Абикенова Айнұр Қайрбекқызы
Павлодар қаласы
№36 экологиялық бағыттағы ЖОББ мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолдану мен қатар, шәкірттеріне зерттеушілік, ізденушілік әрекеттерін де меңгерту керек. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды. Әр ұстаз өзінің оқушыларының талантты да талапты, дарынды да даралы болғанын армандайды. Осыған жетуге тырысып, оны шешу жолдарын іздейді. Мен де өз оқушыларыма нәтижеге жету жолдарын көрсетуге тырыстым. Оқушылардың шығармашылық және танымдық ерекшеліктерін анықтау мақсатында оның ерекше қабілеттерін айқындау жолдарын анықтауды қарастырдым. Оқушылардың қабілеттері арнайы тапсырмалар нәтижесі бойынша және сыныптағы оқушылардың қабілеттеріне байланысты анықталды:
- Шығармашылық қабілеті;
- Танымдық, зерттеушілік қабілеті;
- Табиғи дарыны;
- мәнерлеп оқу қабілеті ;
Бұдан соң оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді дамыту барысында әр оқушының өз қабілетіне сай тапсырмалармен жұмыстар жүргіздім. Жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар:
- жалпы қабылданған бағдарламамен шектелмеу
- оқушы қызығушылығының спецификасын ескеру
- оқушылардың оқыған тақырыбына тереңірек үңілуіне тосқауыл қоймау
- оңайдан қиынға көшу әдісін пайдаланып,білмегенін меңгерту
- жіберген кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік беру
- өз ойын еркін жеткізуге үйрету
Осы талаптарды орындаған жағдайда, білімді, талапты, ойын жүзеге асыра алатын, шығармашылық қабілеті дамыған оқушы қалыптасады.
Өз тәжірбиемде оқушының коммуникативті құзіреттілігін арттыру арқылы сауаттылығын дамытуда баланың шығармашылығын дамытуға кеңірек тоқталғым келеді. Оқушыға тапсырма берерде тілдік білімді танымдық тақырыптармен сабақтастырып беру, оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруға қажетті практикалық сипаттағы жұмыстарды орындатуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау қабілеттеріне сай келуі қарастырылуы тиісті.
Сонымен бірге оқушы меңгеруге тиісті білім деңгейлеріне сәйкес, бірізділік, дамыта оқыту, пәнаралық байланыс, тапсырмаларды бірте-бірте күрделендірген дұрыс. Оқушылардың комуникативті құзіреттілігін арттыруға арналған тапсырмалардың бір-бірімен байланысып, сабақтасуы негізге алынуы керек. Мен оқушыларымның «елтану» тақырыптары арқылы грамматикадан практикалық түрде алған білімдерін теориялық жүйелеу, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерді пайдалана алу, мәтін мазмұнын өз сөзімен әңгімелетуде өз ойларын айта білуге аса назар аудару керек. Сабақта әр баланың меңгеруге тиісті сөздік қоры мен грамматикалық ережелерге және тілдің танымдық сипатын нақты бақылап отыруды басты назарда ұстаған жөн. Бұл - ерекше шешім қабылдау, өзгеше көзқарас білдіру деген сөз. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесетін тиімді тәсілдерді сабақта қолдану, шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылардың қажеттіліктерін тауып бергендей болады. Сол үшін сабақ барысында оқушыны жетістікке жеткізу үшін, қандай әдіс-тәсілдеді қолдануға болатынын анықтап, іс-тәжірбиеге енгізудің жолдарын қарастыруды алға қойдым. Бұл ретте маған көп көмек көрсеткен технологияларға тоқтала кетуді жөн көрдім. Олар: сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, құзіреттілікті қалыптастыру амалдары.
Жоғарыда айтқанымдай сын тұрғысынан ойлау технологиясы ерекше шешім қабылдауға түрткі болып, оны салыстыру арқылы шығармашылық қабілетінің шыңдалуының жетелейді. Мысалы оқушы «Ауа райы» тақырыбын өткенде оқушы осы тақырып бойынша өз ойын айтады және сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерден шағын әңгіме құрастырады. Өзінің құрастырған шығармасын кітаптағы әңгімемен салыстырады. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды.
Тілдік құзіреттілік технологиясы бойынша оқушы өз ойын ортаға салады, орындайтын тапсырмаларының мақсатын анықтайды. Топар арасында өз қызметтерін анықтайды. Жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлайды, бірінші нәтижеге қол жеткізу уақытын белгілейді. Өз зерттеулерін жүргізеді. Алған нәтиже туралы есеп береді, бір–бірін тыңдай отырып, толықтыра алады. Жұмыстары арқылы бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды.
- оқушының бойында рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптасады;
- ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамиды;
- ұқыптылық, жинақылыққа, икемділікке дағдыланады;
- жауапкершілікке үйренеді;
- шығармашылық қабілеті дамиды;
- өз елінің ұлттық рухани және материалдық құндылықтарын құрметтей алатын, патриот тұлға болып қалыптасады.
Шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамытады.
Бұл оқушының бағалы, әрі сапалы жұмыс істеуін, жауапкершілігінің жоғары болуын, өзіне талап қоя алуын, қойған мақсатына жетуін, топтаса жұмыс істеу дағдыларын, шығармашылық қабілетінің артуын қалыптастырады. Сабақта әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктеріне, олардың бейімділігі мен психофизиологиялық қабілетіне, икемділігі мен қызығушылығына мән беру керек. Баланы ізденушілік, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысы мен білктілігін игертіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін, зерттеу жүргізу керек. Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре алу болып табылады. Мұғалім оқушының қабілеттілігін жан-жақты зерттемей отырып, оның тәрбиесі мен оқуында нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін емес. Бұл жұмыстарды жүргізу барысында оқушылардың төмендегі нәтижелерді шешуге қол жеткізгенін байқаймыз:
- проблемалық жағдайларды көре алуы;
- мақсат қоя білу;
- ақпараттық мәліметтерді жинақтай білу
- топта жұмыс істей отырып, топ мүшелерін тыңдау білуі;
- өз ой-пікірін анық, нақты және сауатты жеткізуі;
- өз көзқарасын жеткізіп, пікірталасқа түсе білуі;
Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.
