Өлең, жыр, ақындар

Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты?

Пәні: Қазақстан тарихы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2 А Xғ –XIIIғ басындағы Қазақстан

Мектеп «Құрық ауылының №1 орта мектебі» КММ

Күні: 21.12.2017 ж.                      Мұғалімнің аты-жөні: Биманова Айгерим Асылбековна

Сынып: 7                                     Қатысқандар: 20        Қатыспағандар:-

Тақырыптың тарихи концепті (түсінігі):маңыздылық

Сабақтың тақырыбы:

Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты?

Оқу мақсаты

(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.5-көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;

6.2.2.2-ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;

6.2.3.2-Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;

 

Сабақтың мақсаты:

1. Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттай алады.

2.Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіре алады.

3.Ортағасырлық ғалымдардың еңбегін және олардың ғылымға қосқан үлесін біледі.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну:

1.Қолданбалы өнер жетістіктерін біледі,

2.Сәулет ескерткіштерін таниды;

3.Қалалардың даму ерекшеліктерін біледі;

Қолдану:

1.Түркі  ғұламаларының  математика,  астрономия,  география,  медицина,  логика  ғылым  салаларына қосқан үлесін анықтайды;

2.М. Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» мен Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбектерін орта ғасырлық құнды әдеби жәдігерлер ретінде біледі;

Бағалау: Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесін қорытындылап бағалайды.

Тілдік мақсат:

Айтылым 1,2,3- тапсырма.

Тыңдалым 1,2-тапсырма

Жазылым 1,2- тапсырма.

Оқылым  2-тапсырма.

 

Терминология: өркениет-қоғам қол жеткізген материалдық және рухани мәдениеттің белгілі бір деңгейі, кесене-әйгілі адам басына тұрғызылатын мазар,

Құндылықтарды дарыту:

-«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының  құндылығы  «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы»

-Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі

Алдыңғы білім:

Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына әсері туралы түсінігі бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

       (8-мин)       

     

 

Гүл сыйлау арқылы бір біріне тілек айтады, күлшелер арқылы топқа бөлінеді.

  1. топ. «Біздің»
  2. топ. «Сынып»
  3. топ. «Керемет»  

Алдыңғы білімді тексеру.

1-топ «Пирамида» сұрақтарына жауап беру.

2-топ «Сәйкестендіру» тапсырмасы

3-топ Тест тапсырмалары.

 

Миға шабуыл әдісі

Суреттер ұсынылады.Оқушылар суреттерге сипаттама бере отырып тақырыпқа шығады. Сабақтың мақсат-міндеттерін анықтау.

 

Гүл күлшелері

 

Тапсырмалар

 

 

Слайд №1

 

 

 

Слайд №2

 

Суреттер

Сабақтың ортасы

       (15-мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(7-мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

(2-мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(2-мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(3-мин)

 

Бейнебаян арқылы мұражайға саяхат ұйымдастырылады.

1-топ Қолданбалы өнер жетістігіне саяхат

2-топ Сәулет ескерткіштеріне саяхат

3-топ Қалалардың даму ерекшеліктеріне саяхат

1 – тапсырма. «Мұражайдан сәлем» постер қорғау.

Оқушылар мұражайдан көргендерін, оқулықтағы мәтінмен толықтыра отырып постер қорғайды.

Дескриптор  Білім алушы

1.Ортағасырлардағы өнер жетістігін  анықтайды.

2.Сәулет ескерткіштеріне сипаттама береді.

3.Қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттайды.

2-тапсырма «Тұлғаны таны» ақпараттық органайзерді толтыру

Оқушыларға фото ұсынылады, сол бойынша ақпараттық органайзерді толтырады.

Дескриптор  Білім алушы

1.Тұлғаның кім екенін  анықтайды, өмірбаянына қысқаша шолу жасайды.

2.Еңбегімен танысады.

3.Еңбегінің құндылығын анықтайды.

3-тапсырма. Сөздікпен жұмыс

Қала-город-cіty

Білім-знание-knowledge

Үй-дом-house

Хан-король-king

Кітап-книга-book

Тарих-история- history

Дескриптор    Білім алушы

1. Қала  сөзін орыс, ағылшын тілінде айтады;

2.Білім сөзін орыс, ағылшын тілінде айтады;

3.Үй  сөзін орыс, ағылшын тілінде айтады;

4.Хан   сөзін орыс, ағылшын тілінде айтады;

5.Кітап  сөзін орыс, ағылшын тілінде айтады;

6.Тарих  сөзін орыс, ағылшын тілінде айтады;

 

Сергіту.Қимылмен көрсету

1-топ

Монша

Жауынгер

2-топ

Ұста

Құрылысшы

3-топ

Шайқас

 Ғұлама

 

Сабақты бекіту

«ИЯ-ЖОҚ» сөйлемдердің дұрыс бұрыстығын ажырату.

Ноутбук

Презентация

Слайд №3

 

 

 

А1 қағаздар, оқулық, қима суреттер,желім, маркер

 

 

 

 

 

 

 

Фото

Оқулық

 

 

Қима қағаздар

 

 

 

 

Слайд №4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(3мин)

 

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Табыс ағашына» бүгінгі тақырыптан білгенін, түсінгенін, тағы да білгісі келетін сұрақтарын жазады.

Бас бармақ әдісі арқылы сабақ ұнады\ұнамады

Үйге тапсырма: «Ортағасырлық мәдени жетістіктердің мен үшін ең маңыздысы» тақырыбына эссе жазу.

 

Саралау

 

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауы

Барынша қолдау көрсетуді қажет ететін оқушылар:

2-тапсырма «Тұлғаны таны» ақпараттық органайзерді толтыру

Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар:

«Мұражайдан сәлем» постер қорғау.

Қолдау көрсетуі аз қажет ететін оқушылар:

Сөздікпен жұмыс

Қалыптастырушы бағалау:мадақтау

-Партада дұрыс отыру; -Интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңызба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктер/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

         

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз