағынасын түсіндіру.

Шыбықтарын
Екпе
Бағбандар
Қышқыл
Төзімді
Қуанышында
Көзіндей

Жаттауға 30 сек. уақыт беріледі. Оқушылар тақтадағы тірек сөздерді есте сақтайды (7 сөз -30 сек.). 30 сек. кейін тірек сөздер жабылады. Оқушылар 30 сек. ішінде жазып шығып, дәптерлерімен алмасады, бір-бірінің жазылған сөздерінің санын санайды.Мұғалімге хабарлайды, ООМ «+», «-» белгілеу.

4. Ұғынуды ұйымдастыру.Оқушылар оқулықтағы «Жабайы алма» 87-90 бетті ашу,оқу. 2 жарым  параққа 10 мин уақыт беріледі. Оқулықты жабу.

5. Түсінудің бірінші тексерілуі

3- кезең. Қарама- қарсы сұрақтар (жаңа тақырып бойынша)

1. Оқиға қай мезгілде болды? (көктемде)
2. Нүсіпжан ата бағында не істеп жүрді? (қураған ағаштарды қопарыптастап, жаңадан жас ағаштар отырғызды)
3. Немересі Нұрғали не істеп жүр? (жас шыбықтарды тасып,көмектесіп жүр)
4. Екпе алма қандай болады, жабайы алма қандай болады? (екпе тәтті, жабайы қышқыл)
5. Немересі атасынан не сұрайды? (жабайы алманы отырғызуды)
6. Жабайы алма шыбығын қайдан алып келеді? (тоғайдан)
7. Екпе алмалар не істей бастады? (бүршік атып, көктей бастады)
8. Жабайы алма табиғатына сай неге шалдықпайды? (үсікке, суыққа)
9. Нүсіпжан ата неше жасында дүниеден озды? (сексеннен асып)
10. Нұрғалидың да өзі кім болды? (ата болды)
11. Бір түп жабайы алма да болды? (мәуесін жайған, үлкен жап-жасыл қалпында тұр)
12. Нұрғали ата жалғыз түп жабайы алманы қалай аялады? ( Нүсіпжан атасының көзіндей)
13. Жабайы алманы көргенде не елестейді? (өзін бала Нұрғали түрінде)
14. Нұрғали ата кімдерге жыр етіп айтып отырды әдетке айналдырды? (достарына, немерелеріне)   

ООМ  «+», «-» белгілерін қою.

6. Бірінші бекітуді ұйымдастыру 
 Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу. «Құтқару шеңбері» сұрақтары.

1. Немересі алманың дәмі жағынан  қандайын жақсы көрді? (қышқылын)
2. Нұрғалижабайы алманы еккенде неше жаста болды? (жеті жаста)
3. Атасы немересін кімге теңеді? (періштеге)
4. жабайы алма жыл сайын қалай өнім берді? (молынан)

ООМ  «+», «-» белгілерін қою.
4-кезең. Сыни тұрғысынан сұрақтар: 

1. Бұл оқиға ерте күзде болды? (дұрыс емес ерте көктемде болды)
2. Нұрғали атасының жанында ойнап жүр (дұрыс емес көмектесіп жүр)
3. Атасы сәби тілегін орындаған жоқ (дұрыс емес орындады)
4. Жабайы алма қышқыл болады екен (дұрыс қышқыл болады)
5. Екпе алмалар да кезінде жабайы алмалар еді (дұрыс жабайы алма болған)
6. Атасы мен немересі жабайы алманы шеткі жаққа отырғызды (дұрыс емес дәл ортаға отырғызды)
7. Жабайы алмада қышқыл болғандықтан құрттар түсетін (дұрыс емес құрт түспейтін)
8. Басқа алма ағашы жеміс бермесе, жабайы алма ағашы да жеміс бермейтін (дұрыс емес ол жеміс бере береді)
9. Нұрғали да ата болды (дұрыс ата болды)
10. Жабайы алма қурап қалды (дұрыс емес жайқалып өсті)
11.  Нүсіпжан мен Нұрғали еңбекқор адамдар (дұрыс еңбекқор адамдар)
12. Ауладағы жас шыбықтар орындарын басқа екпелермен алмастырып үлгерген (дұрыс алмастырып үлгерді)         

ООМ  «+», «-» белгілерін қою.

7. Талдау 
5- кезең. Тақырыптық сөздік қор: 
Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс. Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескерту. 
Мәтіннен сөздер немесе мәтіннің мазмұнын жазу. 44 сөз. 5 минут ішінде жазу.
1) Матрицаны толтыру ООМ  «+», «-» белгілерін қою.
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді. 
3) ТСҚ - ның пайызы есептеледі.

8. Рефлексия:оқушылар алдарындағы алмаларға тілектерін жазып іледі.

Қызыл алма- сабақты түсіндім

Сары- орташа

Жасыл - түсініксіз

9. Бағалау:

Түйсіну: 4 - 5 баға – 5ұпай
3 баға  - 4 ұпай 
2  баға - 3 ұпай 
1 баға - 2 ұпай 
Қорытынды сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 
(11 баладан 7 бала)
10. Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.87-90 бет оқу, мазмұнын айту.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер