Өлең, жыр, ақындар

Халқым менің қонақжай

Кенжебаева Айзада Сериковн

№17 ЖББОМ, Қарағанды қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Халқым менің қонақжай»
Құндылық: қазақ халқы қонақжай халық екенін ұмытпау.
Қасиеттер: сыйластық, туыстық, достық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың мақсаты:
«Сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білуге үйрету; үлкенді сыйлауға,кішіпейілдікке,әдет-ғұрпымызды үйренуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-қонақ күту дәстүрі,қонақасы туралы түсінік беру;
-қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;
-қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Армысыздар,құрметті біздің қонақтар,
Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Хош келдіңіз бүгінгі біздің сабаққа,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
-тыныштық сәті.
Амандасқаннан кейін оқушыларға үйге берілген тапсырмалары бойынша ойларын жинақтауға , сабақты жақсы игерулеріне тыныштық сәті қолданылады.
-Балалар өздеріңді еркін ұстаңдар.Еркін жайғасыңдар..Бір сәт тыныштықта отырамыз.Біраз қиялға шомыламыз.Балалар, бүгін үйге қонақ келді.Үйдің іші мәз-мейрам.Барлығы наурыз мерекесін тойлауда.Ұлыс оң болсын деп ,ата-әжелер бата-тілектерін айтуда.Ал, енді жайлап көздеріңді ашыңдар.Не елестеді?
2.Үй тапсырмасын тексеру.(мәтін бойынша сұрақтар қою)
Үйге берілген тапсырма 108 беттегі Қонақасы әңгімесін оқып келу.Мазмұнын сұрау.
Сұрақтар қою:
1.Сыбаға дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Қонақасы деген не?
3.Қонақ күтуден адамның қандай жақсы қасиеттері көрінеді?
3.Дәйексөз.
Жақсы қонақ – құт, береке.(сұрақ-жауап )
Мұғалімнің түсіндіруі:
-иә,ертеде қазақтар үйіне жақсы адам келсе,сонымен бірге үйге қуаныш,бақыт,жақсылық келеді,деп қуанатын болған. «құтты қонақ келгенде қой егіз табады»-деп жақсылыққа жорыған.Өйткені жақсы адам қонаққа жақсы ниетпен,жылы тілекпен,мейірімді жүрекпен барады.Дастарқан басында жақсы сөздер айтып,көңілді отырады,айналасына күлкі,қуаныш сыйлайды.
4.Әңгімелеу(сұхбат).
Кішіпейіл адам қонақтарды жылы қабақпен жарқылдай қарсы алады.Киінуіне, шешінуіне көмектеседі, көңілін аулауға көмектеседі.
Жомарт адамның дастарханы мол болады,Былғап қояр, сындырып алар – демей ойыншықтарын , кітаптарын көрсетеді.Қонағының неғұрлым көңілді отыруын қалайды.
Кеңпейіл адам келген кісі байқаусызда бір нәрсені бүлдіріп алса, оны байқамаған болады.Бетіне баспайды.Қайта тыныштандырып, жұбатуға тырысады.Өзі сыпайылық танытады.Достарын үйіне шын ниетпен шақырады.Олардың біріне-бірін жамандамайды.Ешкімді алаламайды.Нашар мінез көрсетпейді.
Мұғалім:
-Міне , сонда ғана сені қонақжай адам деуге болады.Енді мына бір әңгімеге назар аударайық.
Жанардың туған күні жақындап қалды.Бұл күнді ол асыға тосып жүрді.Оның да себебі бар.Ата-анасы оған үйге достарын шақыруға рұқсат берген болатын.
Көптен күткен күн де келіп жетті.Жанар қонақ шақыруға әбден дайындалды.Үйдің ішін жинады.Анасына әртүрлі тәтті , дәмді тағамдарды пісіруге көмектесті.Өз қолымен сусын әзірледі.Бәрін орын-орнына қойды.Дастарқан үсті жайнап кетті.
Улап-шулап достары да жетті-ау,әйтеуір.Бұрындары үйге кісі келгенде оларды қалай қарсы алу қажет екендігіне Жанар мән бермеген екен.Енді, міне, не істерін білмей абдырап қалды.
Сыныптас достары сыйлық пен гүл әкеліпті.Жанардың қолына ұстата бере олар дереу дастарқанға бас қойды.Енді біір кезде қыздар бөлектеніп, сыбыр-сыбыр әңгімеге кірісті.Ал ұлдар жағы өз алдына.Қол күрестіріп, ойнап жатыр.Кейбіреулер күйтабақ қоймақ болады.Бірақ оған Жанар рұқсат бермеді.Байқа,сындырып аласың-деді ол, әлгі баланың жанына келіп.Қыздар да бір қызық кітапты қолдарына алған.Кірлетіп қоймаңдар,білесіңдер ме бұл кітаптың қанша тұратынын?-деді ол тағы да.Осыдан кейін қонақтарда көңілсіздік байқалды.
-Жүріңдер футбол ойнайық-деді Жарқын деген бала бір кезде.Балалрдың бірі қалмай үйден шыға берді.Қыздар да көп бөгелмеді.
Ата-анасы клгенде, Жанар жылап отыр екен.Өйткені ол дәл осы кешті осылайша көңілсіз өткіземін деп ойламаған болатын.
Сұрақтар:
-Балалар, Жанар неліктен туған күнін көңілсіз өткізді?
-Енді Жанардың туған күнін қалай көңілді өткізуге болатын еді де ойлайсыңдар?
-Жанарға қонақжай болу үшін нені үйрену керек деп ойлайсыңдар?
5.Шығармашылық жұмыс.
Үйіңде ата-анаң жоқ кезде,үйлеріңе туыстарың немесе достарың келгенде, сендер ол қонақты қалай күтесіңдер?
Тапсырма:
1-топ.Сендердің үйлеріңе ауылдан ата-әжең келгенде не істейсіңдер?
2-топ.Ал сендердің үйлеріңе сыныптас досың келгенде не істейсіңдер?
Оқушыларды үш топқа бөліп, Маслоу пирамидасын толтырту.
Қорытындылау.
Күн құрастыру. Қонақжайлылықтың белгілерін жазу.
Қонақтың түрлерімен танысу.
Оқушылар жеке парақшалардан оқып,мысалдар келтіреді.
6.Топпен ән айту.
Қазақы дастархан әнін орындау.
7.Үйге тапсырма.
113-114 бет.Күн мен гүлдер әңгімесін әңгімелеп келу.
8.Соңғы тыныштық сәті.
Мұғалім:
-Қазақ халқында қонақ күту рәсімі дастарқанға бата жасаумен аяқталады.Дастарқанға бата төрде отырған ең сыйлы, жасы үлкен қонақ береді.Бата қонақжай үй иесіне, қонажай отбасына арнап жасалады.Жасы үлкеннен, сыйлы қонақтан бата алған адам үлкен жақсылыққа жетеді.
Ендеше ,құрметті оқушылар сәл тыныштық сақтап, бүгінгі өткен сабағымыздан алған білімдеріңді жүректеріңде сақтап, ойларыңызды қорытындылай отырып,келген қонақтарымыздан, жасы үлкен ұстаз болса, бата-тілек сұрап сабағымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз