Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы
№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы КМҚК
Тәрбиеші Жакупова Айжан Амерхановна
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
«Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Сабақта балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерінің атау арқылы. Тілдерін жетілдіре отырып,ертегіні кейіптендіре білуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды достыққа, бірлікке баулу,ертегілерді сүюге, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Сөздік жұмысы: шал, кемпір, бауырсақ, қасқыр, аю, түлкі
Билингвальдік компанент: ата-дедушка, әже-бабушка, бауырсақ-калабок
- Сәлеметсіңдер ме! Балалар, сендермен көріскеніме қатты қуаныштымын. Бүгін ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық. Балалар ауызбіршілікпен шаттық шеңберге тұрды. Тәрбиешімен бірге:
Біз шаңырақ астында,
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішіп асты да
Бірге сайран құрамыз.
Балалар есікті біреу қағып тұр. Бүгін бізге қонаққа әжеміз келіпті.
Әже: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Бүгін мен сендерге қонаққа келдім. Білімдерінді тамашалайын деп.
Тәрбиеші: Әже жайғасып отырыңыз. Балалар, біз бүгін әжемізге не білетіңімізді көрсетейік. Сонымен балалар, мына суретке назар аударыңдар.
- Бұл суретте қандай ертегі бейнеленді?
- Шалқан
- Дұрыс айтасыңдар. Шалқанды орысша қалай дейді?
- Репка
- Жарайсыңдар балалар, ал Шалқанды кім екті?
- Ата
- Шалқан қандай болып өсті?
- Үлкен
- Ал мына суретте қандай ертегі бейнеленген?
- Шұбар тауық
- Дұрыс. Ал шұбар тауық орысша қалай дейді?
- Курочка Ряба
- Дұрыс. Шұбар тауық қандай жұмыртқа жұмыртқалады?
- Алтын жұмыртқаны
- Дұрыс, Бауырсақ орысша қалай дейді?
- Колобок
Ал ендеше біз бүгін Бауырсақ ертегісін сахналаймыз
«Ертеде бір Шалмен Кемпір болыпты». Шал бір күні кемпірінен бауырсақ пісіріп беруін сұрайды.
- Әжесі, әжесі, маған бауырсақ пісіріп берші-дейді
- Атасы, атасы, үйде ұн жоқ қой!-әжесі дейді.
- Қамбарға бар, пышақпен қыр, қанатпен сыпыр, майға пісір-атасы айтты. Кемпірі қамбарға барды. Пышақпен қырып, қанатпен сыпырып, майға қуырып, бауырсақ пісіреді. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға,ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
- Бауырсақ,Бауырсақ! Мен сені жеймін! - дейді.
- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Қалған ұннан жасалған,пышақпен қырған, қантпен сыпырған, майға қуырылған. Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым,ал қоян сенен қашу оп оңай»
Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барада. Оған Қасқыр, Аю кездесіп, олар да оны жегісі келеді.
- Бауырсақ домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін: «Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым,мен қояннан қаштым, мен қояннан қаштым, Қасқырдан қаштым, Аюдан қаштым, ал Түлкі сенен қашу оп оңай»
- Бауырсақ,менің құлағым естімейді,мұрным үстіне келіп, өлеңді қайталап айтшы
- Түлкі бауырсаққа айтады
Бауырсақ өлеңайта бастағанда, Түлкі оны жеп қояды.
Тәрбиеші сендерге ертегі ұнады ма? Түлкі бауырсақты не істеді?
Түлкіні қандай деп айта аламыз?
Тәрбиеші: әже, сізге балалардың сахыналаған ертегісі ұнады ма?
Әже: Балалар, сендердің ертегілерін маған ұнады. Сондықтан мен сендерге риза болып,бауырсақ пісіріп әкелдім. Қазір, шаймен бауырсақ жейміз.
Құндыз
Бұр ертегі маған қатты ұнады
Myrza
Өте керемет
Балнұр
Осы ертегі бойынша сұрақтар барма 0 сынып .Тамаша сабақ
Дана
Ия ертегы оте керемет балалар кызыга тындайды