Өлең, жыр, ақындар

Сөздік қор және Сөз таптары

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылы
А.Нұрманов атындағы негізгі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шаймағанбетова Салтанат Тұрсынбекқызы

Қазақ тілі пәнінен біріктірілген 5, 6 сыныптарға арналған бірпәндік сабақ жоспары

 

5 сынып

6 сынып

Сабақтың тақырыбы

Сөздік қор

Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты:

Сөз және оның мағыналары туралы білімдерін қайталау

Сөз таптары туралы түсініктерін қалыптастыру, алған білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты:

Сыйластыққа, адамгершілікке, кішіпейілділік пен ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Оқыту әдістері:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ажырату, салыстыру.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, тарих.

Көрнекіліктер:

Киіз үй суреттері, тірек сызбалар.

Сабақ барысы:

І. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

ІІ. Үй тапсыр- масын тексеру:

 

5 сынып                                                                                                            6 сынып

Сұрақ – жауап.

 

1.Мақал дегеніміз не?

2.Мәтел дегеніміз не?

3.Мақал-мәтелдердің тұрақты сөз тіркестеріне қатысы бар ма?

137 жаттығу. Мақалды көшіріп жазу. «Жеті» сөзі қатысқан тағы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер дегеніміз не?

96 жаттығу. Мәтіннен одағай, атауыш, көмекші сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылғанын түсіндіру.

ІІ Сараланған бөлім

1 тапсырма                                                  Оқулықпен жұмыс

5 сынып.  Мұғалім: Тіліміздегі сөздердің көбі – қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері. Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққа бірдей түсінікті болады, - дей келе төмендегі тапсырманы береді.

Оқушының өздігінен орындайтын жұмысы.

 1 тапсырма: Бұл қай мезгіл?  Сурет бойынша әңгіме құрастырып, заттардың атын,түсін,пішінін атап, оларға сұрақ қояды.

Үлгі: Жаз мезгілі. Қалың шөп. Сары гүл.

2 тапсырма: Суретте неше бала бейнеленген? Олар кімдер? – зат есім, нешеу? – сан есім, 

Сөйлем құрастыру.

 

6 сынып. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

Сөз таптары

Сұрақтары

Мысалдар

Зат есім

Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Асан,бор,ауа, қамшы,т.б.

Сан есім

Қанша? Неше? Нешінші?

Жеті,елу,сексен, сегіз,т.б.

Сын есім

Қандай? Қай?

Қызыл,көк, т.б

Етістік

Не істеді? Не қылды? Қайтіп?

Ойнады,жазды, өседі, т.б.

Есімдік

Кім?Не?Қанша? Кімдер? Қай? Қайсы?

Мен,сен,ол, өзі, өзім, т.б.

Үстеу

Қашан?Қайда? Қанша?Қалай?

Бүгін,ертең,төмен, жоғары т.б

Шылау

 

Мен,бен,пен, да, де, үшін,т.б.

Одағай

 

Алақаай,қап, тәйт, т.б.

Еліктеуіш сөздер

 

Жалт-жұлт, сарт-сұрт, тарс-тарс т.б

 

Сөздердің білдіретін мағынасына, тұлғасына, сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз.

Мұғалім тірек-сызбаны пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен сөз таптарынан не білетіндерін еске түсіру үшін сұрақтар қояды.

2 тапсырма

5 сынып. Сөздерді білдіретін мағынасына қарай топтап жазып, сұрақ қояды.

 

Бірнеше мағына беретін сөздер

Қарама – қарсы сөздер

Мәндес сөздер

Қызғалдақ – қыз есімі, гүл атауы, ....

Дұрыс – бұрыс,

.....

 

Адал, пәк,

таза, ....

 

6 сынып. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.

99 жаттығу Мәтінді көшіріп жазып, атауыш сөздердің астын бір сызықпен , көмекші сөздердің астын екі сызықпен сызу.

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа .....

 101 жаттығу. Мәтінде қандай сөз таптары бар екенін дәлелдеп, айтып беру.

3 тапсырма

5 сынып. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.

138 жаттығу. Мәтіннен сөздік қорға енетін сөздерді теріп жазу.

140 жаттығу. (Ауызша).

142 жаттығу. Мәтіннен туыстыққа қатысты атауларды білдіретін сөздерді теріп жазу және сол тізбекті әрі қарай жалғастыру.

6 сынып

100 жаттығу. Жаттығуды көшіріп жазу және мәтін мазмұнын ашатын сұрақтар құрастыру.

102 жаттығу. Сөз таптарының әрқайсысына

5 сөзден жазу.

ІІІ  Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Пысықтау. Ойын  «Хат жолдау»

     Ойын шарты: Нөмірленген киіз үйлер және сөздер беріледі. Берілген сөздерге сұрақ қойып, сөз табының қай түріне жататынын анықтап, тиісті киіз үйге орналастыру.

№1 – зат есім, №2 – сын есім, №3 – сан есім, №4 – етістік, №5 – есімдік,

№6 -  үстеу, №7 –, шылау №8 – одағай, №9 – еліктеуіш сөздер.

Өзін-өзі бағалау парағы.

5 сынып

Тапсырмалар

Мұғалімнің берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1 тапсырма Суретпен жұмыс

 

 

 

2 тапсырма

 

 

 

138 жаттығу (жазбаша)

 

 

 

140 жаттығу (ауызша)

 

 

 

142 жаттығу (жазбаша)

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

Бағалау критерийі: 25-30 ұпай – «5»,

18-24 ұпай – «4», 10-17 ұпай – «3»

6 сынып

Тапсырмалар

Мұғалімнің берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1 тапсырма

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

99 жаттығу

 

 

 

101 жаттығу (ауызша)

 

 

 

102 жаттығу (жазбаша)

 

 

 

100 жаттығу (жазбаша)

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

Бағалау критерийі: 30-35 ұпай – «5»,

25-30 ұпай – «4», 20-25 ұпай – «3»

Үйге тапсырма:

5 сынып.

143 жаттығу. «Мейірімді ана», «Дастархан басында» тақырыптары бойынша мәтін құрау.

6 сынып

103 жаттығу. «Ұлттық салт-дәстүрлер» тақырыбында қазақ салт-дәстүрі туралы шағын әңгіме жазу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз