Өлең, жыр, ақындар

Ондықпен санау

Қысқамерзімді жоспар

Сабақ: Математика
    Мектеп: Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен санау.      Мұғалімнің аты-жөні: Ахмет Ақжамал Мангитбайқызы
Сынып: 1 «Қ»    Қатысқандар саны:     Қатыспағандар саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)    1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 

Сабақтың мақсаттары
    1.1.1.4 Санның  жаңа бірлігі - ондық туралы түсінігі болу,  100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру.
Тілдік мақсаттар
    Сол жақта. Оң жақта.Тура ретпен санау, кері ретпен санау
Құндылықтарды дарыту    Өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс    Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады.
АКТ қолдану дағдылары    Сандарды тінтеуір арқылы жазып көреді.
Бастапқы білім    Оқушылар күнделікті өмірде  немесе  балалар бақшасында  сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет    Ресурстар
Сабақтың басы
7    минут    Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу
НАТУРАЛ сандар?
Тақ сандар
Оң жақта, сол жақта

«Сан қатары» ойыны. / жылан /
http://БББ.ictgames.com/counting.htm
     https://www.youtube.com/watch?v=RuAgdgXVvUA


Сабақтың ортасы
30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

    Сандар қалай пайда болды?
(Ұ) Ертеде адамдар санауды білді ме?  Санау не үшін қажет болды? Сұрақтарға болжам жасауға ой түрткі жасау.  Оқушылардың пікірлерін айтуына мүмкіндік беру.
 (Ө) Санауға арналған  материалдар: моншақтар, асықтар, таяқшалар, тастар, түймелер,
    

Суретке сәйкес заттардың цифрмен белгіленген қатарын тапқызу.
 

Оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған   карточкалар  ұсынылады және 0-ден таңдаған санға дейінгі  санды кесіндіні табады. 
10- ға дейінгі заттар жинағы, яғни 10 бірлік арқылы 1 ондықты алу.
         
 
Ондықтармен санау
1)    100-ге дейін ондықтармен тура санау
2)    100-ге дейін ондықтармен кері санау
3)    100-ге дейінгі аралықтағы кез келген саннан бастап бірлікпен тура санау.
4)    100-ге дейінгі аралықтағы кез келген саннан бастап бірлікпен кері санау.
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс.

1)    Түсіп қалған сандарды жаз
2)    Үлгі бойынша толықтырып жаз

Қалыптастырушы бағалау
1- тапсырма.  Суреттегі заттардың санын цифрмен жазыңыз және сандық сәуледегі орнымен байланыстырыңыз.
 
 
2- тапсырма.  Суреттегі көкөністерді санаңыз және санын әртүрлі  тәсілмен жазып көрсетіңіз.
 
Сан сәулесі
 
Қателікті тап      Кеспе суреттер,
http://БББ.ictgames.com/counting.htm

Сабақтың соңы
2 минут
    Қорытындылау
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- Нені білдім? Нені үйрендім?
- Нені толық түсінбедім ?
Рефлексия
     
Қосымша ақпарат
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?     Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?     Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 


Ондықтармен санауда  қиналатын оқушыларға, бағыт беру  арқылы көмек көрсету.     Санды цифрмен жаза алуын, сандарды сан сәулесінде көрсетуін бағалау.    Көзге арналған жаттығу, сергіту сәттерін өткізу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз