Өлең, жыр, ақындар

«Үш аю» ертегісін сахыналау

Білімділік саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Үш аю» Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін – бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ – жауап. Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, талдар, орындық, маскалар, төсек орны, ыдыстар, себет, үнтаспа. Рөлде ойнайтындар:Ата-Нұртас,Әже – Рамина, Машенька қыз – Нұрай, Үш аю (әкесі) –Ислам, анасы– Кәусар, баласы Мишутка – Санжар.Балалар көңілді саз әуенімен залға кіріп, шеңберге тұрады: -Балалар,бізге бүгін қонақтар келіпті. Кәне олармен үш тілде амандасып алайық: -Сәлеметсіздерме?! –Здравствуйте?! –Helloy?! Қайырлы таң Аспан ата, Қайырлы таң Жер Ана, Қайырлы таң апайлар, Қайырлы таң достарым, Міне менің қолым дос, Жылуыма жылу қос. Жүргізуші: Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдерме? Ертегіге қонаққа барғыларың келе ме? Ендеше Карина бізге жұмбақ жасырады, мұқият тыңдайық: Карина: Қорбаң етіп жүреді, Орманда өмір сүреді, Жидек оның жегені. Балды да жақсы көреді. Ол кім? Балалар: -Аю Жүргізуші: -Аю туралы кім тақпақ біледі? Бекболат: Аю отыр партада, Екі қолы қалтада. Апай сабақ сұраса, Ұйықтап қапты масқара. Жүргізуші: - Жарайсыңдар балақайлар! Енді барлығымыз аю туралы қимыл жаттығу көрсетейік: Қорбаңдаған аюдың (аю сияқты жүреді) Құлпынайы көп екен (көрсетеді) Теріп-теріп алайық (жерден құлпынайды тергендерін көрсетеді) Қалтамызға салайық (қалталарын көрсетеді) - Балалар,сонымен біз бүгін қай ертегіге қонаққа барамыз деп ойлайсыңдар? Балалар: - «Үш аю» ертегісіне қонаққа барамыз. Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар. Біз «Үш аю» ертегісіне барады екенбіз. Ол ертегіге бару үшін сиқырлы кілемшемізге отырып ұшамыз.Кәне барлықтарың менің жаныма отырыңдар. (Музыка ойналады). (Ортаға тоғайлар қойылады, «Үш аю»ертегісі туралы слайд көрсетіле бастайды « Үш аю» ертегісінің атрибуттары қойылады). Ерте ерте, ертеде атай мен әжей болыпты, олардың Маша деген немересі бар екен. Бір күні Маша: Әже, орманнан жидек теріп қайтайыншы,-деп әжесінен сұранады. Әжесі: Жақсы бара ғой қызым, тек алысқа ұзама, тез қайтып кел. Маша: Жарайды. Маша орманда жидек теріп жүріп адасып кетеді Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді. Бір кезде Машенька ата-әжесін көмекке шақырады:А – у – у – у ата, А – у – у – у атаА – у – у – у әже, А – у – у – у әже қайдасыңдар, маған көмектесіңдер!(Барлық балалар бірге қайталайды) Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кезігеді. Маша:Үйшік – үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Аюдың әкесі, шешесі, қонжық Мишутка.Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарқанда тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ – әкесінікі, орташа табақ анасынікі, ал кішкене табақ – Мишутканыкі еді. Маша үлкен орындыққа отырып,үлкен табақтағы ботқаны жеп еді ұнатпады ,одан кейін орташа орындыққа отырып,орташа табақтағы ботқаны жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкене орындыққа отырып,кішкене табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалады. Ботқаны Маша түгел жеп қояды. Ең кішкентай орындық өзіне тұп – тура екен. Маша тербеліп еді, орындық құлап қалды. Маша арғы бөлмеге кіріп еді онда төсектер бар екен. Маша үлкен төсекке келіп еді, тым биік болды. Ортаншы төсек кең болды. Ал кішкентай төсек Машаға тура келді. Сол төсекке жатқан Маша ұйықтап қалады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады (музыка ойналады). Шаршап келген аюлар асын ішпек болады. Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.Осылайша аюлар байқап қалады. Өз тамағын көрген аюдың әкесі: «Менің тамағыма кім тиіскен?» деді гүр етіп. Анасы : «Менің ботқамды де татып көріпті»,- деп айғай салды. Мишутка: «ой,Менің ботқамды түгелдей жеп қойыпты», деп шәңк – шәңк етті. Бір кезде олар ұйықтайтын бөлмеге кірді: Үлкен аю:«Менің төсегіме кім жатпақ болды?» деді гүр етіп. Ортаншы аю: «Менің төсегіме де біреу жатпақ болыпты »,- деп айғай салды. Кішкене Мишутка: «Ой, менің төсегімде біреу жатыр ғой , міне жатыр, ұстаңдар», деп шәңк – шәңк етті. Аюлардың даусынан шошып оянған Маша қорқып кетті. Маша: Мені жемеңдерші ,мен сендерге өлең айтып беремін. Аюлар: Жарайды. Маша:Ән:« Аю,аю тұршы» Аюлар: Маша, орманда жалғыз жүруге болмайды, біз сені ата мен әжеңе алып барайық. Аюлар Машаны атасы мен әжесіне алып барды. Атасы,әжесі: Рахмет, сендерге аюлар,келіңдер бәріміз дос болайық. Сөйтіп, барлығы дос болып, тату-тәтті өмір сүріпті. Осымен ертегіміз аяқталды. Шағын орталығымызға қайтатын уақыт таяп қалыпты. Балалар ертегі кейіпкерлері бізбен бірге барып, би билегілері келеді екен. Олай болса сиқырлы кілемшеге отырып,оларды да алып барайық. (Музыка ойналады) Би: «Аңдар биі» Қортынды: Сендерге ертегі ұнады ма? Ертегі не жайында? Балалар: Ертегі біздерге ұнады. Ертегі үш аю туралы. (Кейіпкер балаларды хабарлап айту)Тыңдағандарыңызға рахмет! Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық! Сау болыңыздар! КММ «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» «Балапан» шағын орталығы Көркем әдебиеттен ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: «Үш аю» ертегісін сахыналау. Дайындаған тәрбиеші: Тоқтарқанова Д.Р. Самар ауылы,2017-2018 оқу жылы


Пікірлер (2)

А йжулдыз

Акымак. Касыр

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер