Өлең, жыр, ақындар

Отбасылық ғұрыптар

Қазақ тілі.       .Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер.  1-2-сабақ.

 

Сабақтың тақырыбы:

Отбасылық ғұрыптар.    5-сынып

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.О4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

5.ӘТН1.Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерді ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты:

-көмекші құралдар арқылы тақырыпты болжайды, -мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, тілдік құралдарын салыстырады,- сөздердің ішінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалды табады.

Күтілетін нәтижелер:

Отбасылық ғұрыптар жайлы ақпарат алады, қазақ отбасылық ғұрып фольклорының үш негізгі саладан тұратынын біледі, оларды сипаттайды.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс:

Музыка, әдебиет

Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа, плакат, парақтар, маркерлер, түрлі түсті бояулар

Оқыту әдістері:

Сұрақ-жауап, талдау, қосжазба күнделігі, топтастыру, постер қорғау, сұрақтар шеңбері,баяндау.

Дереккөздер:

әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар

Тапсырмалар:

Ұжымдық, топтық, жекелей

 

 

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

«Сәлем-сөздің анасы» тренингі.-Кел, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер жасайық! Бір-бірімізге қарама-қарсы жұп болып тұрамыз. Бір-біріміздің көзімізге тура қарап, қол беріп амандасамыз, хал-жағдай сұрасайық, бір-біріміздің  арқамызды  түйістіріп ,осыны қайталаймыз, бір-біріміздің тіземізді түйістіру арқылы қайталаймыз, біреуіміз отырып, біреуіміз тұрып амандасайық. .Сәлемдесіп болғаннан кейін ең басты мәселеге назар аударайық, ең басты байлық-денсаулық, олай болса,  көзге, басқа, қолға жаттығу жасайық.:көз- көзге салмақ түседі, көздің алмасын оңға, солға, жоғары, төмен қозғаймыз, басымызға осылай жаттығу жасаймыз, қолымызды , саусақтарымызды шынықтырамыз, ендеше, денсаулықтарың мықты болсын, отбасыңыз аман болсын!

Оқушылар шеңбер жасайды, жұп болып тұрады, бір-бірлерімен амандасады, хал-жағдай сұрасады, дене мүшелеріне жаттығулар жасайды.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау

Сұрақтар шеңбері. Сұрақтар қою.

-Адамдар қарым-қатынасы не арқылы жүзеге асады?- Киімнің қандай түрлері бар?- «Бір киер киім» деп қандай киімді айтады?-Үндестік заңы нешеге бөлінеді? –Оқшау сөздің неше түрі бар?

өткен сабақты еске түсіреді, сұраққа жауап береді.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Ой шақыру.-Қорапта  құпия сөз бар , жұмбақты шешеміз, сол сөз бүгінгі сабақ тақырыбы болады.

Маған да, саған да

Жақын туыс бес адам

Үш әріптен тұратын

 Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұртың

Айтады ,кәне кім атын?  Ата, ана,аға, апа,іні—отбасы. Олай болса, сабағымыз отбасы туралы болмақ..

Топқа бөліну:І топ- туыстық атаулар-әже, ата, ана, апа, әке; ІІ топ- отбасылық ғұрыптар- бесікке салу, шілдехана, қырқынан шығару, тұсаукесер;

ІІІ топ-мақал-мәтелдер арқылы бөлінеді.Анаңа ауыр сөз айтпа. Ананың алды-ақ жайлау. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Әйел-үйдің ажары, бала- үйдің базары.

Жұмбақты шешеді, сөздерді атайды, жаңа тақырыпты анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерді оқиды, әр оқушы өз тобын табады

ІV.Мағынаны тану.

Білу .Айтылым.

 

 

 

 

 

 

Түсіну .Тыңдалым.

 

 

 

Айтылым.

 

Қолдану

 

 

 

Оқылым

 

 

 

 

 

 

Талдау.

Жазылым

 

 

 

 

V.Ой-толғаныс сатысы.

Жинақтау.

1.«Отбасылық ғұрыптар». Бейнетаспа  қарау-«Бақытым-жанұям». Әр топқа тапсырма беру: І топ-отбасы деген не?

ІІ топ- отбасы не үшін қажет?

ІІІ топ- отбасылық ғұрыптар қандай?

 

2.Оқулықпен жұмыс: 1-тапсырма. Үнтаспадан «Тойға тілек» әнін тыңдау, ой қозғау сұрақтарын қою.

3. 2-тапсырма. «Қос жазба» күнделігіне сөз қолданыстарын түсіндіру.Әр топқа бір сөйлемнен беру.

4. 5–тапсырма. Мәтінмен жұмыс- оқу , баяндау, дыбыс үндестігі байқалатын сөздерді табу.

5.Постер қорғау. 6-тапсырма. І топ-сәбилік ғұрып жырлары,ІІ топ- үйлену ғұрпына қатысты жырлар,ІІІ топ- азалау ғұрып жырлары.

6. Отан отбасынан  басталады. Әке- әулеттің басшысы. Ұлт болам десең, бесігіңді түзе.Отан, әке, ұлт сөздеріне дыбыстық талдау жасау .

 

«Кімнің жады мықты?»-9-тапсырма.

Бейнетаспаны көреді, әр топ тапсырманы қағаз бетіне орындайды, сұраққа жауап береді, ойларын, пікірлерін білдіреді, топтап жазғандарын қорғайды.

 

 

 

ән тыңдайды, сұраққа жауап береді

 

 

 

 

берілген үзіндіні оқиды, ойды кеңейтіп айтады, өз пікірімен бөліседі.

Оқиды, баяндайды, сөздерді анықтайды.

 

 

әр топ сол сұрақ төңірегінде өз ойларын қағазға түсіреді ,топтастырады, тақтаға шығып қорғайды. 

 

 

әр топ бір сөзге дыбыстық талдау жасайды.

VІ.Бағалау.

Қалыптастырушы бағалау.

өзін-өзі бағалау парағын толтырады

VІІ..Ойтаразы.

 

 

 

.VІІІ.Үйге тапсырма беру.8-т.

«Білім қоржыны» -Мен бүгін қандай білім алдым?-Нені түсінбедім? Нені дамытуым керек?

Алған әсерлерін айтады, ойларын қорытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (3)

Бобек

Керемет

Динара

Азалау деген не

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз