МКҚК «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы
Психолог/Тәрбиеші
Қдырбаева Гүлнар Оңдағанқызы
Мақсаты: Диқандар еңбегін, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, нанның дастарханға қайдан келетінін түсіндіру, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Нанның дастарханға қандай еңбекпен, қалай келетінін біледі, сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруді, үлкендер және диқандар еңбегін құрметтеуді игереді, үйренгендерін күнделікті ойындарда қолданады.
Шаттық шеңбері:
Армысың алтын күн
Армысың көк аспан
Армысың жер Ана
Армысың достарым
Сендерді көріп қуандым (тәрбиеші балалармен бірге қимыл іс-әрекет арқылы орындайды)
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз (балалардың жауабы)
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілінде 3 ай бар (балалардың жауабы)
- Аттарын атайық
- Қыркүйек,қазан,қараша (балалардың жауабы)
- Ауа-райы қалай өзгереді?
- Күн салқындайды, аспан бұлттанады,жиі-жиі жаңбыр жауады т.б. (балалардың жауабы)
Тақырыптық әңгіме-сұхбат: Суреттер арқылы нанның қандай еңбекпен келетінін түсіндіру,экраннан көрсету.
Тіл ұстарту жаттығуы: Ыз-ыз-ыз, ыс-ыс-ыс.
Сөздік жұмыс: Диқандар, наубайхана, диірмен сөздерін буынға бөліп айту.
Динамикалық үзіліс: «Бұлт»
Бұлт қабағын түйіп ап,
Бүркеп алды аспанды.
Тырс-тырс-тырс-тырс тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.
Әрбір бала тақтадағы нанның дастарханға қалай келетінін көрсететін суреттерді реттеу арқылы әңгімелеп береді. (егін алқабы, бидай, комбайн, жүк машиналары, диірмен, наубайхана, нан тасушы машиналар, дүкендер, үйдегі дастархан)
Жұмбақ: Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.(«бидай», балалардың жауабы).
Тинга-тинга әдісі арқылы бидайдың суретін салады.
Диалог «Қайдан келдің тәтті нан» балалар екі топқа бөлінеді.1 топ тәтті дәмді тоқаштар, 2-ші топ ақылды балалар.
- Қайдан келдің тәтті нан?
- Дүкеннен келдім нан сатқан
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан
- Диірменге келдің қай жақтан?
Кең далам менің көсілген
Диқандар мені өсірген
Қорытынды: Сюжеттік рөльдік ойын. Балаларды топқа бөліп, «Дүкенші», «Наубайханашы».
«Диірменші», «Диқандар» ойынын ойнату арқылы қорытындылау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі