Өлең, жыр, ақындар

Еңбек – өмір мәні

Мұғалім: Джолова  М.А                                                        Пәні: «Өзін – өзі тану»

Сыныбы: 9 «А» «Ә» «Б» «В»                                               Мектеп № 3

Сабақ № 7 – 8               

Сабақтың тақырыбы: «Еңбек – өмір мәні»

Құндылық: еңбексүйгіштік

Қасиеттер: қайырымдылық,  талаптылық

Көрнекілігі:

  • Оқулық
  • Дәптер
  • Оқу құралдары
  • Ақ қағаздар

Сабақтың мақсаты

Білімділілігі: еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы, еңбектің  шығармашылыққа ұласуы туралы жете меңгерту. 
Дамытушылығы: адамның шығармашылық қабілетін ашу, еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. 
Тәрбиелігі: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. 

Сабақ барысын талдау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу

Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны

  1. Тәртіп
  2. Талап
  3. Тыныштық
  4. Тазалық
  5. Татулық

 

Тыныштық сәті

Алтын балық.

         Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».

Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін!

Жаңа сабақ

Әңгімелесу

         Оқушылардың екбексүйгіштік,еңбек туралы төменгі сыныптардан алған білімдерін еске түсіріп,олардың еңбекке көзқарасын,еңбек құндылығы туралы түсініктерін ортаға салу және жетістіктерге жету үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болатынын  білу мақсатында төмендегі сұрақтар алқылы әңгімелесу жүргіземін:

  • Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
  • Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?
  • Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?
  • Еңбек етуде шығармашылық,шабыт не үшін қажет?
  • Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

Берілген сұрақтар бойынша оқушылар еңбектің адам өмірінде басты орын алатынын,еңбекқорлық адамды зор жетістіктерге жеткізетінін түсінеді.

 

Дәйексөз

 «Еріншектік – күллі  дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық,  жігерсіздік,  ұятсыздық, кедейлік – бәрі  осыдан»

                                                                                Абай

  • Дәйексөздің мәнін ашу.
  • Дәптерге көшіріп алу.

 

Аңыз 
Ой қозғау: 
1. Егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда тіршілігі өзгерер ме еді? 
2. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар? 
3. Еңбек сүйгіштік қасиетті қалай түсінесіңдер?

 

Жағдаяттарды талдау

  1. Нұржан мен Болат 9 сыныпта бірге оқитын. Екеуі бүгіннен бастап ұлттық тестілеу сұрақтарына дайындықты бастайтын болып келіскен. Бірақ Нүржан үйге келген соң Болатқа бара алмайтынын айтып , телефон шалды. Болат себебін сұрағанда , Нұржан:-әлі де уақыт бар емес пе?Үлгереміз ғой  деді Болат.

Нұржанның әрекетін қалай түсіндірер едің?    

  1. Мұғалім оқушыларға «Табиғат» тақырыбына ғылыми жоба дайындауға тапсырма берді.

         Нұржан:

-  Болат кітапханаға барып жоамызды әзірлейік

-  Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырамын деді. Болат.

-  Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой деді Нұржан.

-  Ештеңе етпесжобамызды тапсырсақ болды емес пе?

-  Жоқ ол....

Өздерің Нұржан мен Болатқа қандай кеңес берер едіңдер?

 

Мақал – мәтелдер

 

Еңбек қылмай ер оңбас,

Бірлік қылмай ел оңбас.

 

Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ

 

Еңбек болмаса ,елге өкпелеме,

Ықтасын болмаса,  желге өкпелеме.

 

Адамнан сұрағанның екі көзі шығады,

Еңбектен сұрағанның екі бүйірі шығады.

 

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,

Бітірген ісін сұра.

 

Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.

 

Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.

 

Үйге тапсырма:

«Адам көркі – еңбек» тақырыбында ақын, жазушы ретінде  өлең, әңгіме құрастыру; суретші ретінде сурет салып келу

 

Қорытынды

Жастықта еңбек ету қандай қызық,

Қуаныш билемей ме бойды кернеп?

Қызықты тұрмысымды етем десең,

Аянбай маңдай термен істе қызмет.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер