Өлең, жыр, ақындар

Балмұздақ

Тақырыбы:

Балмұздақ             

Мектебі: Астана қаласы № 30 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:

Кинжигаримова Айбарша Барлыққызы

1 «Б»сыныбы

 

Сабаққа қатысқан оқушылар

саны: 18

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:0

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес сұрақ таңдау.

1.2.4.1.Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.5.1. Мұғалімнің  көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, h әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

Балмұздақ қандай болатынын (дәмді, тәтті, суық) және өзінің балмұздақты жейтін/жемейтінін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады. Қазқ тіліне тән дыбыстарды таниды, осы дыбыстар кездесетін сөздер қатарын дұрыс жаза алады.

Кейбір оқушылар:

Балалар басқа да сүйікті тәттілерін атай алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

Сабақтың ортасы (6-40 минут)

Үйде дайындаған «Жеймін- жемеймін»атты постерді дайындаған оқушыларды тыңдау.Әр оқушыға балмұздақтың суреті бар, кәртішкелерді тарату.Сол суреттер бойынша топтарға бөлу.

(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы сөйлеу үлгісіне аударады. Сөйлеу үлгісі бойынша дәмді, тәтті, суық сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша оқушылар «Балмұздақ қандай болады?» деген сұрақпен танысады.

(Ұ) 2-тапсырмада берілген сұраққа оқушылар өткен сабақтар бойынша өз қалауымен (жеймін, жемеймін) жауап бере алады. Сұрақ: Сен балмұздақ жейсің бе?

 (МК, Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар дәмді, тәтті, суық сөздерін қайталайды.Оқушылар өз қалауы бойынша «Балмұздақ қандай болады?» деген сұраққа жауап береді.

(МК, Ж) 4-тапсырмадағы сөйлесу үлгілері бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді.

Оқушылар сөйлесу үлгілерін тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. Содан кейін осы үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Оқушылар жеймін-жемеймін сөзін қайталайды, сондай-ақ өздерінің балмұздақ неге жейтін/жемейтіндерін түсіндіре алуға жаттығады.

Үлгі:

-Сен балмұздақ жейсің бе?

- Иә мен балмұздақ жеймін.

 Балмұздақ тәтті.

-Сен балмұздақ жейсің бе?

-Жоқ мен балмұздақ жемеймін. Балмұздақ суық.

(Т) Осы бөлім бойынша өткен сөздер арасынан қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер қатары іріктеліп алынады (өрік, алмұрт, қызанақ, қияр, ботқа, сүт, бауырсақ, балмұздақ). Мұғалім оқушыларға осы сөздердің суреті берілген карточкалар таратады.

 Оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс істейді.

Топтарға дескриптор бойынша жұмыс беріледі.

1.Балмұздақтың ұзындығы 20 см -10 ұпай

2.Балмұздақта 3түсі ғана болу керек – 10 ұпай

3.Балмұздақты сипатта (3 сөз) - 10 ұпай

Оқушыларға жеті минут беріледі.

Оқушылар тақтаға шығып, қорғайды.

Оқушылар тиісті әріптерді толықтырып жазып шығады:

...р...к, алм...рт, ...ызана..., ...ияр, бот...а, с...т, бауырса..., балм...зда....

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық

 

Аудиодиск:

7.7.1.

7.7.4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер жазылған карточкалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 жұмыс дәптері

 

 

 

Қосымша тапсырма: 7.7.

Сабақтың соңы:

(41-45 минут)

(Қ)  Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатылады. «Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылар балмұздақтың суретін жасылға,қызылға,сарыға бояйды. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіреді.

 

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.

Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.      

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?

2. Жүргізілген жұмыс турлері қаншалықты тиімді болды?

Иә, топтар алты бала емес, төрт- төрттен бөлер едім.Өйткені, тапсырмалар аз болды,кейбіреулерге тапсырамалар жетпей қалды.

Дескриптор бойынша балалар жазылымды әрі айтылымды жүзеге асырды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1: Топтық жұмыс

2: Рефлексия

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1: Тапсырмаларды көбірек берер едім.

2: Бағалауды өзгертер едім.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз