Жамбыл облысы Тараз қаласы
Мұқағали Мақатаев атындағы №14 орта мектеп
Мұғалім: Кекельбаева Карлыгаш Көкленовна
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Pascal ABC программасындағы графика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Оқушыларды ПаскальАВС программалау тілінде қолданылатын графиктік объектілер ұғымымен таныстыру, ондағы түрлі операторларды оқушы санасында қалыптастыру, олармен жұмыс жасауға баулу.
Дамытушылық – Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, графиктік операторларды пайдаланып компьютер экранында кескіндерді шығаратын программаларды құрып жұмыс істеуін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін - өзі басқаруға және бағалауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: тақырыпты толық меңгерген тұлғаны қалыптастыру.
Сабқтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тарату материалдары, кестелер, компьютерде программа құру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Сабақтың типі: Пысықтау
Сабақтың әдісі: көрсету, суреттеу, сұрақ-жауап, постер қорғату.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ - жауап)
ІІІ. Постер қорғату
ІV. Компьютерде программа құру
V. Тест тапсырмаларыБекіту
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға мозайка арқылы топқа бөлу.
І топ – Программисттер тобы
ІІ топ – Операторлар тобы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (карточка)
1. Сипаттау бөлімі қанша бөлімнен тұрады? 7
2. Операторлар дегеніміз не?Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.
3. DIV деп қандай бөлікті айтамыз?Бүтін бөлу(бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін бөлігін табу) және бүтін тип қалай жазылады? Integer
4. Тармақталған алгоритмде мынадай қызметші сөздер қолданылады? If, then, else.
5. Графиктік режімді қалай орнатамыз ?uses graphabсмодулін қосамыз.
6. Модельдеу дегеніміз не? объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
7. Программа құрылымы неше бөлімнен тұрады, қандай? 3, тақырыбы, сипаттау, операторлар.
8. Операторлар қандай түйінді сөздерден тұрады? Begin және end.
9. Циклдік операторлардың қанша түрі бар? 3, FOR, WHILE, REPEAT
10. FloodFillоператоры қандай қызмет атқарады?-(x,y) нүктесінен бастап color түспен ауданды бояйды.
ІІІ. Постер қорғау.
Плокаттарға суреттер салып, қандай оператор қолданғанын түсіндіру.
Pascal ABC программасындағы графика
Pascal ABC бағдарламасында графиктік процедураларды енгізу үшінGraphABC модулі қолданылады, арнайы процедуралар мен функцияларды пайдаланып нүкте, түзу, шеңбер, тікбұрыш және басқа фигураларды салуға болады.
uses GraphABC бағдарламаның бірінші түсінігі, графиктік режімді орнатады.
SetPixel(x,y,color) - (x,y) координатасы бойынша color түспен нүкте салады.
Line(x1,y1,x2,y2) - (x1,y1) нүктесінен (x2,y2) нүктесіне дейін түзу кесіндісін салады.
SetPenColor(color) - color түсі бойынша қаламның түсін орнатады..
SetPenWidth(n) - n нүктеге тең қаламның қалыңдығын орнатады.
Rectangle(x1,y1,x2,y2) - (x1,y1), (x2,y2) коорд. бойынша тікбұрыштар салады.
FloodFill(x,y,color) - (x,y) нүктесінен бастап color түспен ауданды бояйды.
SetBrushColor(color) – тұйық ауданды бояйды.
Ellipse(x1,y1,x2,y2) -(x1,y1) және (x2,y2) төбелері бойынша эллипс салады.
Circle(x,y,r) - (x,y) центрі r радиусы болатын шеңбер сызады.
Графикалық режім теріс декарттық жүйесін пайдаланады.
Х осі солдан оңға қарай (640) ,
У осі жоғарыдан төмен қарай (480)өзгеріп отырады.
Есептеу (0,0) – денбасталады
ІV . Компьютерде орындайтын тапсырмалар:
А)
Б)
С)
V. Тест
1. Алгоритмнің түрлерін көрсет
А) сызықтық, тармақталу, көрсеткіштік
Ә) тармақталу, қайталану, шарттық
Б) сызықтық, тармақталу, циклдік
В) циклдік, қайтьалану, шарттық, сызықтық
2. Паскаль программалау тілінің авторы кім?
А) Блез Паскаль
Ә) Никлаус Вирт
Б) Н. Верджино
В) Чарльз Беббидж
3. Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?
A) INT (X)
Ә) ABS (X)
Б) ABC (X)
В) TRUNC (X)
4. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет
А) **
Ә) ^
Б) &
В) дұрыс жауабы жоқ
5. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?
А) SQR (X)
Ә) SQRT (X)
Б) ABS (X)
В) MOD (X)
6. Паскаль тіліндегі нәтиже алу операторын көрсет
А) PRINT
Ә) WRITE
Б) OUTPUT
B) READ
7. Паскаль тіліндегі енгізу операторын
А) PRINT
Ә) WRITE
Б) OUTPUT
B) READ
8. Қай өрнекте қате бар?
А) (х1/х2)*у
Ә) b+(a-c/3)
Б) (sqrt (p)*q)/r
В) (a(b/(c*(d/(ef)))))
9. Sqr операторының қызметі
А) Санның квадраты
Ә) Санның квадрат түбірі
Б) Х-тің 5 дәрежесі
В) Санның абсолют шамасы
10. Паскаль тіліндегі айнымалыларды сипаттау операторын көрсет.
А) VAR
Ә) WRITE
Б) CONST
В) READ
11. uses GraphABC бағдарламаның түсінігі
А) сызық сызады
Ә) графиктік режімді орнатады
Б) қаламның түсін орнатады
12. Паскаль тілінде түстердің жазылуы
А) clWhite
Ә) White
Б) slWhite
VІ. Үйге тапсырма: ЭКСПО-ға байланысты программа құрып келу.
VІІ. Бағалау
Кері байланыс
БББ
Білемін |
Білгенім |
Білгім келеді |
|
|
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі