Назар аудар:
*****
Павлодар қаласы
«№7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Зарихан Алтынай
Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 3
Мақсаты:
1. Білімділік: Шерхан Мұртазаның өмірі туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқып, мазмұндау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Кейіпкер бойындағы батылдыққа, алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ–жауап, тізбектеп оқу, топтастыру стратегиясы, болжау, талдау, жинақтау. (СТО жобасы)
Сабақтың көрнекілігі: Шерхан Мұртазаның, Жамбыл Жабаев, Сүйінбай Аронұлының портреті.
Сабақтың құрылымы:
І. Қызығушылықты ояту
II. Мағынаны тану
III. Ой толғаныс
Үй тапсырмасын тексеру
Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім» мәтіні туралы әңгімелеу.
«Мен саған, сен маған» ойыны.
1. Жамбыл Жабаев қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
2. «Жамбыл» есімінің қойылу себебі неде?
3. Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттайды?
4. Әкесінен қай кезден бастап айырылады?
5. Жамбыл Жабаев кімнен бата алды?
Сүйінбай Аронұлынан бата алады.
Сүйінбай Аронұлы -1815-1898 жылдар арасында өмір сүрген. Ол 13 жасында ақындық жолға түскен жыршы, қобызшы, күйші, ақын және де Жамбылдың ұстазы. Сүйінбайдың ақындық өнері арғы атасы Күпестен мұра болған. Балалық шағында байдың малын баққан.
Жаңа сабақ: «Ой қозғау» стратегиясы.
Шерхан Мұртазаның өмірі
Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Онжылдықты бітірген соң, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Шерхан Мұртазаның балалық бал дәурені соғыспен тұспа-тұс келіп, шығармаларында қоғамның ащы шындығын кестелеп, соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен ауыл адамдарының әр алуан тағдырларын баяндап, ел басына қаралы қасіретті күн туған, сүттей ұйыған өмір жарастығын алай-дүлей бұзған, бақыттыны бақытсыз еткен соғыс жылдарындағы қазақ ауылы мен тұрмысын аянышты тағдырын әңгімелейді. Бүгін еліміздің көрнекті жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерей тойы. Осы датаға орай барлығымызға мектеп қабырғасынан белгілі әңгімені жариялауды жөн көрдік.
Жазушының шығармашылық жолы…
Бұл туындыларының қатарына «41-жылғы келіншек», «Мылтықсыз майдан» повесі, «Бір нәзік сәуле», «Жүз жылдық жара», «Аманат, «Қызыл жебе» романдарын, “Сталинге хат”, “Бесеудің хаты” пьесаларын жатқызамыз.
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара келісімді бұзып, шабуыл жасау шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса-көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. Ұлы Отан соғысының қарқыны осылай басталды. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.
Мәтінмен жұмыс: ІІ. Мағынаны тану
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Шерхан Мұртазның «Интернат наны» мәтінімен танысамыз.
Мәтінді бөліктерге бөліп, сұрақтар арқылы жұмыс жүргізу.
«Болжау кестесі» стратегиясы
Не болады деп ойлайсыз? |
Оған қандай дәлеліңіз бар? |
Шын мәнінде не болды? |
|
|
|
ИНТЕРНАТ НАНЫ
1-бөлік
Әлтай нанға тоймаушы еді. Басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала болатын. Болбырақ, оқуға олақ, есіл-дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді. Сабақтан қала береді. Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті — екі шелекпен өзеннен еңірете су тасиды. Кезекшіліктің ең ауыры осы. Кезекші су мәселесін шешкен соң, картоп аршуға кіріседі. Одан кейін ұзыннан-ұзақ созылған үстелге екі қатар қалайы тәрелкелерді, қисық-қыңыр қалайы қасықтарды қойып шығады. Содан соң барып әрбір тәрелкенің тұсына тілдей-тілдей кесілген қара нан қояды. Бұл кезде Әлтайдың қасына тәрбиеші өзі ілесіп жүреді. Соның өзінде де Әлтай олардың қырағы көзін ала беріп, бірер кесегін томпақ ауызға бұралақтап ұрып жібереді. Тәрбиеші оның аузына күдіктене қарар еді. Бірақ Әлтай сыр бермейтін. Сірә, нанды шайнамай жұтып жіберетін шығар.
2 – бөлік
Кезекшілік күні өткен соң, Әлтайдың көңілі той тарқағандай құлазып қалады.
Балалар ұйқыға кетеді. Бір бөлмеде он бала жатады. Бәрі әскер балалары. Бәрі де ауылдан келген. Соғыстан соң жаңадан ашылған интернат-пансионда жатып оқиды. Майданнан әкесі қайтпағандар, соғыстан ағасы келмегендер, ашқарын ұйқыда түстерінде ауылдың нарт қызыл таба нанын көріп, тамсанып жатады. Осы кезде Әлтай басын көрпемен жауып алып, нан жейді. Біреу естіп қоймасын деп, дымын шығармауға тырысады.
3 – бөлік
Бір күні Әлтай әшкереленіп қалды. Сәттіғұл дейтін бала оның түнде нан жеп жатқанын біліп қойыпты.
- Палундра! - деп Сәттіғұл айғай салсын. Балалардың бәрі үй өртеніп бара жатқандай орындарынан атып-атып тұрсын.
- Не боп қалды?
- Әлтай нан жеп жатыр!
- Нан?!
«Нан» деген сөзді естігенде, ұйқы шайдай ашылады. «Нан» деген сөз - алыстағы ауылдан апаң келіп тұр дегенмен бірдей. Сәттіғұл барып Әлтайдың үстінен көрпені жұлып алады. Әлтай қақпанға түскен қасқырдай ақсиып айбат шегеді. Бірақ өзінің кінәсі басым екенін сезіп жаси бастайды.
4- бөлік
- Мә, — дейді аң-таң болған жолдасына Әлтай бір тілім нан ұсынып. Нан жетпегендерге бір уыс талқан немесе бір түйір құрт тиеді. Бөлме іші мейірімге толғандай. Сол сезімнің әлдилеуімен он бала тәтті ұйқыға кетеді. Түстерінде бір қанар нан арқалап, балаларға үлестіріп жүрген дәу ағайды көреді. Жаңа жыл екен дейді. Интернат асханасының қақ ортасына үлкен шырша орнатылған екен. Шыршаның әрбір бұтағынан қызыл-күрең бөлке-бөлке нан салбырап тұр екен. Сол бөлкелердің қақ ортасына Әлтайды да салбыратып іліп қойған екен. Дәу ағай Аязата болған екен. Жаңа жылда кәмпит орнына бір-бір бөлке нан сыйлап жүр екен.
Нұр жаусын саған, интернаттың қара наны!
Дәптермен жұмыс
Сандықшаның ішіндегі сөздердің мағынасын ашып жазу. Мәтін ішінен іздеп табу.
Сөздік жұмысы
Ебі келсе - ыңғайы, реті келсе.
Интернет – ауылы алыстағы балалар жатып оқитын орын.
Жаси бастайды – жуаси бастайды.
Палундра – Аттан!.
Қанар – қап.
ІІІ. Толғаныс
«Еркінжазу» стратегиясы
«Жаңа жылдық жаңаша түс» деген тақырыпта ешкімнің ойына келмейтін қызық оқиғалы мәтін құрастырып жаз.
«ИНСЕРТ» стратегиясы
Білем |
Мен үшін жаңалық |
Білдім |
|
|
|
Қорытынды:
- Мәтіннің тақырыбы не жөнінде?
- Мәтін қалай аяқталатын еді?
- Интернат деген не?
- ИНТЕРНАТ – ауылы алыстағы балалар жатып оқитын жер.
- Интернат балаларының өмірі неліктен қиын болды?
- Жаңа жыл қарсаңында балалардың түсіне ойыншық, кәмпит емес, неліктен нан кіреді?
Үйге тапсырма: бөлімдерін мазмұндау.
Бағалау.
№ |
Оқушының аты-жөні |
Табыс критерийлері |
|||
Сабақта Жаңа Идеялар Білдірген |
Сабақта белсенді Қатысып, жақсы жауап бергені үшін |
Тапсырмаларды орындауда басқаларға көмек көрсете білгені үшін |
Қорытынды бағасы |
||
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
Назар аудар:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі