Алматы облысы, Қарасай ауданы
"Балауса" балабақшасы
Курышбаева Айгерим Усмановна
Тақырыбы: «Тәуелсіздік - ел тірегі!»
Мақсаты: Балалардың Отанын, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерелеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсету арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын елін сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі "Тәуелсіздік –ел тірегі!" атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ал, енді бүлдіршіндерімізді шақыруға рұқсат етіңіздер.
(«Қазақстан әуенімен балалар залға кіреді)
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимны ойналсын!
Гимн орындалады (слайд)
Жүргізуші: Құрметті балалар біздің отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Олай болса осы жеріміз еліміз отанымыз туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.
Нұрайым
Ата-бабам аңсаған.
Күрес салып шаршаған.
Тәуелсіздік таңы атты,
Бақыттымын мен содан.
Инабат
Қайраттай қайсар ұлдардың,
Жанымен келген еркіндік.
Жазира мен Ләззаттың,
Арымен келген еркіндік.
Қасірет пен қайғының,
Бәрімен келген еркіндік
Динара
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан анам, Отан панам,
Қазақстан – туған ел.
Мұханнад
Байтақ далам- туған жердің
Қымбат маған әр тасы
Өзен көлі, самал, желі
Асқар тауы- баршасы.
Ж.Дария
Қуат алған өзіңнен
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін
Лашын
Тәуелсіздік таңын сүйем
Таңмен бірге келді ме өлең
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген
Айша
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда тойғып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді
Аяулым
Тәуелсіздік таңы атты
Азаттықтың күні атты
Тәуелсіздік алған ел
Егемен қазақ халқы
Бексұлтан
Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар.
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік балалар!
Еркежан
Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сауле
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде
Қарқындайды қариялар қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде
Жомарт
Шаттанса желтоқсанның үні бөлек
Баурайды кім болса да күліп керек
Осынау он екі айдың жол сапары
Тоқтайды тәуелсіздік күніне кеп
Жүргізуші: Қазақ жері - кең байтақ, ұлан - ғайыр дала. Оның табиғаты Алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл де, шөл де, аймақта бар. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар көптен кездеседі. Ал келесі балалардың орындайтын әсем әні де осы жайында.
Хор: "Қазақстаным!"
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің балапандарымыз отан туралы мақал-мәтелдерді де жақсы біледі.
Алтынай
Туған жердің күні де ыстық,
түні де ыстық
Р.Дария
Отан оттанда ыстық
Регина
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
Виктория
Отан отбасынан басталады
Исмайл
Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық
Еламан
Отан оттанда ыстық
Мансұр
Отансыздың оты жанбайды
Жүргізуші:Балалар ал енді бәріміз бірге «Елім менің Қазақстан» атты шағын бейне баянды тамашалайық.
Ән: «Қасиетті домбыра» Жайлау Айша
Жүргізуші: Қандай ақылды балалар едіңдер, ал сендер біздің рәміздерімізді білесіңдер ме?
Балалар: Ту, елтаңба, гимн
Жүргізуші: Біздің балаларымыз Рәміздерге байланысты тақпақтар да біледі
Ерсұлтан
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада - аспан әлемі.
Ералы
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
Іңкәр
Ақ ниетті - алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл – халқымның,
Мәртебесі, мақтанышы
Нұрислам
Егемендік бұл елімнің елдігі
Егемендік барлық ұлттың теңдігі
Егемендік елін жерін қорғаған
Ербол менен Қайраттардың теңдігі
Қабыл
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Ерсұлтан
Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз
Мықты болсын еліміздің керегесі
Жүректе намыс оты лапылдаған
Күш жігері жастардың сарқылмаған
Жомарт
Желтоқсаным тәуелсіздік тірегі
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі
Есте сақтап ағалардың ерлігін
Жүректерге сақтау керек үнемі
Ханшайым
Жан ордамның ашып тастап түндігін
Желпінетін серпілетін күн бүгін
Желтоқсаным жасымаған жігерім
Желтоқсаным шырылдаған шындығым
Айзере
Тәуелсіздік - тілегім,
Тәуелсіздік – тірегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.
Жүргізуші: Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің болашақтары ашық жарқын болсын. Әрқашан күндері сөнбесін, Әрқашан бейбітшілік болсын!
Хор: «Ата-ананы тыңдаймыз»
Жүргізуші: Құрметті балалар! Біз бүгін сендермен салтанатты мерекеміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесін атап өттік. Жаңғырған елдің болашағы мына сендер, ел қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер. Сендерге зор денсаулық, көңілді шаттық тілей отырып ертеңгілігімізге аяқтаймыз. Келесі сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Оразова Баян Исатайқызына құттықтау сөзін береміз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі