Өлең, жыр, ақындар

П дыбысы мен әрпі

СҚО Уәлиханов ауданы

Бидайық орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

 Нұрғазина Үмітжан Мұхатқызы

1- сынып

                                                                                                                      

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. П дыбысы мен әрпі жайлы білімдерін қайталау, пысықтап  бекіту.

2. Түрлі жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін , сөздік қорларын арттыру, тіл байлықтарын дамыту.

3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, қамқорлыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: әріп таңбасы, плакат, кеспе әріп, мазмұнды суреттер, ойын.

Сабақтың  әдісі: қайталау, көрнекілік, ойын.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

                              Қуан шаттан,

                              Қуан  шаттан.

                              Қуанатын күн бүгін

                              Қайырлы таң!

                              Қайырлы күн!

                              Күліп шықты күн бүгін!

Бір - бірлеріне күлімсіреп қарау. Көңіл – күйлерің сұрау.

Ендеше, жақсы көңіл –күймен сабағымызды бастайық.

ІІ.  Өткенді қайталау.

  1. Үйге берілген тапсырма қандай еді?
  2. Кірпі мәтінін қандай түрде оқимыз?
  3. Диалог дегеніміз не?
  4. Диалог түрінде кірпі мәтінін оқып шығайық
  5. Сонымен өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

ІІІ. Жаңа сабақ

  1.  Бәріміз қайталап өтейік   (П - п -  п).
  2. Қалай айтылады?
  3. Ендеше, ол қандай дыбыс?
  4. Қандай түспен белгіленеді?         (Дыбыс таңбасын ілу.)
  5. Баспа және жазба түрін қайталау. Пойыз сөзін атау,сөйлем құрау. Сызбаларын тақтада көрсету. (сөз, сөйлем).
  6. П дыбысы неге ұқсайды?
  7. Ойын «Доп лақтыру».

ІҮ. Плакатпен жұмыс.

  1. Мазмұнды суреттердің мағынасын ашу.
  2. Кейбір сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

  1. Шарларда жазылған буындарды хормен, жеке оқыту.
  2. Жұмбақтар шешу. А) Құйрығы ұзын, ала құс   (Сауысқан).

                                Ә) Қарқылдап дыбыс шығаратын құс (Қарға).

     3. Ендеше, оқулықтағы «Сауысқан мен қарға »  мәтінімен танысамыз.

     4. Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінгендерін сұрау.

    ҮІ. Суреттермен жұмыс.

  1. Жұмбақ. Қорықпайды күшті аңнан

                    Қорқады тек тышқаннан.  (Піл).

  1. Піл сөзіне сөйлем құрау.
  2. Тағы қандай аңдарды білесіңдер?
  3. Аңдарға байланысты қандай өлең -  тақпақтар білесіңдер?
  4. Оқулықта берілген сурет атауларының қайсысында «п» дыбысы кездеседі?
  5. П- ға ұқсас   айтылатын дыбыс?

ҮІІ. Ойын: «П мен Б».     

ҮІІІ. Сергіту сәті:

Дауысты дыбыстарды әндетіп айту. (таңқалып, жылып, күліп айту). Қол шапалақтау.

ІХ. Дәптермен жұмыс.

  1.  П дыбысының жазылуын қайталау. Ауада жазу.
  2. Тақтада көркем жазу.
  3. П,Б дыбыстарын көркем жазу.
  4. Суретпен жұмыс, көркем жазып, дыбыстық талдау жасау.

    Х. Қорытынды.

        Сонымен қандай дыбысты қайталадық?  Білгенімізді түрлі ойын - тапсырмалар барысында бақылайық.

  1. Сандықтар.
  2. П дыбысы бар сөздерді атау.
  3. Буындардан сөз құрап , жазу.

 

  1. П дыбысы қай үйдің тұрғыны?

ХІ. Үйге тапсырма.       105 бет оқу,

 д. 14 бет жазу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз