Өлең, жыр, ақындар

Буын түрлері және Сан есімнен өткенді қайталау

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылы
А.Нұрманов атындағы негізгі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шаймағанбетова Салтанат Тұрсынбекқызы

Қазақ тілі пәнінен біріктірілген 5, 6 сыныптарға арналған бірпәндік сабақ жоспары

 

5 сынып

6 сынып

Сабақтың тақырыбы

Буын түрлері

Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Оқушыда дыбыс пен әріп туралы топтастырылған ұғым қалыптастыру, алған білімдерін кеңейту.

Сан есім туралы алған білімдерін тиянақтау.

Тәрбиелік мақсаты:

Сыйластыққа, адамгершілікке, кішіпейілділік пен ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Оқыту әдістері:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ажырату, салыстыру.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, математика.

Көрнекіліктер:

Балықтардың суреті, тірек сызбалар.

Сабақ барысы:

І. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

ІІ. Үй тапсыр- масын тексеру:

 

5 сынып                                                                                                            6 сынып

Сұрақ – жауап.

 

Буын дегеніміз не?

301 жаттығу. Мәтіндегі екі буыннан тұратын сөзді көшіріп жазу.

Сан есімнің түрлері қандай?

153 жаттығу. Мәтіндегі сан есімдердің жазылуы мен мағыналық түрлерін талдап беру.

ІІ Сараланған бөлім

1 тапсырма                                                  Оқулықпен жұмыс

5 сынып Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Ашық буын: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б.

 

Тұйық буын: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б.

Бітеу буын: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, т.б.

6 сынып. Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

140 жаттығу. Сан есімдерге морфологиялық талдау жасау.

                                         с.е                    с.е       ш.с

Тоғышардың баласы жиырма бес+те жаспын дер,

                                                   с.е     с.е   ІІІ    ш.с

Ораздының баласы он бес+і+нде баспын дер 

5 сынып.

 

6 сынып.

143 жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасау.

 

Мыс: он, бес – он-он бес, жиырма – жиырма шақты, он үш – он үш шақты

5 сынып.

303 жаттығу.  Мәтіннен буын жігі ауысқан сөздерді табу.

Мәтін кейіпкері Әл-Фараби туралы не білеміз?

6 сынып.

149 жаттығу. Мәтіндегі сан есімдердің тұлғалық, құрамдық, мағыналық түрін ажырату.

 

«Алтыбақан» қазақтың ұлттық ойыны.

5 сынып

307 жаттығу. Мәтіннен аралас буынды сөздерді тауып жазып, буын түрлеріне ажырату.

Тазалық сыры

Мәтіндегі барлық сөздің тек түбірін жазып, негізгі түбір мен туынды түбірлердің айырмашылығын айту.

308 жаттығу. Қарамен жазылған  сөздерді буынға бөлу.

6 сынып

Сөздердің құрамындағы сан есімдерді сөзбен жазып, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

 

6+бақан

дер+5

9+құмалақ

8+аяқ

1+жан

жел+90

 

«Балық аулауға барамыз»  ойыны.

Ойын шарты: Бір оқушы қармақпен балық аулайды. Қармаққа түскен балықта мақалдың бір жолы жазылған. Балық аулаған оқушы сол мақалдың жалғасын тауып айтуы керек. Ойын осылай жалғасады.

ІІІ  Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Бағалау критерийі

5 сынып   Тест сұрақтары.

1.Жуан дауысты жалғауларды анықта.

а) –ға, -қа                       б) –ге, -ке

ә) –пен, -бен                  в) –мен, -нен.

2. Жуан айтылатын сөзді тап.

а) көру   ә) айту      б) есту       в) сөйлеу

3. Қате жазылған сөздерді тап.

а) ойу   ә) қуу     б) тою      в) аққу

4. Сөздердің соңғы буынында дұрыс жалғанған қосымшаны белгілеңдер.

а) ауыл+дың                  б) жұмыс+ға

ә) ойыншы+қы              в) жүн+ден

6 сынып.   Тест сұрақтары

1.Сан есімді тап.

а) күшік,терек               б) бүгін, ертең

ә) елу, жетеу                  в) биыл, былтыр

2. Сан есім қай сөз табымен байланысады?

а) етістікпен                   б) сын есіммен

ә) зат есіммен                 в) сөйлеммен

3. Сан есімді көрсет.

а) қашық                   б) сан

ә) жетеу                     в) уақыт

4. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) жиырма                 б) жетінші

ә) бес                         в) он алты

Тест жауаптары тақтадан көрсетіледі.

Оқушылар өз жауаптарын өздері тексеріп, өзін өзі бағалайды.

Үйге тапсырма

5 сынып.

«Кемпірқосақ», «ойланбастан» сөздерінен буын сөздер құрастыру

6 сынып.

Құрамында сан есімі бар мақал –мәтелдер жазу және оларды жатқа айту.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз