Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№142 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Ембергенов Айдос Жолдасбайұлы
Тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші сабағы алгебра пәні бойынша зерттеуге алынған 8 - сыныбында өтілді. Бұл сыныпқа бұрыннан сабақ беретін болғандықтан психологиялық ахуалы маған таныс. Дегенменде жаңалықты бірден енгізу қашанда қиын. Орта мерзімді жоспарды басшылыққа ала отырып, төрт сабақтың қысқа мерзімді жоспары жасалды. Алдағы орындалатын іс-әрекеттер жайлы оқушылармен ой бөлістім. Оқушылардың барлығы менің ойымды қолдады. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта көптеген жұмыстар жүргізілді және ол ынтымақтастық атмосферасын құруға бірден-бір себепші болды.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеу және толымсыз квадрат теңдеулерді шешу» болды. Бүгінгі сабақтың мақсаты:
1. толымсыз квадрат теңдеулерді шешу туралы мағлұмат беру;
2. квадрат теңдеу түрлерін ажырата білу;
3. толымсыз квадрат теңдеулерді шешу жолдарын есептер шығаруда пайдалану.
Білім аясын кеңейту, жада аясын орнату үшін бірлескен әрекетте болу мақсатында сабақ ұйымдастыру кезеңінде сынып оқушыларын топқа бөлуден басталды. Топқа қалай бөлінді? Ол үшін қағаз (қызыл және көк) парақшалар стол бетіне орналастырылды. Оқушылар орындарынан тұрып келіп, қағаз қималары арқылы топтарға бөлінді.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде сыни ойлауын дамытатын жұптық жұмыс ұйымдастырдым. «Айна» әдісі арқылы екі жұп бірін–бірі тексерді. Жұптық жұмыс кезеңінде байқағаным әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде сыни ойлауын және сөйлеу дағдыларын дамытады. Сабақ барысында қандай да бір тапсырманы жоспарлағанда оқушы өз жұбында немесе топта пікір алмасу негізінде тақырып төңірегінде сыни ойлауын шоғырландырып, жаңа ақпаратпен бөлісіп, білімін талқылау барысында кеңейтіп отырады деп ойлаймын. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту мен оқу модулінің ой жүгірту теориясы бойынша талқылау сұрақтары берілді.
Осыдан кейін оқушылар «Кеңейтілген тапсырмалар» жұптық жұмысын орындады. Жұппен жұмыс жасау барысында оқулықтағы а,б деңгейлі есептер шығарылды. Тақтамен жұмыс жүргізу барысында аздаған қателіктер орын алды және олар бірінің көмегіне бірі сүйене отырып, тез арада жіберген қателерін жөндеді. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар жұпта орындай отырып, топта талқылады. Бұл жұптық жұмыстың ұтымды тұстарын байқадым: жоғарғы деңгейлі М оқушы мен орташа деңгейлі С оқушы біріге отырып жұмыс жасады, бірінің ойын бірі толықтырды. С оқушы есеп шығару барысында білмеген тұстарын жұбынан сұрай отырып есепті толық шығаруға үйренді және білімін толықтырды.
Жұптық жұмысты топта талқылап болған соң топтар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалады. Екі топ та бір-бірін бағдаршамның жасыл түсімен бағалап, жұмыстарына қанағаттанды.
Оқушылар «Джигсо» әдісі арқылы жоғарғы деңгейлі есепті топта талқыға салды. Екі топ та есептердің шартын ақылдаса құрды. Оларға бірінші жеке танысуға 3 мин, жұппен талқылауға 2 мин, топта ортаға салуға 3 мин уақыт берілді. Бұл жерде де мен топта жұмыс жасаудың оқушылар үшін тиімді тұстарын байқадым. Дәстүрлі сабақ процесінде көштен қалып отыратын, ойын ашық жеткізе алмайтын С, Қ оқушылар топтық талқыға араласып, өз қатарларымен пікір алмасып отырды. Жетекші оқушылардың ығында қалғаннан топта өздерін көрсетіп қалуды жөн көрді. Бұрын есепті шешімін таппай қалған жерінен тоқтап қалатын оқушылар топтық жұмыс барысында өзге оқушылар көмегімен есептің шешімін табатын жолдарын тауып, ілесіп отырды және өздеріне қажетті мағлұматтарын алды.
Өткен 1-ші, 2-ші сабақтарда оқушылар топтық жұмыс арқылы жаңа сабақпен танысып, тақырып бойынша есептер шығарған болатын. Кері байланыс кезінде оқушылар «Келесі сабақта басқа да тиімді әдістерді пайдалансақ, топпен жұмыс жасасақ» деген ұсыныстар жасаған болатын. Сол ұсыныстарын қанағаттандыру мақсатында оқушыларға топтық жұмыстарды ұсындым және кейін де ұсынсам деймін.
Өткен сабақта оқушылар арасынан көсбасшыны анықтау мақсатында «квадрат теңдеу» тақырыбында ізденіс жұмысын дайындауды ұсынған болатынмын. 3-ші сабақта М есімді оқушы өзінің тақырыпқа байланысты тарихи деректер топтамасын дайындап келіп, қалған оқушыларға таныстырды.
Сабақ соңында оқушылар «БББ» кестесі арқылы кері байланыс жүргізді. Кері байланыс бойынша өздерінің ой-пікірлерімен, алған білімдерімен, жүргізілген жұмыстардың тиімділігімен бөлісті. Ұсыныстарын да атап өтті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі