"Қаракемер кәсіптік колледжі" МКҚК
Оқу өндірістік шебері: Джумабаев Хамит Сабурович
Сабақ жоспары
Топ: Т-04 Курс: III
Мамандығы: 1504000-фермер шаруашылығы
Біліктілігі: 1504062 ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы- машинисті
Бөлімнің тақырыбы: Тракторлар мен автомабильдер бойынша тәжірибе, қозғалтқыштар, агрегаттар, тораптарды шашып жинауды оқып үйрену.
Сабақтың тақырыбы: Д-240, Д-240М қозғалтқыштары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Білім алушылардың таңдаған мамандығын бағалай білуді үйрету, жаңа технологияға бейімдеп үйрету, Д-240, Д-240М қозғалтқыштарын ағымдық жөндеу және технологиялық жөнге келтіруді оқып үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың таңдаған кәсібіне байланысты бағыт беру, ой-өрісін дамыту, техникаға деген қызығушылығн дамыту, агротехникалық талаптарын, Д-240, Д-240М қозғалтқыштарын ағымдық жөндеу және технологиялық жөнге келтіруді оқып үйрену.
Тәрбиелік: Білім алушыларды эстетикалық талғамға сай, ұқыптылыққа және іскерлікке тәрбиелеу, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы
Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау)
Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Құрал-саймандар жиынтығы: Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисті мамандығының шеберханасы, Д-240, Д-240М қозғалтқыштарын ағымдық жөндеу және технологиялық жөнге келтіруді оқып үйрету үшін керекті саймандар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Білім алушыларды түгендеу;
1.3. Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру
2.Кіріспе нұсқау: (42 мин)
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру; Қи қоймасында өндірістік процестерді механикаландыру неден тұрады?
2. Қй садырасын тартып шығаруға және жинауға қандай қондырғылар пайдаланылады?
3. Қи массасын не үшін залалсыздандырылады?
2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;
Двигатель дегеніміз энергияның кезкелген түрін механикалық энергияға айналдыратын машина.
Кривошипті-шатунды механизм поршеньдердің тура сызықты қозғалысын иінді біліктің айнымалы қозғалысына келтіреді, мұның өзі механикалық энергияның берілісі үшін, трактордың жетекші доңғалақтарын, комбайндар мен ауыл шаруашылық машиналарының жұмысшы органдарын қозғалысқа келтіруде өте қолайлы болып саналады. Двигатель жұмысының тиімділігі жанар майдың меншікті жұмсалуымен сипатталады.
Оның жұмсалған жанар майдың мөлшерін тиімді қуат пен двигательдің жұмыс істеген уақтына бөлу жолымен анықталады. Двигатель жұмысының тиімділігін арттыру үшін двигательдің сығу дәрежесін және иінді біліктің айналу жиілігін жоғарылатып, оталдыру кезінде цилиндірге келетін ауаның мөлшерін трубокрмпрессордың жәрдемімен арттырады.
Газ таратқыш механизмі клапандар жұмысын баскарады, мұнын өзіпоршеньдердің белгілі бір қалпында двигатель цилиндрлеріне ауа жіберуіне, оны белгілі бір қысымда сығып тұруға және цилиндрлердегі пайдалана береді. Коректендіру жүйесі отынның белгілі бір мөлшерін нақты бір кезеңде тозаңдатылған күйінде двигатель цилиндрлеріне беріп тұруды қамтамасыз етеді.
Майлау жүйесі үйкелетін детальдарға майды үнемі беріп тұруды және ондағы қызуды қайтаруды камтамасыз етеді.
Салқындату жүйесі жану камерасының кенересін катты қызудан корғайды және цилиндрлерде қалыпты жылу режимін сақтайды.
Іске қосу жүйесі дизельді двигательді жүргізген кезде иінді білікті айналдыру үшін қажет. Трактордың дизельді двигателіндегі әр түрлі жүйесінің құрамдас бөлшектерінің орналасуы көрсетілген. Двигательдердіц комбайндық өзгертілген түрі трактордың қуаты осындай базалық двигательдерінен үйлестіріліп жасалған. Өздігінен жүретін астық комбайндарының трактор двигательдерінің, айырмашылығы оған қуат алу шкивтері жабдықталған. Иінді біліктің алдыңғы шетіне комбайнның жетекші доңғалағы белдігін жетекке қосатын шкив орнатылған. Бұл шкив генераторды, су насосын, желдеткішті және гидравликалық насосты жетекке косу үшін де пайдаланылады. Иінді біліктің артқы шеті ілініс арқылы білікпен қосылған, оған комбайнның жұмыс органдарының жетек шкиві орнатылған. Жұмысшы органдардың жетегін қосатын рычаг комбайн кабинасында орналасқан.Барлық астық жинайтын комбаиндар түтікпен үрлеп толтырылатын дизельді двигательмен жабдыкталған. Д-240, Д-240М дизелі, төрт цилиндірлі төрт тактілі двигательдің моделі. Көп цилиндірлі двигательдердің жалпы құрылысы мен жұмыс істеу принципінің ерекшеліктерін, сондай ақ индикаторлық және тиімді қуат, механикалық пайдалы әсер коэффициенті, айналдыру моменті, жылу баланысы, тиімді пайдалы әсер коэффициенті, жанар майдың меншікті жұмсалуы туралы. Қалпақшаның қақпағын шығарып, иінді білікті айналдыра отырып, енгізу және шығару клапындарының ашылуына қарай дизельдің жұмыс тәртібін анықтау
2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау, қателіктермен жұмыс жасау;
2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
1. Двигательдерді қандай негізгі белгілері бойынша жіктейді?
2. Қарапайым двигатель қандай деталдардан тұрады?
3. Сығылу камерасы дегеніміз не?
4. Төрт тактілі төрт цилиндірлі двигательдің жұмыс тәртібі қандай?
2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
3. Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (180 минут)
3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:
- Жұмыс орнын жұмысқа дайындау.
МТЗ-80, МТЗ-82 тракторларына орнатылатын Д-240 дизелі төрт тактілі дизельдің цилиндірлерінде бір цилиндірлі төрт тактілі дизельдегідей жұмыс циклі кезектесіп орындалады. Төрт цилиндірлі дизелдің иінді білігінде төрт иін болады. Бірінші және төртінші кривошип бір жаққа қарай, ал екінші және үшінші кривашип қарама қарсы жаққа қарай бағытталған. Сондықтан иінді біліктің айналуы кезінде, бірінші және төртінші цилиндірдің поршеньдерді жоғары қарай орын ауыстырады. Иінді біліктің айналу жиілігінің артуына қарай двигателдің қуаты алдымен артады, ал максимум айналымдарда кеми бастайды. Иінді біліктің трактордың күш берілісіне беретін пайдалы қуатын тиімді қуат деп атайды.
Двигательдің пайдалы жұмысына жұмсалған ішкі энергия мөлшерінің жанар майдың жануы кезінде бөлініп шыққан барлық энергияға қатнасы двигательдің тиімді пайдалы әсер коэффициенті деп аталады. Цилиндірде жанар майдың жануы кезінде бөлініп шыққан ішкі энергия пайдалы жұмыс атқаруға жұмсалатын механикалық энергияға қаншама көп өзгертетін болса, двигатель, соғұрлым тиімді болады.
3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):
Двигатель жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері бұраушы моменті, қуаты, үнемділігі және пайдалы әсер коэффициенті.
Двигатель цилиндрлерінде отын жанған кезде бөлінетін жылу энергия- сының бір бөлігі механикалық энергияға айналады. Поршеньге әсер ететін газ қысымының күші шатун арқылы кривошипке беріледі де, двигательдің иінді білігінде бұраушы момент туғызады.
Бұраушы момент — бұл айналмалы кривошипті кривошип радиусына көбейтуші күш. Бұраушы момент ньютон метрмен (Нм) өрнектеледі. Белгілі бір бұраушы моментті дамыта отырып двигатель жұмыс істейді. Белгілі бір уақыт бірлігінде атақарылған жұмысты қуаты деп атайды.
Двигатель қуатын қиловатпен (кВт) өлшейді. Двигательдің қуатын индиқаторлық және тиімділік деп бөледі. Индикаторлық қуат деп жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндрі ішіндегі газдың дамитын қуатын айтады. Тиімді немесе нақты қуат деп иіндібілік алатын қуатты айтады. Тиімді қуат индикаторлық қуаттан 10-12% кем, олай болатын себебі қуаттың біразы двигатель механизмдеріндегі үйкеліс күшін жеңуге қосалқы құрылғыларды (насостар, желдеткіш, генератор т. б.) іске қосуға жұмсалады. Цилиндрдегі газ қысымы, иінді біліктін айналу жиілігі және цилиндрдің жұмыстық көлемі артқан сайын двигателдің қуаты арта түседі.
4. Қорытынды нұсқау (45 мин):
4.1. Сабақты қорытындылау;
4.2.Жіберілген қателерді талдау;
4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;
4.4. Үй тапсырмасы. Д-240, Д-240М қозғалтқыштарын оқып үйреніп келу.
5. Жұмыс орнын жинастыру.
aizadasmazhanova
өте жақсы сайт екен ұстаздарға да және студенттерге де, Біз кәсіби мамандық бойынша даярлайтын болғандықтан бізге өте қолайлы болды.Рахмет сіздерге
aizadasmazhanova
керемет
aizadasmazhanova
сіздерге көп рахмет,көп ұстаздар сіздердің сайттарыңызды мақтап жатыр