«Шығармашылық» деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық – адамның танымдық қызметі мен өзіндік әрекетінің жоғары формасы.
Оқушы бойындағы ерекше қабілеттер анықталып,дарынды оқушылармен жұмыстың үрдісі қалыптастыруда оқушыларды өзінше ойлануға, ұзақ та үздіксіз ізденіске жетелейтін күрделі жұмыстардың бірі-шығарма жазу. Бұл жұмыс түрі - оқушыларды көркем мәтінді нақтылы түсінуге, оқушылардың жалпы өз білімін кеңейтуіне, олардың оқығанын терең талқылай білуге, өз сезімін, ойын жазбаша түрде бере білуге үйретеді. Оқушы шығарманы жақсы, сауатты жазу үшін оның көркемдік ерекшелігін, өз ойында айтайын дегенін қағазға дұрыс түсіре білу шарт. Сонда ғана оқушы өз бетімен шығарма жаза алады. Мен оқушыны шығарма жазуға дағдыландыру үшін мынадай талаптар қойдым және осы талаптардың орындалуын бақылауда ұстадым.
1. Шығарманы оқушылар өмірден көргендері, түйгендері, алған әр алуан әсерлері бойынша жазу;
2. Оқушылардың көркем шығарма бойынша жазғандарын өз ой-пікірлерімен үндестіру шеберлігі;
3. Оқушылардың алынған тақырыпты өзінше ашу тәсілі;
4. Балалардың шығарма жазуға психологиялық әзірлігі.
Педогогика ғылымдарының докторы,профессор Жұматаева Е.Ө қазақ тілі сабақтарында, өтілген материалды бекіту, жүйелеу, қорытындылау сабақтарында түрлі логикалық тапсырмаларды, проблемалы-іздендіру жұмыстары, тест түріндегі проекті, ақпараттық (қозғалған мәселе төңірегінде сұхбат, дөңгелек стол, репортаж, интервью т.б), қорытынды, білімді қалыптан тыс ситуацияда қолдана алу сабақтарында шығармашылық (сценарий жазу, сахналық көрініс дайындау, өлең, арнау, толғау, шығарма жазу, эссе, ойтолғау, хат жазу, мәнерлеп жатқа оқу сайысы т.б) қолданылса баланың шығармашылық қабілетіне түрткі жасау,пайым жасау қабілеттерін дамытады деп, нақты ашып көрсеткен.
Тақырыптас шығармаларды талдау оқушылардың абстракциялау арқылы әрекет етуіне байланысты, себебі абстракциялау конкретті ситуациялардан, жағдайлардан, кейіпкерлерден алшақтау қажет. Абстракциялаусыз бірде-бір дағдыны қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан мұғалімнің көмегімен осы мақсатқа бағытталған алгоритммен жұмыс жүргізілуі керек. [6]
Сабақта видео көрсетіп, оқушыларға өздерінің ойларын ортаға салдыртуға болады. Интерпретация ретінде мәтінмен, оның сюжеттік-композициялық құрылымын талдау арқылы, яғни «оқиға картасы» әдісін қолданып, оқиғаға жаңаша көзқарас тудыруға болады. Автор көзқарасын өз көзқарасымен салыстыру арқылы рефлексия жасатып, кері байланысты ұйымдастыру маңызды. Мұғалім тапсырманы Б.Блум жүйесіне негіздесе, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері де дамитын болады. Мысалы оқушы мәтінді оқыған соң, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен мазмұндайды, екінші мәтіннен маңызды мәліметті тауып, пайдаланып, жаңа түрге салады, мәтінді бөліктерге бөліп, логикалық байланысты табады, дәлелдейді.
Көркем шығарманы эстетикалық-дүниетанымдық тұрғыда талдата пікірталас тудыруға болады. Диалог арқылы адамның ойын көрсете отырып, пікірталас негізін түсіндіруге болады. Оқушы өмірлік диалогтар арқылы өзінің дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып, өзін-өзі дамытуға, тәрбиелеуге талпынады. Ұлылардың өмірлік философиясын таныта отырып, тұлғаны тәрбиелеудің негізгі механизмі ретінде даму траекториясын жобалау да маңызды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті. Білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартудың мақсаты - әр оқушының шығармашылық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын білуге, жалпы ұлттық мәдениетке баулу болып табылады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытуда мен де осы айтылған технологияларды пайдаланып, комуникативті құзіреттілік арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін ашуға тырысудамын. Осыдан оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларының жетілуін оқушылардың сапа көрсеткіштері мен шығармашылыққа құлшыныстарының артқанын байқадым.
Қазақстанның болашағы алдымызда отырған мектеп оқушылары. Сондықтан осы оқушыларға жан-жақты білім беру, өз пікірін айтып, дәлелдей алатын, білімді, білікті тұлға тәрбиелеу ұстаздарға жүктеліп отыр. Сондықтан ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» деген қанатты сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бітібаева Қ., Құдайбергенова Г., Мұқашева М. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы. - Өскемен, 2002.
2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы.- Алматы, 1966.
3. Е.Ө.Жұматаева «Проект технологиясы және оның білімдендіру үдерісіндегі рөлі» Павлодар, 2015
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі