ОҚО Арыс қаласы
А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебінің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Боранбаева Гүлжан Сейдалиевна
А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі бойынша «Тәуелсіздігім теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында өтілетін ашық тәрбие сағатының сценариі.
Мақсаты: ҚР Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай, 1986 жылы 17-18 желтоқсандағы бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген ғаламат оқиға жөнінде жастарымызға жаңа тұрғыда насихаттай отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін, туған халқын сүюге, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, желтоқсан құрбандарының суреті, бейнежазба арқылы желтоқсан құрбандарының суретін көрсету.
Барысы:
1-жүргізіші: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар мен қонақтар.
2-жүргізіші: Армысыздар, қадірлі оқушылар мен ата-аналар.
1-жүргізіші: Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықты көрді. Қасірет шекті.
2-жүргізіші: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде 1 000 000 қазақ қаза тапты.
1-жүргізіші: 1916-1921 жылдар аралығында 800 000 адам қырғынға ұшырады.
2-жүргізіші: 1930-1933 жылдары голощекинлік Нәубет кезінде 2 200 000 қазақ аштан өлді.
1-жүргізіші: 1941 – 1945 жылдары 350 000 ұл–қызынан айырған қазақ халқының саны12%-ға кеміді.
2-жүргізіші: 1915 жылдары қазақ халқының саны 6 000 000 болса, 1945 жылы бүкіл ТМД бойынша 2 650 000-ға әзер жеткен.
1-жүргізіші: 1986 жылдық ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналады. Ия, өткенге ой жіберер тағы да бір күн аяқталып келеді. Уақыт тереңіне үңілсек қазақ халқы қай дәуірде болмасын өз тәуелсіздігін, өз егемендігін аңсаған. Халқымыздың талай тағдыры таразыға түскенде, ел жұртының бірлігі мен тірегін көксеген Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер бытыраған халқымның басын қосып, көшін түзеп шешендік те, көсемдік те қасиет танытты емес пе?
/Осы кезде ортаға үш би шығады./
Төле би: - Алдымызда асу-асу белдер бар,
Ұлт жолында ұйытқи соғар желдер бар
Белде талар, желде беттен қағар
Бәріне көну керек
Бәріне төзу керек.
Қазыбек би: - Бірлігіңді көргенде
Пейіштен самал ескендей
Ымыраңды көргенде
Өр көңілім өскендей
Біліп алған білігін
Айналайын халайық,
Бірлігіңнен айналдым.
Әйтеке би: - Айбарлы атаның ұрпақтары!
Бабалардың қасиетті атамекенін қоршаудағы намыскерлігін, өлшеусіз өрлігін, өз бойларына сіңіріп, тәуелсіздік, азаматтық ұғымдарының қадір-қасиетін бағалай біліңдер.
1-оқушы.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген
Құшақ жая таныстым сан тілімнен
Жаман үйді қонағы билейді деп
Қала жаздап айырылып өз тілімнен
Өзге тілге еліктеп ел болмайық
Қазағымның артық жоқ өз тілімнен.
2-оқушы.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілгекн
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Мен жігітпен айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда
Шарықтасам қыран боп қырға шықтым
1986 жылы 16-желтоқсанда Пленум өтіп, бірінші хатшы Қонаевты орнынан алып, Колбинды сайлады. Пленум бұл шешімге не бәрі 18 минут жіберген.
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.-деп
Қаздауысты Қазыбек жырлағандай ешкімнің аяғына басылмаймыз, басымыздан сөз асырмаймыз деп Колбиннің сайлауына қарсылық білдіріп жас ұлдарымыз бен қыздарымыз алаңға шықты.
Қатыкездік жұдырығы түйіліп
Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып,
Желтоқсанда шықтың үлкен алаңға
Ата-баба әруағына сыйынып.
1-жүргізіші: Оқиға барысына келсек, әуелі тек Алматы қаласының жұмысшы және студент жастарынын тұратын шағын ғана топтық Орталық комитетіне наразылық білдіріп шықты. Алғашқы кезде алаңда 200-300 адам болатын, бара-бара қатарлары көбейді. Қолдарына,’’Қазақстан жасасын’’, ’’Қазақстанды ешкімге билетпейміз’’ Қазақстанды өз ұлттынан басшы басқарсын деген т.б да ұрандар болады.
2-жүргізіші: Республика басшылығы жастардың өздерімен терезесі тең сөйлесуін қорлық санап, олардың пікірімен санасуы жөн деп таппады. Сөйтіп, бұл наразылық өкіметке қауіп төндіру ретінде бағаланып, сан жағынан шеруге қатысушылардан бірнеше есе басым түсетін Алматы гарнизоны әскери әзірлік жағдайына келтірілді де,талаңды қоршап алуға бұйрық алды. Алаңға 50 мың әскер 20 мың милиция,
16 мың жасақшылар шоғырланды. Ал шеруге шыққандардың қатары10 мыңға жуық болды. Оларды міз бақпай қасқайып талаптарын қоя берді.
1-жүргізіші: 17-желтоқсан күні сағат 18-де шеруге қатысушыларды күшпен тарату туралы алғашқы шешімді Орталықтың мақұлдауымен жергілікті басшылық қабылдады. Қуып тарату жөніндегі бұйрықты Қазақ ССР ішкі істер министрі Г.Н.Князов берді. Сол сәттен бастап Алматыда жаппай тәртіпсіздік басталды. Желтоқсанның 17-сінен 18-іне қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Шеруге шыққан жастар үш қатарлы қоршауда қалды. Жасақшылар олармен бетпе-бет келіп, алдында тұрды. Одан кейінгі қатарда-милиция, үшінші қатарда-әскер тұрды.
2-жүргізіші: Бір кезде өрт сөндіретін қанқызыл машиналар алаңға айқастай келіп жастарға су шашып, жаңбырдай боратты. Жастар ыдырайып тарай қоймады. Милиционерлер алдыңғы қатардағыларды күшпен әкете бастады. Қоршалып қалғандарынан сезіктеніп жастар, қарсыластарын тас, таяқ және т.б лақтырды. Шиеленіс ушығып, өрттей лаулап ала жөнелді. Қараңғы түскеннен кейін жастарды ығыстыру әрекеті басталды. Күрек сойыл, арсылдаған иттер пайдаланылды. Жастарды ұрып-соғып қуып таратқаннан кейін, түнгі сағат 12-лер шамасында алаңдағы қар үстінде қанша ұл-қыздар соққыға жығылды.
3-оқушы. Тұтқиылдан түскен суық мәлімет
Тарап елге дейді күштеп қабыл ет
Жаңа алаңға қалың жастар қаптады,
Қайда-қайда жариялылық, әділет
Аяз қысып,төкті қыс та қаһарын,
Сиретпеді жастар бірақ қатарын.
Қайдан білсін милиция – қорғаны,
Ұрып-соғыпсуық суме натарын.
4-оқушы. Қайдан білсін аңғал, албырт жастарым
Сойыл, күрек жаратынын бастарын.
Шаштан, сүйреп, әскер қорлап қыздырды
Қойдай қамап, айдалаға тастарын.
Тегеурінді соққылары жарақтан,
Ақша қарға судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айрыларын Ләззат, Ербол, Сабирадан, Қайраттан
5-оқушы.Шағылса да тауға тиіп жас тауы,
Ерлік еді намысқа шоқ тастауы.
Куллі әлемді шулатқан сол екі кун,
Болған екен бостандықтың бастауы.
Туған елім, білім алып өс енді.
Қадірлей біл ел бастаған көсемді.
Арқасында ағалардың айбарлы
Қайтардың кеп жұртта кеткен есеңді.
6-оқушы. Біз Отанды қаралауға бармадық,
Сол үшін де қолға қару алмадық.
Қайта қолда қаруымыз сөз болып
Біз Отандық әділетті қорғадық.
Нашақор деп, ұлтшыл деп
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
7-оқушы. Қ.Рұсқылбеков 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің құрбаны «халық қаһарманы». Ол 1986 жылы Алматыдағы сәулет құрылыс институтында оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтеріліске белсене қатысты. Жастарды көтеріліске ұйымдастырғаны үшін кесілген өлім жазасы 20 жылға ауыстырылды. 500 күннен астам өлім камерасынында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21-мамырда Семей түрмесінде 21 камерада белгісіз жағдайда қаза тапты.
8-оқушы. Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилишенің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен, сол жылы ол бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Сәбира жаттаққананың 5 қабатынан құлап өлді.
9-оқушы. Ләззат Асанова - желтоқсан көтерерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыда Чайковский атындағы училищеге оқуға түскен. 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған көтеріліске белсене қатысқан. Ол «Қазақтар Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді. Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты. 1986 жылы жазалаушылардың қолынан қаза тапты.
10-оқушы. 19-желтоқсанда ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының 2 курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді.
Екі оқушы шелпек алып шығып ≪әруақ риза болмай, тірі байымас≫ дегендей өмірден өткен әруақтарға бағыштап шелпекті оқушыларға таратады.
1-жүргізуші: Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам ауруханаға түсті. Екі азаматқа өлім жазасын беру туралы үкім шығарды. 73-ін бас бостандығынан айырды, соттады.
2-жүргізуші: 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Енді міне осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың арқасында ата-бабаларымыз ұзақ уақыт бойы армандаған арманымызға қол жеткіздік. Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда жер-жаһанға жария етті.
Оқушылар хормен: Тәуелсіздік құтты болсын, ағайын!
1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев сайланды.
1992-жылы 4-маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді.
Оқушылар хормен: Тәуелсіздік құтты болсын, ағайын!
1-жүргізуші: Бүгін біз өркениет жолындамыз,
Заманға ағымының оңындамыз.
Шүкіршілік ештеңеден кенде емеспіз,
Әлемде мәртебелі орындамыз.
2-жүргізуші: Гүлденіп жасай берсін жерім менің,
Қорғай біл Отаныңды еліңді, ерім.
Қолыма домбырамды алып менде,
Қазағымды жыр етуге ерінбедім.
Сонымен шағын мерекелік концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар, алдарыңызда
Талдыбек Раушанның орындауындағы .................................... әнін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Жаңаша бағыт алды ғылым, білім,
Оларға арқау болды ана тілім.
Санаға имандылық ұялатып,
Халқына қызмет етті ділім, дінім.
2-жүргізуші: Туған елдің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліңдей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің. – деп
1-жүргізуші: Бізге жат қырғи қабақ жанжал, егес,
Бізге жат құбылмалы жалған елес.
Әлемдік тыныштықты сақтау үшін,
Үн қоспай Қазақстан қалған емес.
2-Жүргізуші: Қазақтың тілін күн етіп,
Ұрпақты қайта түлетіп.
Мәдениетін ұлтымның,
Жүрейікші гүл етіп.
«Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамың нық, әлемге аты айқын,
Егеменді ел бүгін – Қазақстын.
Балғабай Шапағаттың орындауындағы ..............................әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Ағайын, жеңісіміз құтты болсын,
Жеңістің тұғырына бақыт қонсын.
Жоспары болашақтың орындалып,
Ордасы еліміздің құтқа толсын.
Қуаныш кеудемізді керней берсін,
Құлашын болашаққа сермей берсін.
Тек алға, жаса, жаса Қазақстан!
Тұғыры Тәуелсіздік өрлей берсін! – деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
аслан
өте керемет!!!