Өлең, жыр, ақындар

Менің аулам

Тақырыбы: Тәуелдік жалғау. Қатемен жұмыс.

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арасанбаева З.О.

                         2-cынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1.Күнделікті өмірде .қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.3.1.Тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар /суреттер/ сызбалар орналастырып,сұрақтарға жауап беру

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.5.2.1.Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауларын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар :

2-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады.Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады,басқа оқушыларға сұрақ қоя алады

Оқушылардың басым бөлігі:

2-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.

Кейбір оқушылар: 2-бөлімде өткен материалдарды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.Сабақ мақсатымен таныстыру.

 

Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 2-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды,еске түсіреді.Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8-сюжет берілген.Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды.Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтың толық нұсқасын тыңдайды,әр сюжет бойынша хормен,жеке-жеке қайталайды.

Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады.Мұғалім оқулықтағы суреттермен жұмыс жасайды.

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы суреттерде берілген сұрақтарды қояды,оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады:

1) Бұл не?(Мұғалімнің қолында немесе тақтада оқу құралдары болу керек)

2) Сенің мектебің қандай?

3) Сенің сыныбың қандай?

4) Сыныпта не бар?

5) Сен неше жастасың?

6) Сен нешінші сыныпта оқисың?

7) Сен мектепте не істейсің?

8) Сенде неше қарындаш бар?

таңдап айтады.

(Ж) Оқушылар тақтада берілген сөздерге тәуелдік жалғауын қосып дәптерге жазады:

кітап... дәптер...

күнделік... қарындаш...

өшіргіш... сызғыш...

қайшы... желім...

Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.

(МК, Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім мектеп,оқу құралдары,сыныптағы зат атауларын,сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады.Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

- қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу (үлкен,әдемі);

- не?сұрағына жауап беретін сөздерді(мектеп,сынып,парта,есік,терезе,үстел,орындық) атай алу;

- тақырыпқа сәйкес заттың түсін айта алу(тақта қоңыр,орындық қызыл,үстел қара);

- өзінің жасын айта алу.(Мен алы жастамын.Мен жеті жастамын) ;

- оқу құралдарын айтаалу(қалам,қарындаш,дәптер,кітап,сызғыш,өшіргіш,қайшы);

- нешінші сыныпта оқитынын айта алу (Мен бірінші сыныпта оқимын);

- бір нәрсені сұрап ала алу (Маған қайшы (өшіргіш,сызғыш) берші /беріңізші;

- алғыс айта алу (Рақмет!);

- өзінің мектепте не істейтінін айта алу (Мен мектепте жазамын (оқимын,сөйлеймін,тыңдаймын)дағдылары қалыптасуы қажет.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмалар орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

 

Оқулық

 

Аудиодиск:

2.8.1.

2.8.2.

2.8.3.

2.8.4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу құралдары,сыныптағы заттардың суреттері бар карточкалар.

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы пікірлерін білдіре алады.

 

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.

Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткізген екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер