Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Шығармашылық. Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Көркем әдебиет.Сурет
Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар
Мақсаты:Білімділік мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну.
Дамытушылық мақсаты: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Сөздік жұмыс: Қар жамылған, құлағыңды тістеген
Көптілдік компонент: Қыс –зима - winter, қар –снег –snow, қар жамылған дала-
Керекті құралдар:Қыс бейнесі туралы суреттер, орман бейнесі бейнеленген алаң, сурет салу орталығы
Оқу қызмет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Баланың әрекеті |
Мотивациялық оятушылық |
Шаттық № 52 Жарқырап күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
|
Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын айтады
|
Ұйымдастырушылық -ізденушілік |
Ұйымдастырылған оқу қызметін мына бір өлең жолдарымен бастағым келіп тұр. Аппақ қыстың бояуы Аппақ қыстың бораны Ақ көрпеге орайды Ақ қар байтақ даланы осы өлеңде не туралы айтылған? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Қыста күн қандай болады? -Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр? Енді бір сәт тыныштық орнатайық. Олай болса назарымызды экранға салып, қыс қызығын тамашалап көрелік. Слайдтан қыс мезгілінің алуан түрлі қызықты сәттерін көрсетіп түсіндіру. Балалар аққала жасап жатқан сурет. Қар аршып жатқан сәт. Қар жамылған ағаштар т.б. -Балаларға әңгімелеп айтып беру. -Қыстың ерекшеліктері қандай? Тақтамен жұмыс. Тақтадағы суретке қарап әңгіме құрастыру |
-Қыс мезгілі туралы
-3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан -Суық, аяз, боран. -Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты
-Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.
-Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон киіп алғандай.
|
Ұйымдастырушылық -ізденушілік |
Әнуарбек Дүйсенбиетің «Қыс» өлеңін айтып орманға барайық. (орман бейнесі бейнеленген алаңқайға бару) Аппақ, аппақ жапалақтап Қар жауады тынбастан Қалың орман қар жамылған Маужырайды қысқы орман -Орманда нелер болады? -Мынау қандай ағаш? -Орман ауасы қандай таза, қане, терең тыныс алайық. -Қар қалай жауады? (қимылмен көрсетеді) -Қар қандай болады? -Қар неге ұқсайды екен? (ақ мақтаны алып алақандарына салып үрлейді) -Дұрыс балалар қар, әдемі өрнектелген жұлдызшаға ұқсайды екен. (Орманнан қайтып, орындарына келіп бағанадан бері көрген, байқағандарын енді қағаз бетіне түсіреді) «Қар жамылған ағаш» бейнесін саламыз. Жұмыс барысы үлгіге қарап түсіндіріледі: -Қылқаламды алып, қоңыр түсті гуашпен ағашты саламыз. Ағаштың жуан діңін, төменнен жоғары қарай салып, қар жамылған бейнені ақ гуашпен саламыз. Қар жауып тұрған сәтті шашырату әдісімен салып көрсету. -Енді балалар, сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық. (күні бойы еңбекпен) -Енді, отырып жұмысымызды бастай беруге болады. Қорытындылау: Бір баланы шығарып, кімнің салған суреті өзіне ұнайды, соны алып шығып, не себепті ұнайтынын айтады. |
Балалар қыс өлеңін айтып барады
-Ағаштар, құстар, аңдар болады -Шырша -Балалар терең тыныс алады -Жапалақтап, борандатып жауады -Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады -Жұлдызшаға, әдемі өрнекке, шырша ойыншығына ұқсайды
Күні бойы еңбекпен Өрмекші өрмек тоқыды Нөсер кенет селдеткен Еңбегін оның жоқ қылды Күн шықты қайта жарқырап. Өрмекші өрмек тоқуға. Кірісті дереу тезірек.
-Балалардың жауабы |
Рефлекивтік түзетушілік
|
-Балалар, орнымыздан тұрып, шеңбер жасап «Көлеңке» деген ойын ойнаймыз. Бір аңды айтамын, сендер сол аңның жүрісін саласыңдар? Көлбең-көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді, жүрісін салайық. Мен қоян деймін, сендер қоянның жүрісін саласыңдар.
|
Балалар аңдар жүрісін салады |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыс мезгілінде ағаштардың қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді білуі керек
Нені меңгереді: Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, қыстың суық мезгіл екенін меңгереді
Нені түсінеді: Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді біледі
Қарағанды қаласы КМҚК № 42 "Тілек" балабақшасы Тәрбиеші Сакенова Калкен Сериковна
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі