Өлең, жыр, ақындар

Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай

Пәні: әдебиеттік оқу Сыныбы: 4 Б
Сабақтың тақырыбы: Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай


Мақсаты: Мәтінді эстетикалық-сезімдік тұрғыда қабылдауға, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруге (сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне, автордың көз-қарасына сүйеніп және бүгінгі күн талабына сай өз көзқарасын білдіруге) үйрету.
білімділік: кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды; сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.


дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.


тәрбиелік: Адамдар арасындағы қарым - қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқуға жаттығады.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Музыка, өзін-өзі тану.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.


Ресурстар
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уа-қыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

2 мин
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын 1-4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.


Оқушылар 1-9 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Тұсаукесер
1 мин «Сиқырлы қалпақтың» қызметі туралы хабарлау
Негізгі бөлім
Білу

10 мин 2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Сиқырлы қалпақ» арқылы үй тапсырмасын сұрау «Қазбек бидің шешендігі»

Қосымша №1.Семантикалық карта
1. Сәйкестендір:
Ұлы жүз Қазбек би
Орта жүз Әйтеке би
Кіші жүз Төле би
2. Сәйкестендір:
«Тәттім сиреп барады» Балаларының жақсы
күтіп қарауы
«Алысым жақын» Ұйқысының қашқаны
«Несием өніп жатыр» Жанарының тая
бастағаны
3. Сәйкестендір:
Кемеңгер кісі Дана, данышпан адам
Несие Көзі нашар көру
Жанары таю Берген тәрбиенің
жемісі
«Сиқырлы қалпақ» кигізілген оқушы мазмұнын әңгімелейді

Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Түсіну

13 мин

«Ой шақыру»
- Ақындар айтысы туралы не білеміз? Кім деген ақындарды білеміз?
Шөже Қаржаубайұлы мен Орынбай Бертағыұлы туралы мағлұмат беріледі.
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша өлеңді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі.
Тақырыбы: Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай
Идеясы: Ақындар айтысы туралы және Шөже мен Орынбай ақындардың сөз ұтқырлықтары мен тапқырлықтары. 1. Оқушылар сұраққа жауап береді.
2.Оқулықпен жұмыс, 41 - бет. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты, ақындардың аты – жөндерін жазып алады.
2. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
Қолдану

5 мин

Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі.

Қосымша № 2. Жауап кілті.
1.Өлеңдегі ұйқас түрлерін анықтайды.
1- топ: 1-шумақ
2- топ: 2-шумақ
3- топ: 3-шумақ
4- топ: 4-шумақ

2.Өлеңнен бейнелі сөздерді теріп жазады.

Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Егер қатесіз болса, «5»; 1 қате – «4»
2 -3 қате «3» қойылады.
Сергіту сәті

2 мин Бейнежазба бойынша Оқушылар орнындарынан тұрып, бейнежазбаға қосылып жасайды.
Талдау

3 мин Мақсаты: Жаңа тақырыпты игеру деңгейлерін байқау.
Тақырып бойынша мазмұнына талдау жасау:
1. Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады? Бұл айтыста кім жеңді деп ойлайсың? Шөже Орынбайдан бір көзіңді бер деп неліктен сұрады? Шөже қандай мақал айтты?
Мәтіндегі мақалдың мән – мағынасын ашу;
Оқушылар өлеңнен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды.

Жинақтау

3 мин Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
Қосымша №3
«Венн диаграммасы»
Шөже Ортақ қасиет Орынбай
Сезімтал
Тапқыр
Ұнамды Ақын, шешен Көреген
Ұнамсыз
Оқушылар екі ақынды салыстырып, мінездеме береді

Қорытын-ды
Рефлексия 4 мин - Бүгін қандай тақырып өттік? Айтыста сөзден ұстап, тапқырлық танытқан кім? (Шөже).
- Бұл адамдарды кімдер деп айтуға болады? (шешендер).
– Бұл айтыста кім жеңеді деп ойлайсыңдар?
- Саған бұл айтыс ұнады ма?
Қосымша №4
2. «Синквейн» құрастыру.
Мақсаты: Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар өз ойларын білдіреді

2. Әр топ синквейн құрастырады.
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Сөйлем (4 сөзден)
5.Зат есімге синоним

Үйге тапсырма 1мин Мәнерлеп, рөлге бөліп оқу 43,44 - бет;
«Ақындар айтысы» бойынша өз ойларын мазмұндап жазу.
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 1 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Бағалау парағы:
Оқушылардың
аты жөні Үй тапсырмасы
(Білу) Түсіну Қолда-
ну Талдау Жинақ-тау Мұғалімнің қорытынды бағасы

Белсенділігі: «5» - 5 ұпай, «4» - 4 ұпай,« 3» - 3 ұпай

Қосымша №1
1. Сәйкестендір:
Ұлы жүз Қазбек би
Орта жүз Әйтеке би
Кіші жүз Төле би
2. Сәйкестендір:
«Тәттім сиреп барады» Балаларының жақсы
күтіп қарауы
«Алысым жақын» Ұйқысының қашқаны
«Несием өніп жатыр» Жанарының тая
бастағаны
3. Сәйкестендір:
Кемеңгер кісі Дана, данышпан адам
Несие Көзі нашар көру
Жанары таю Берген тәрбиенің
жемісі

Жауап кілті
1. Сәйкестендір:
Ұлы жүз Қазбек би
Орта жүз Әйтеке би
Кіші жүз Төле би
2. Сәйкестендір:
«Тәттім сиреп барады» Балаларының жақсы
күтіп қарауы
«Алысым жақын» Ұйқысының қашқаны
«Несием өніп жатыр» Жанарының тая
бастағаны
3. Сәйкестендір:
Кемеңгер кісі Дана, данышпан адам
Несие Көзі нашар көру
Жанары таю Берген тәрбиенің
жемісі
Қосымша № 2.
Өлеңдегі ұйқас түрлерін анықтайды.
1 - топ: 1-шумақ 2 - топ: 2-шумақ
а а
а б
б а
а б
3 - топ: 3-шумақ 4 - топ: 4-шумақ
а а
а а
б б
а а
Бейнелі сөздер: дарқан, шешен, кемтар, көреген, сезімтал.

Қосымша № 3
«Венн диаграммасы»
Шөже Ортақ қасиет Орынбай
Сезімтал
Тапқыр
Ұнамды Ақын, шешен Көреген
Ұнамсыз

Қосымша №4

Синквейн: бес жолды өлеңнің үлгісі:
1.Зат есім Айтыс.
2.Сын есім Қызық айтыс.
3.Етістік Қызық айтыс болды.
4.Сөйлем (4 сөзден) Бүгінгі айтыс қызық болды.
5.Зат есімге синоним Өнер.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз