Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білімдік саласы: Қатынас, Таным, Әлеуметтік орта
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Математика, Қоршаған орта, Құрастыру
Тақырыбы: Құстар ұшып келгенде
Мақсаты:Б.м:Балаларға құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстардың түрі, тіршілігі туралы білімдерін дамыту.Д.м: Сөздік қорларын молайтып, есте сақтау қабілеттерін арттыру.Т.м: Құстарға қамқор болуға, қорғауға тәрбиелеу.
Көптілдік: птицы -құстар- birds
Сөздік жұмыс: қонақтап, сайрап
Әдіс –тәсіл: сұрақ –жауап, көрсету, әңгімелеу
Керекті –құралдар:Құстардың суреттері, Слайд -құстардың дыбысы, бейне таспа, жарнама, ұя түрлері суреттері
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1) «Бейне таспа» «Данышпан қарға» жарнамасы қойылады
-Талай қызық айтып беремін.Табиғатты аялап, қоршаған ортаны ластамау туралы көп нәрсе үйретемін.
Тәрбиеші: -Құстар да, табиғаттың бір бөлшегі. Қазір біз құс туралы жылулық шеңберін бастаймыз. (Бәріміз орнымыздан тұрамыз)
-Егер, менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап, мәпелеп бағар едім.
Ары қарай балалар жалғастырады.
-Егер, менің қолыма құс келіп қонса, мен оны жуындырар едім.
...............мен оған ұя жасап берер едім.
...............мен оның қауырсынын тараймын
------------су берер едім, қанатынан сипаймын,
------------аузына су тамызамын, ұясына кіргізер едім
------------бидай беремін, нан қоқымын берер едім.
2)Мен сендерге бірнеше сұрақ қоямын, сендер дұрыс жауап берген жағдайда құстар келеді. (Сұраққа жауап берген сайын, ағаш макетіне құстарды орналастыру)
-Біз қандай Республикада тұрамыз? (Қараторғай)
-Көп ұлтты мемлекетті кім басқарады? (Қарлығаш)
-Қазақстан Рәміздерін ата? (Тоқылдақ)
-Жыл мезгілдерін ата? (Тырна) (Көкек)
-Балалар, мына ағаштың басына келіп қонған ғажайып құстарды, қараңдаршы. Қандай құстар келді, қане аттарын атап беріңдерші? (Балалар құстар атын атайды) Қарлығаш. тырна, қараторғай, тоқылдақ..
-Енді осы құстарды санайық. Ағаш басында қанша құс бар екен? 1,2,3,4,5
-Тура және кері санату.
3) Мына суреттерді сандарға сәйкестендіріп орналастыру.
4) Слайд .Суретпен жұмыс: Тақтадағы құстар тобына назар аударайық. Құстар туралы айтып өту. Құстардың түстерін атау, кескінін, дене бөліктерін, атау. Құстардың дене пішіні де, әртүрлі, түсі де, дыбыс да әртүрлі болады. Ендеше, қазір біз құстардың дыбысын тыңдайық. (Слайдтан құстардың дыбысын тыңдату)
-Құстарды аялау керек, қорғау керек. Оларға тас лақтыруға болмайды, ұясына тиісуге болмайды.
-Енді, балалар біз шаршаған болармыз, бойымызды сергітіп алайық.
5)Сергіту сәті: Қане қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып –ұшып алайық
Орнымызға қонайық
6) Құстарды сипаттау. Әр бала бір –бір суреттен алып әңгімелейді. Қарлығаш –адамның досы. Ол шатырға, үйдің төбесіне ұя салады.
Оның құйрығы екі айыр. Ол құрт –құмырсқаларды жейді.
Тоқылдақ –орман дәрігері.Оның тұмсығы ұзын. Ағаштарды тоқ –тоқ етіп, құрттарды тауып жейді. Ағаштарды қорғайды. Тырнаның –аяғы, мойны, тұмсығы ұзын. Ол аспанда қалықтап ұшады.
7) Слайд. (Бірнеше ұя түрлері көрсетіледі) (балалардан сұрау)
-Балалар, құстар ұяларын неден жасаған?
-Құстар ұяларын жүннен, жіп қалдықтарынан, шөптен далада жатқан, саз балшықтан жасайды.
8) «Не қайда тұрады?» Не қайда өмір сүреді? ойын. Үстел үстіндегі суреттердің әрқайсысын өз үйіне орналастыру
-Ит қайда тұрады? Ит үйшігінде тұрады.
-Құс қайда тұрады? Құс ұяда өмір сүреді
-Өрмекші өрмегінде, торында тұрады
-Құмырсқа илеуінде тұрады
9)Сөздік жұмыс: Илеу, өрмек, үйшік
10)Балалар «Данышпан құстың» айтқан қызықты жарнамасының арқасында біз көп нәрсе білдік, үйрендік. Біз барлық адамдарға, құстарға көп көмек көрсетуге дайынбыз. Данышпан құсқа ұя керек екен. Ұя жасап берейік, екі топқа бөлінейік. Ағаш бұтақтарынан ұя жасау. Желімді жағу арқылы, ортасына мамық жүнді келтіреміз. Сосын құсымызды орналастырамыз.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде көргеніміздің бәрі осы «Данышпан құстың» қызықты әңгімесі. Құсымыз, бізге риза болып өз ұясына келіп қонды.
Қарағанды қаласы КМҚК № 42 "Тілек" балабақшасы. Тәрбиеші: Сакенова Калкен Сериковна
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі