Ақтау қаласы
«№21 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
жанындағы «Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші: Күйкішова Бибінұр
Білім беру саласы: Таным.
Тақырыбы: Ертегілер еліндегі ғажайып математика «3» саны
Мақсаты: Балаларға 3-ке дейінгі санауды жаттықтыруды жалғастыру. Пішіндерді анықтау. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: Бауырсақ
Көрнекілік: әр түрлі пішіндер, 3 саны, ертегіге байланысты суреттер.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.
- Балалар бүгін біздің ашық сабағымыдың тақырыбы «Ертегі еліндегі қызықты математика 3 саны». Балалар, біздің осы ашық сабағымызға, бауырсақ ертегісіндегі ата мен әже қонаққа келіпті. Ата мен әже бір жағынан бізден көмек сұрай келіпті. Себебі пісірген бауырсақтары орманға қашып кетіпті.
- Балалар, біздер ата мен әжеге бауырсағын тауып беруге көмектесеміз бе?
- Иә.
- Олай болса, балалар бізде бауырсақты іздеуге шығайық, тездетіп тауып алайық, себебі орманда көптеген жабайы аңдар бар.
Бауырақ орманда шөп арасынан домалап келе жатса, алдынан қоян шығыпты.
Келе жатқан қоян бауырсақты көріп қуанып кетеді.
«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!» - дейді.
«Жоқ қоян мені жемеші»,- дейді бауырсақ.
Қоян бауырсақты ұстап алып, «Егер менің бір тапсырмамды орындасаң мен сені босатамын, ал егер орындай алмасаң, мен сені жеп қоямын», - дейді.
- Қанекей балалар, бауырсаққа көмектесеміз бе?
- Ия
- Олай болса, қоянның тапсырмасын мұқият тыңдайық.
I. Тапсырма: «Бағдаршамды құрастыр»
Балалар бір-бірден геометриялық пішінді алып орнын табады. (түсін, пішінін анықтау). Өзінің түсіне байланысты тауып құрастыру.
- Жарайсыңдар балалар. Қоян бауырсақты босатты. Енді ертегіні әрі қарай тыңдаңыздар.
Сөйтіп, бауырсақ қуанып келе жатқанда, алдынан қасқыр шығады. Қасқыр бауырсақты көріп, қуанып кетіп, оны тап беріп, ұстап алады.
«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!» - дейді.
«Жоқ қасқыр мені жемеші»,- дейді бауырсақ.
Қасқыр бауырсаққа «Егер менің бір тапсырмамды орындасаң мен сені босатамын, ал егер орындай алмасаң, мен сені жеп қоямын», - дейді.
- Қанекей балалар, қасқырға бауырсақты жемеуіне жол бермейік. Қасқырдың тапсырмасын орындап, бауырсаққа көмектесейік.
II. Тапсырма: «3–ке дейін тура және кері санау, санамақ»
Балалар 3 санын тура және кері санап үйренеді. Санамақ айтып тілдерін жаттақтырады.
Сергіту сәті.
Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрі осы атқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
- Жарайсыңдар балалар. Тапсырмаларды дұрыс орындап шықтыңыздар. Енді ертегіні әрі қарай тыңдаңыздар.
Бауырсақ жолда:
Атамнан да қаштым
Әжемнен де қаштым
Қояннан да қаштым
Қасқырдан да қаштым
деп әндетіп келе жатады. Бұл дауысты естіген аю, кім екен деп жан–жағынан іздей бастайды. Жол жаққа қарап қалса, бауырсақ домалап кетіп бара жатыр екен. Аю бауырсақтың алдынан шығып, тап береді.
«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!» - дейді.
«Жоқ аю мені жемеші»,- дейді бауырсақ.
Аю бауырсаққа «Егер менің бір тапсырмамды орындасаң мен сені босатамын, ал егер орындай алмасаң, мен сені жеп қоямын», - дейді.
- Балалар, енді бауырсаққа аюдан құтылуына көмектесеміз бе?
- Ия.
- Олай болсаб бәріміз бірге тапсырманы мұқият тыңдайық.
III. Тапсырма: «3 саны»
Сандар арасынан 3 санын тап.
- Балалар, сендер жарадыңдар. Бәрің бірігіп бауырсаққа көмектестіңдер. Енді ертегіні тыңдайық. Бауырсақ жолда тағы кімді кездестірер екен.
Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып оралғысы келді. Сөйтіп ол қайтар жолды табалмай келе жатқанда, алдынан сумаңдаған қу түлкі шығады.
Түлкі бауырсақтан қайда бара жатқандығы туралы сұрайды.
Бауырсақ: «Атам мен әжеме бара жатырмын. Бірақ жолдан адасып қалдым» - дейді.
Түлкі: «Мен сенің атаң мен әжеңнің қайда тұратынын білемін, жүр мен саған көмектесейін» - дейді.
Бауырсақ түлкінің артынан ереп келе жатады. Түлкі бауырсақты ешкім жоқ жерге апарып, бауырсаққа тап береді.
«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!» - дейді.
Бауырсақ өзінің түлкіге алданып қалғанын сезіп, «Егер менің бір тапсырмамды орындасаң, мені жей беруіңе болады» - дейді.
Түлкі келісіп, бауырсақтың тапсырмасын тындап, орындай бастайды. Бірақ түлкі орындай алмайды. Сөйтіп ол айналасынан бауырсақты іздей бастайды. Ал бауырсақ болса, түлкіні алдап, қашып кеткен болатын. Түлкі бауырсақты іздеп, табалмай өз жөніне кетеді. Ал бауырсақ болса, атасы мен әжесінің үйін тауып алып, үйіне оралады. Атасы мен әжесі қатты қуанады.
- Балалар, түлкінің орындай алмаған тапсырмасын біз орындап көрейікші.
- Бауырсақтың түлкіге айтқан тапсырмасын мұқият тыңдайық.
IV. Тапсырма: «Орнын тап»
Балаларды тақтаға шақырып, қолдарына әр түрлі пішіндер беріледі. Балалар тақтада тұрған бос орындарға, пішіндерді тиісті орындарына орналастырады.
- Балалар, сендер жарадыңдар. Бауырсаққа атасы мен әжесіне қайтып оралуына көмектесіп, тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар.
Қорытынды.
- Бүгін қандай санды өттік?
- Бүгінгі өткен ертегіміз қандай?
- Бауырсақтың пішіні қандай болады?
- 3–ке дейін кім тура және кері санай алады?
- Балалар сендер бүгін жарадыңдар, сабаққа белсенді қатысып отырдыңдар. Әже бауырсаққа көмектескендерің үшін, сендерге бауырсақ беріп жіберіпті.
- Ал енді, қонақтарымызбен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Аман – есен болайық.
Аширбекова Гулшат
3 саны ашық сабақ өте тамаша өткен деп ойлаймын