Өлең, жыр, ақындар

Секіру және оның түрлері

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылы
"Н. Исахметов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рақымбаев Ерболат Еркінұлы

Сабақ тақырыбы

Секіру және оның түрлері.

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру және қорытындылау.

               Сабақ мақсаттары

Секіруді орындау кезінде секіру қимыл-қозғалыс реттілігін сақтау қажеттілігі. Екпін алып секірудің маңызыдылығын жетілдіреді және жинақтайды, сабақ барысында көрсетеді.

               Бағалау критерийі

Дене қимыл-қозғалыс маңызыдылығын жетілдіреді, ретілігін сақтайды, түсінеді және сабақ барысында үдерісті көрсетеді.

              Тілдік мақсаттар

 

Оқушыларды пән мазмұны түсініктерімен жұмыс жасауға қажетті сынып тілімен жабдықтау (мысалы, топтық жұмыс жасауға, зерттеу сұрақтарын қою, ситуацияны талдау және талқылар / пікірталастар жүргізуге қажетті фразалар).

             Құндылықтарды дарыту

Арнайы спорттық қозғалыс дағдылары мен қатысты қабілеттерді және негізгі қимыл қабілеттері мен қатысты қабілеттерді жетілдіруді оқушы бойына қалыптастыру.

            Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы, физика.

            АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану.

    Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар бірқатар жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау кезінде жеке қозғалыс техникаларын жақсартумен жұмыс істейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Уақытты жоспарлау: Дайындық  бөлім:  12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару.  Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы  жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.  

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. 

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл  жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі  жаттығулар. Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу.  Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. 

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік. Ұзындыққа секіруге арналған шұңқыр, жалауша (ақ және қызыл), гимнастикалық маттар, кедергілер

Фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық, бор.

Сабақтың ортасы 

 

(К, Т) Сыныпты оқушылар секіру дағдыларын дамытуға алып келетін тапсырмаларды орындайтын шағын топтарға бөлу.

1. Жылдам жүгіру кезінде әр бес қадамда итеріліп, «адымдап» секіруді орындау (5-6 рет).
2. Тізені кейдеге тартып, кедергі арқылы орнынан тұрып секіру (5-6 рет).
3. «Отырған» күйінде қонуымен орнынан тұрып жоғары секіру (мысалы, гимнастикалық мат) (5-6 рет).
4. Жүгіріп келіп аяқты қайшылап, биіктікке секіру (5-6 рет).
5. Қону орнына жақын орналасқан кедергі арқылы бес-алды қадам жүгіріп келіп секіру (5-6 рет).
6. Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет).
7. Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет).

Секіруді жақсарту үшін қолданатын арнайы жаттығуларды оқушыларға ұсыну. Әр түрлі кедергілерден секіру, ілінген заттарға секіріп жету жаттығулары.

Топта оқушылармен секіру дағдыларын жақсарту үшін ұсынылған тапсырмалардың қайсысымен тағы жұмыс істеу керектігін талқылаңыз.

Ұзындыққа секіруге арналған шұңқыр, жалауша (ақ және қызыл), гимнастикалық маттар, кедергілер

Фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық, бор.

Секіруге арналған сілтеме:

 

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі секіру жаттығуларында оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және үдерісін дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, жеңіл атлетикалық секірулерді жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар секіру дағдыларын қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Сабақ барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. 


Пікірлер (3)

Кунар Аяулым 6 сынып окышысы

Секырудын турлеры
Узындыкка секиру
Жакын жерге секыру
Секыртпемен секиру
Улкен кашыктыкта секыру

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер