Тақырыбы: «Алтын күз келді бақшама» (ертеңгілік)
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу.Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, ойлау қабілетін дамыту.Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ән залына музыкамен билеп кіруіміз: «Разноцветные ладошки » әнімен билеу. (Балалар екі қолдарына қағаздан жасалған саусақтар киеді)
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті,баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі «Шағала» тобының «Алтын күз келді бақшама» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Тақпақтар
Айнель:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Сабина
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Арна
Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Нұрай
Алтын күз, алтын күз
Келді біздің бақшаға.
Алтын күз, Алтын күз,
Келді менің далама.
Тәрбиеші: Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Тамаша әнмен жалғастырайық
Ән: «Келді келді алтын күз»
Әннің соңғы шумағы айтылып жатқанда «АЛТЫН КҮЗ» кіреді
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сіздерге
Мен сендерге ойын ала келдім «Түрлі – түсті» деп аталады .
Әндетіп айту: Көңілденіп күзге біз көмектесеміз
Әр түске айналаны бояймыз
Өзіңмен әртүрлі түсті, бояуларыңда алып шық
Алтын күз айтады: Кімде сары түс бар
Ортада биле- деген кезде банан суретін ұстаған балалар ортаға шығып билейді. Ойын әрі қарай осылай жалғасады (Банан,алма, қияр суреттері)
Тақпақтар:
Нұрмұхаммед
Жомарт көңіл, жарқын күз,
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, алтын күз,
Құт қонағы төрімнің
Диана
Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Тоғжан:
Берекелі мерекелі,
Келді міне алтын күз.
Қалада да, далада да
Жанның бәрі жарқын жүр
Тосын сәт: Ән әуенімен Дымқылбек, Суықбек кіреді
Дымқылбек: Дидар
Шалпылдатып кір суды
Аралаймын жер көкті
Мен, Дымқылбек батырмын
Дымқыл, әрі келбетті
Суықбек:Баян
Тоңдырып бар баланы
Аралаймын даланы
Суықбекпін –суықпын
Қоңыр күзде туыппын
Дымқылбек: Әй, Суықбек бері қара бізді күз мерекесіне шақырған ба?
Суықбек:(Түшкіреді, қолында үлкен орамалы) Осы жасқа келгенше мені ешкім мерекеге шақырған емес. Ешкім ешқашан күткен де емес!
Дымқылбек: Иә, дұрыс айтасың. Мені де ешкім сағынып отырған жоқ.
Суықбек: Ой, мынау кім? Сап-сары ғой өзі (күзге таңдана қарайды)
Дымқылбек: Бұл, мереке ханшайымы. Оның аты -Алтын күз.
Суықбек: Алтын күз!
Дымқылбек: Иә, Алтын күз! Адамдар күзді жақсы көреді. Оны жаз бойы күтеді. Оған арнап балалар ән шырқап, би билейді. Солай.
Суықбек: (жылайды) Қарай-гөр, шынында барлық балалар жақсы көреді екен. Көңіл күйім болмай тұрғанын қарашы. (көзін сүртіп, жылайды)
Дымқылбек: (дірілдейді)Бізді ешкім сүймейді. Аяуды да білмейді.
Суықбек: Әй, Дымқылбек неменеге жылап тұрсың. Сенсіз де қалтырап тұрмын. Одан да, күзді қалай мазалаудың амалын ойлайық. Қарашы бізді менсінбей тұрғанын!
Алтын күз: Өзінше менсінбей тұрады.
Дымқылбек: Қанеки, күзді сиқырлап тастайық. Алтын күзді, балшық күзге немесе шалшық күзге айналдырып жіберейік.
Суықбек: Мен бойымдағы бар суығымды шығарайын у-у-уф! у-у-уф! (үрлейді)
Дымқылбек: Қазір мен Алтын күзді жаңбырлы, желді, суық күзге айналдырып жіберейін.
Балалар: Жо –жоқ болмайды, бізде мереке, оданда бізбен бірге би билеңіз
БИ: ЖАПЫРАҚПЕН
Дымқылбек, Суықбек: (Екеуі сонда да қоймай) Жүр саған шырын береміз деп алтые күзге «ұйқы шырынын» ішкізеді
Алтын күз: Күз ішіп, ұйқысы келіп кетеді.Балалар менің ұйқым келіп кетті, маған көмектерің қажет
Балалар: қандай көмек
Алтын күз: Бұл «ұйқы шырынының» күші бәріміз бірігіп ойын ойнасақ көмектеседі. Ендеше бәріміз екі қатарға бөлініп, бау –бақшадағы өнімдерді жинайық
-Жұмыскерлер дайын ба?
-Балалар : - Иә
-Ал бастаймыз (Музыка ойналады)
Шарты: Алдындағы тұрған бала көкөністерд,і келесі балаға басынан асыру арқылы береді, ең соңында тұрған бала шелекке салады.
АЛТЫН КҮЗ: Екі шелекті қолына алып, көтере алмай келе жатқандай болады. Ой! қандай ауыр, көп жинапсыңдар! Барлығын жинадыңдар ма? (Жинаған көкөністерін ортаға әкеліп қояды)
-Рахмет сендерге балалар
-Осы өнімдер туралы қандай ән бар еді?
ӘН: «Урожай собирай» (Өнімдерді жинаймыз)
Алтын күз:Менің неге ұйқым келе береді (ұйқысы келгендей есінейді) орындықта отырады
Дымқылбек: Әлі ұйқысы келіп тұр ма??
Суықбек: Егер күз оянбай қойса, не істейміз???
Дымқылбек:Егер де балалар көп ән айтса, оянады. Тыныш, естип қоймасын ешкім.
1 Бала: олардың не айтып жатқанын естіп қойдым, егерде біз көп –көп ән айтсақ, күз оянады дейді. Қане балалар, ендеше әнімізді айтайық, жүріңдер деп балаларды ортаға шақырады.
ӘН: «Тыныш, тыныш, тыныш»
ӘН: «Парам –пам»
Алтын күз: Кел үшеуіміз дос болайық, сендер халыққа жайлы болындар. (Үшеуі құшақтасады)
Дымқылбек пен Суықбек бір-бірінің басын ағылшын тілі, қазақ тілі кітабымен басынан ұрады. Сол кезде ағылшынша сөйлеп кетеді.
Балалардың ағылшынша тақпақтарын сұрайды.
Сабина Диана, Ильяс, Медина, Нұрмұхаммед, Айлин, Айнель, Тоғжан
Дымқылбек пен Суықбек балаларға рахмет айтып шығып кетеді
Ойын: «Қолшатырмен»
Тәрбиеші: «Күзгі топтама» сән үлгісін қарсы алыңыздар
Сән үлгісіне қыздар шығады: Сабина, Арна, Диана, Алуа
Тәрбиеші:Алтын күз қайта келді берекелі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді.
Қарағанды қаласы КМҚК № 42 "Тілек" балабақшасы Тәрбиеші: Сакенова Калкен Сериковна
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі