Өлең, жыр, ақындар

Су тіршілік көзі

Қарғалы селосы
«Алихан» балабақшасы

«Алақай» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 30.11.2016 ж.

Тәрбиеші: Тулегенова Жанагүл Оразбекқызы

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері: Жаратылыстану

Тақырыбы: Су – тіршілік көзі.

Мақсаты:

1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 

2. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.  

3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер, түтікше, жұмыртқа, тұз, стақан, қар, мұз.

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1.Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.

- Тамаша!!

Ал,  балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

- Күзде неше ай бар?

- Қандай үш ай?

- Қазір қандай ай?

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Керемет. Балалар.

 

 

- Қазыр жылдың күз мезгілі.

- Күзде үш ай бар.

- Қыркүйек, қазан, қараша

- Қазыр қараша айы.

- күн суытып, жапырақтар сарғайып түседі, аспанды бұлт торлап, жаңбыр жие жауады.

 

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу қызметінің  тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі

 

 

 

 

Жауабы: Су. 

 

 

Оқу қызметінің тақырыбы «Су тіршілік көзі» екен.

Судың дыбысын тыңдау.

- Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Су бізге не үшін қажет?

 

- Қалай ойлайсыңдар, мұз, қарды жылы жерге әкелсек не болады?

- Әрине ериді, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде сендермен тәжірбелер жасаймыз. Ендеше соны дәлелдеу үшін 1-тәжірбеміз: ыдыстағы қар мен мұзды оқу іс-әрекетінің соныңна дейін үстелдің үстіне қоямыз.

Тәжірбелер.

І.Ал судың иісі бар маиіскеп көріңдерші? 

Судың иісі жоқ

(Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады).

ІІ.Судың пішіні бар ма?

«Суда пішіні жоқ»

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.ІІІ. Судың дәмі бар ма? 

«Суда дәм жоқ»

Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер.

Судың дыбысын.

Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір тазалаймыз. Суға адамдар да, жануарлар да шомылады

 

 

 

балалар суды иіскеп көреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

балалар суды ішіп көреді

 

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.ІҮ. Судың түсі бар ма? 

«Су — мөлдір»

Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағысуға гуашь бояуларынқосайық. Соныменқатар суды мен сүттісалыстырыпкөрейік, су бар стақанғақасықсалайық, қасықкөрінедіме? Иә көрінеді, ал сүтқұйылғанстақанғақасықсалсақолкөрінедіме? Жоқкөрінбейді, сондықтансудыңтүсіжоқ, ол – мөлдірекен.

Балаларсонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақтыпішініжоқ табиғи ресурс.

Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. 

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, олмұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

 Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен?(балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады

 

 

 

балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады

2.Ұйымдастырушылық – ізденістік

Жұмбақтар:                                                             1. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (Су) 

2. Қыста шыны боп қатады, 

 Жылыда су боп жатады.. (Мұз).
3.Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. 

Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың. (жаңбыр)

4.Қыста ғана болады, 

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

5. Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

 

Су туралы қандай өлең шумақтарын білесіндер.

 

 

Ойын.

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық.

Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге сыйқыр көрсетейін

Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз.1.Стақанға таза су құйып, суға шикі  жұмыртқаны саламын. Жұмыртқа су түбіне батып кетеді 2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды жақсылап ерітемін.3.Енді жұмыртқаны қайтадан  осы суға саламын. Жұмыртқа суға батқан жоқ!4. Тұз судың тұздылығын арттырады. Судағытұздың мөлшері көбейген сайын оның

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұңқар: Су тіршілік негізі

Онсыз өмір сүрмейсін,

Гигиена егізі,

Су деп және білесің.

Мадияр: Су- Табиғат байлығы,Өзен-көлге барасыңКемі екі рет әр күніСуға түсіп тұрасын.

 

 

Балалар «Күн мен жаңбыр» ойынды ойнайды

 

тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кезкелген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді

 

3.Рефлексиялық – түзетушілік

Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:

Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?

Судың қандай қасиеттері бар?

Қандай тәжірибе жасадық?

Сусызөмірсүруге бола ма?

Суды күнделіктіөмірдеқалайпайдаланамыз?

Қандайойынойнадық?

Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіне  белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Ал енді келген қонақтармен қоштасайық!

- жоқ

-Қатты, бу, сұйық

- жоқ

- үнемдеу керек

- күн мен жаңбыр

 

  •  

- Сау болыңыздар

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Су-түссіз, бояу қосқанда өзгереді.

Игереді: Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Меңгереді: Судың пішіні болмайды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз