Өлең, жыр, ақындар

Процестерді электронды кестелерде модельдеу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2 А-бөлім. Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу.

Сабақтың тақырыбы: Процестерді электронды кестелерде модельдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.3-электронды кестеде диаграммалар құру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: диаграммалардың түрлерін анықтау;

Басым көпшілігі: кестедегі мәліметтерге диаграмма құру;

Кейбір оқушылар: компьютерлік модельдер жасау

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау

Бағалау критерийі

  • Бір ақпаратты әртүрлі диаграмма түрінде көрсете алады
  • Кестедегі мәліметтерді диаграмма түрінде құруды біледі
  • Берілген тапсырмалар бойынша компьютерлік модельдер жасайды.

Тілдік мақсаттар

Үштілді білім беру жүйесін біртіндеп енгізу

Диалогтармен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Электронды кестеде берілген мәліметтер бойынша диаграммаларды қалай құруға болады?

Құндылықтарға баулу

  • Топта бірлескен жұмыс орнату
  • Бір-бірлерінің пікірін тыңдап, құрметтеу арқылы білім алу
  • Азаматығы мен белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру
  • Рухани жаңғыру құндылықтарын тәрбиелеуге баулу

Пәнаралық байланыс

Математика (y=x2 есептеу), орыс тілі, ағылшын

Алдыңғы білім

Кестелі мәліметтердің графикалық көрінісі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

«Сиқырлы қалпақ» әдісі 5 мин

«Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісі 5 мин

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

«Сиқырлы қалпақ» . Шеңбер болып тұрады. Қасындағы құрбысына қалпақты кигізе отырып жақсы тілек айтады.

Топқа біріктіру: оқушыларға монитор мен жүйелік блоктың суреттері таратылады. Бірдей сурет түскен оқушылар бір топқа бірігеді.

Топтық жұмыс

«Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрады. Бірінші ішкі шеңбер сыртқы шеңберге өткен тақырып бойынша сұрақ қояды. 2 минуттан соң сыртқы шеңбер ішкі шеңберге сұрақ қояды.

Оқушыларды орындарына отырғызбас бұрын әрбір оқушыға белгі таратылады;

Дескрипторлар:

  • Электронды кестелер туралы толық мәлімет біледі

Бағалау: Ауызша мақтау, ынталандыру түрлі түсті белгі тарату

Қызыл -өте жақсы                             жасыл- жақсы

Оқушылар топ бойынша отырады. А4 парағымен маркер таратылады,

Тапсырма топтық жұмыс

Практикалық тапсырмалар - 5 мин

кестеде берілген мәліметтердің суретін  салыңдар

Өшіргіш   

Қалам        

Дәптер         

Кітап          

Журнал      

Суреттеріңе қарап салыстырмалы түрде қайсы құрал үлкендігін айтыңдар.

Демек кестедегі мәліметтерді графика арқылы салыстырмалы көрсету диаграмма деп аталады. Тақырыпты өздері ашады.

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Лексика және терминалогия Диаграмма, аңыз, гистограмма, график, дөңгелек, сызық, пирамида, шеңбер, аймақ

Жазылым, оқылым

Кесте – таблица – table

Диаграмма – диаграмма – diagram

Модельдеу – моделирование – modeling

Аңыз-легенда- legend

Гистограмма -гистограмма- histogram

График -график- chart

Дөңгелек -круглый- round

Сызық -линия- line

Пирамида-пирамида- pyramid

1тапсырма

 Кесте құру мысал келтіру

Қызметкерлерге берілген сыйақы теңге

Аты жөні

қазан

қараша

желтоқсан

барлығы

Сәлімжанов

5300

4500

6000

 

Михайлов

2500

3000

4000

 

Әубакіров

1500

1700

2500

 

Садықов

1000

1500

2000

 

2 тапсырма

Оқушылар назарын тақтаға аудару. Жаңа сабаққа тоқталу видео ролик көрсету;

3  мин

Жұптық жұмыс

   «Досыңа әңгімелеп бер» әдісі. Оқушылар  білгенін сыныптасына әңгімелеп береді.

 Жаңа сабақты бекіту

Жеке жұмыс

Тапсырма 3

цилиндрлік диаграмма құрыңдар

Сыныбы    Оқушы     саны 
7«А»           21              6
7 «Ә»          21              5
7 «Б»          18              6
7 «В»          19              6
7«Д»           20              3

Дискрипторлар:

диаграммалармен көрсете алады

Қортынды

Бағалау: белгіше бойынша диаграмма шығару.


Пікірлер (3)

aidan1707

Өте  жақсы ұйымдастырылған 

Azima

тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз